Мўсылмандардыѕ хиджабќа ќатысты



жүктеу 377.95 Kb.
бет3/3
Дата04.03.2018
өлшемі377.95 Kb.
1   2   3

Алтыншы күмән: «Иә, біз сіздермен келісеміз: мұсылман әйел хиджаб киюі керек, алайда тақуалық пен салиқалылық жүректе болуы керек, ал Аллаһқа бағынуды немесе бағынбауды әркім өзі шешуі керек, барлық нәрсе мына жерде (жүректе), жүрек таза болса болды».

Теріске шығару:

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, адамның денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса – бүкіл дене жақсы болады, ал жаман болса – бүкіл денені жаман қылады, әрі, ақиқатында, бұл кесек - жүрек». әл-Бухари және Муслим.

Тәннің салиқалы болуы жүректің салиқалы болуына тәуелді. Өйткені, анатомия және медициналық тұрғыдан да дәл жүректің өзі адамның денесіндегі ең маңызды мүше болып табылады.

Жүрек адам тірішілігінің сыртқы көрінісінің қайнар көзі болуы да әбден мүмкін, өйткені жүрек сау болып тұрса, ол дененің барлық мүшелерін үзіліссіз қанмен қамтамасыз етіп тұрады, ал бұл өз кезегінде адамның жалпы сау болуын қамтамасыз етеді. Бұл хадис «тақуалық мына жерде болуы керек» деп, қолымен жүрегін көрсетіп, ал өздері күнә жасайтын күнәхарларды теріске шығарады. Өйткені егер жүрек тақуа және салиқалы болса, сол тақуалық пен салиқалылық адамның сыртқы амалдарында да көрініс табады. Жүрегі таза адам күнә жасаудан, Аллаһтың тыйымдарын бұзудан барынша сақтанады. Ал егер де жүрек салиқалы және тақуа болмаса, адамның дене амалдарында да тақуалық пен салиқалылық көрінбейді, әрі ол: «жүрегім таза деп қойып», күнә жасауын да, Аллаһтың заңдары мен тыйымдарына мойынсұнбауын да, түрлі сылтаулар айтқан күйінде, жалғастыра береді. Жүрек дененің патшасы болғандықтан, егер сол патша салиқалы және ізгі болса, онда бүкіл халқын да ізгілік пен салиқалылыққа үндеп, соны талап ететіні сияқты, салиқалы жүрек те дене мүшелеріне жақсылық пен Аллаһқа мойынсұнуды бұйырады. Ал бұзық және Аллаһқа мойынсұнбаушы жүрек, бұзық және Аллаһқа мойынсұнбаушы патша халқына бұзықтықтар мен Аллаһқа мойынсұнбауды бұйыратыны және олардан соны талап ететіні сияқты, өзін алып жүрген денеге осы сияқты жамандықтарды бұйырады. Сондықтан да егер мұсылман әйел хиджаб киген болса, онда мұның өзі оның жүрегі Жаратушысынан және Раббысының бұйрықтарына мойынсұнбаудан қорқатын, тақуа екендігіне нұсқайды. Керісінше болғанда, яғни егер ол Аллаһ Тағалаға мойынсұнбаудан қорықпағанда, хиджаб кимес еді.

Ал хиджаб кимейтін мұсылман әйелге келер болсақ, оның жүрегінде тақуалық жоқ, ал бұл өз кезегінде оған Аллаһ Тағалаға мойынсұнуға жол бермейді. Ол Аллаһ Тағаладан Ол оның жүрегін тура жолға салуын тілеуі қажет. Сондай-ақ ол жүрегін бұзатын нәрселерден аулақ болуы да қажет. Өйткені жүрек күмәнның, күнәның және Аллаһ тыйым салған нәрселерді жеп-ішудің себебінен бұзылады. Барлық күнәлар, харам нәрселерді қарау және тыңдау да жүректі бұзады. Аллаһқа мойынсұнбай, күнә жасау да жүректі бұзады. Харамды жеп-ішу де жүректі бұзады. Сондықтан мұсылман адам жүректі салиқалы ететін барлық себептерді жасауға ұмтылуға міндетті. Ал салиқалылыққа қол жеткізуге келер болсақ, ол тек Аллаһ Тағаланың қолында.



Жетінші күмән: «Демек, хиджаб киетіндер - мұсылмандар да, ал кимейтіндер – мұсылман емес, яғни кәпір ме?»

Теріске шығару:

Аллаһ Тағала кез келген кемшіліктерден Пәк! Біз, Сүннеттің жақтаушылары, бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауариждер, рафидилер, қадарилер сияқты бидғаттың жақтаушыларынан айырықша, мұсылмандарды күпірлікте айыптамаймыз. Егер олардың жетеуі бір мәжілісте бас қосып жинала қалса, міндетті түрде бір-бірін күпірлікте айыптаудың себебінен таралып кетеді. Олар Аллаһ Тағала: «Яһудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», - деді. Христиандар да: «Яһудилер тура жолмен жүрмейді», - деді» (әл-Бақара, 113), - деп айтқан христиандар мен яхудилер сияқты.

Сондықтан да нағыз мұсылмандар мұсылмандарды олар үлкен күнәлар жасағандықтары үшін күпірлікте айыптамайды, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Мұсылманды күпірлікте айыптаушы, оны өлтірушімен тең!» әт-Табарани. Хадистің сенімділігін әс-Суюты және әл-Әлбани растаған. Қз.: «Сахих әл-джами’» 6269.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетінде тұратын, және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады да, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфа: “Уа, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын: айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?!” - деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», - деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббан, 81. Хадистің сенімділігін әл-Хайсами, хафиз Ибн Касир және шейх әл-Әлбани “әс-Сильсиля әс-сахихада” 320 растаған.

Алайда діннен шығармайтын үлкен күнә жасаушы мұсылман адам Раббысына мойынсұнбайтын және, егер Аллаһ Тағалаға тәубе келтірмесе, Аллаһтың жазасына лайықты күнәхар, пасық болады.



Жаратушыға мойынсұнбауда жаратылғанға бағыну жоқ

Мұсылмандардың: «Егер ата-аналар Аллаһтың әмірлерін орындауға тыйым салса, онда мұсылман адам ата-анасына бағынуы керек, өйткені Аллаһ оларға бағынуды бұйырды» - деген пікірлері қате болып табылады. Иә, мұсылман адам ата-анасына бағынуға және оларға жақсылық жасауға міндетті, өйткені мұны Аллаһ Тағала бұйырады. Алайда ата-ананың бұйрықтарын олар Аллаһқа мойынсұнбауды бұйырмаса ғана орындау керек. Ал егер олар Аллаһқа қарсы келуді бұйырса, онда мұсылман адам Жаратушысының әмірлерін бұзып, жаратылғандарға бағынуына болмайды.

Өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, мойынсұну тек ігі нәрселерде ғана». Бухари, 7145, Муслим, 184. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаратушыға мойынсұнбауда жаратылғанға бағыну жоқ», - деген. Сахих әл-Джами', 7520.

Мұсылман адам адамның бұйрығын Жаратушысының бұйрығынан жоғары қоюына болмайды, өйткені ол да - өзі сияқты, Жаратушысының әмірлерін орындауға міндетті Аллаһтың жаратылған пендесі ғана.

Әрі ең соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларының барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Аллаһ Тағала бізді ақиқатты естіп, оған ілесетіндерден етсін!

Дереккөзі: salaf-forum.ru

Дайындаған: Абу Сумайя

Қазақ тіліне аударған: Абу Тальха Науаи



Редактор: Д. Жасұлан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет