Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Ә.Әлібекұлының 2018 жылы округтің



жүктеу 61.38 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі61.38 Kb.

Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Ә.Әлібекұлының «2018 жылы округтің

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

округ тұрғындары алдындағы есебінің ТЕЗИСІ
Құмтоғай ауылдық округінде Құмтоғай, Қарасай, Қарақұдық ауылдары және мал қыстақтары орналасқан. Округтің аумағы 195 130 га жерді алып жатыр. Округ бойынша жалпы халық саны -1145 адам, оның ішінде Құмтоғай ауылы – 629, Қарақұдық ауылы – 291, Қарасай ауылы – 225 адам. Округтен көшіп кеткендер саны – 5 отбасы, 27 адам, көшіп келгендер саны – 3 отбасы, 14 адам. Аула саны -172. Жыл ішінде 30 нәрестенің туылуы (Құмтоғай-18, Қарасай-5, Қарақұдық-7), 6 адамның қайтыс болуы (Құмтоғай-4, Қарасай-1, Қарақұдық-1) тіркелді.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округтің негізгі өндірісі мал шаруашылығы. Округ бойынша 35 кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде 1 ЖШС, 20 шаруа қожалығы, 14 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Меншіктің барлық түрлері бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына округтегі мал басының саны 5033 бас мүйізді ірі қара, 25029 бас қой-ешкі, 2517 бас жылқыны құрады. Өндірілген өнім көлемі бойынша 14673 тонна ет, 16627 тонна сүт, 120400 дана жұмыртқа өндірілді. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында округтің шаруа қожалықтарымен 17 бас асыл тұқымды бұқа, 46 бас асыл тұқымды қошқар («Қуан» ШҚ – 10 бас, «Санымбай» ШҚ – 12 бас, «Қайым» ШҚ – 24 бас), 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды.

Ауыл шаруашылығын қолдау бағытында жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде «Ырғыз несие серіктестігі» арқылы «Қуан» шаруа қожалығы 12,0 млн теңгеге 37 бас жылқы, «Қайым» шаруа қожалығы 11,0 млн теңгеге 400 бас саулық қой, 25 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.

Округте шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың атсалысуымен 39796 тонна шөп дайындалып, уақытылы тасылды. Жеке тұрғындарды қысқы отынмен және мал азығымен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер арқылы көмір мен жем уақытылы жеткізіліп отыр.

Округтің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша «Алтын-Әсел» ЖШС 7,035 млн теңгеге ауыл шаруашылығы автокөліктерін (уаз, нива), «Төлебай» шаруа қожалығы 2,8 млн теңгеге 1 шөп тайлағыш (рулон пресс), «Бабаш» шаруа қожалығы 565 мың теңгеге шөп жинайтын тырма сатып алып, барлығы 10,4 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен (2017 жылы - 3,110 млн) салыстырғанда 3,5 есе артық орындалды.

Ақтөбе қаласында, аудан орталығында өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне округтің шаруашылық құрылымдары қатысып, өз өнімдерін халыққа арзан бағамен ұсынды.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша 14 жеке кәсіпкер тіркеліп, жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жеке кәсіпкерлер мал өсіру, жолаушылар тасымалдау, монша, сауда қызметтерін көрсетіп тұрғындарды қажетті азық-түліктермен, киім-кешектермен, тұрмыстық, шаруашылық заттармен қамтамасыз етуде. «Самара-Шымкент» тас жолы бойынан жеке кәсіпкер Үмбеталы Айсұлудың «Ұлы Дала» кемпингі салынып, өткен жылдың қыркүйек айында іске қосылды.

Тұрғын үй құрылысы. Округ бойынша тұрғындардың жеке қаражаты есебінен салынған 4 тұрғын үйдің құжаттары жасалып, 355 шаршы метр (инвестиция 33,831 млн) кірістелді.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция. Округте 2018 жылы жеке қаражат есебінен негізгі капиталға 131,431 млн. теңгенің (ауыл шаруашылығы саласы 10,4 млн, тұрғын үй саласы 33,831 млн, кәсіпкерлік саласы 87,2 млн) инвестициясы тартылды.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды кәсіптік оқытуға 1 адам (Жақсылық Айбат) оқытылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасымен 6 адам (тапсырма 7 адам), (Санымбаев Санат, Төлеуұлы Есет, Жангелді Дінмұхамед, Тұрмағанбетов Серік, Сүйінтаева Бақытгүл, Қарасартова Жадыра) кәсіпкерлік негізге оқып, оның ішінде 3 азамат 13 млн 125 мың теңге несие алып, өз кәсіптерін бастады.

Бағдарламаның үшінші бағытымен әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру бойынша «Қияқты» шаруа қожалығына 1 адам (Пірімжаров Жұмат), «Санымбай» шаруа қожалығына 2 адам (Әдетов Айдар, Абубакирова Елнур), «Досхан» шаруа қожалығына 1 адам (Сүйеубаев Ертай) тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 5 жұмыссыз және Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 19 студент, жастар практикасына 3 жас маман қатыстырылды.

Округ бойынша мемлекеттік жәрдемақы 10 отбасыға дайындалып, төленді. Тылда ауыр еңбек еткендер үшін 3 адамға (Мухамбеди Орынбасар, Әбдіғалиева Күләш, Тасмағанбетов Орақ) жеңілдіктер көрсетілді.

Абаттандыру мен көгалдандыру. Санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша ауылдық округ аумағында өткізілетін сенбіліктерге барлық мекеме, кәсіпорындар, тұрғындар атсалысты. Ауылдық округте жүргізілген көктемгі, күзгі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары барысында бюджет қаражаты есебінен барлығы 465 түп ағаш көшеттері сатып алынып, отырғызылды.

«Туған жерге - тағзым» акциясының аясында округте жалпы құны 7 млн 780 мың теңгенің жұмыстары жасалды. Кәсіпкер Х.Өтеуұлының демеушілігімен 1 млн 200 мың теңгеге ардагерлер үйінің бөлмесі жиhаздармен жабдықталды және Қарақұдық ауылынан 5 млн 350 мың теңгеге саябақ салынып, 200 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

«Қуан», «Бабаш», «Төлебай» шаруа қожалықтары басшыларының және мекеме-кәсіпорын қызметкерлерінің демеушіліктерімен көктем мезгілінде Құмтоғай ауылының кіре берісінің екі қапталына 300 мың теңгеге 300 түп ағаш көшеттері отырғызылып, айналасы қоршалды.

Акция аясында мектептерде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, әр жылғы мектеп түлектердің демеушіліктерімен Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебіне 390 мың, Қарасай жалпы білім беретін негізгі мектебіне 380 мың, Қарақұдық жалпы білім беретін негізгі мектебіне 90 мың теңгеге әр түрлі қажетті заттар алып берілді.

Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт саласы.

Округте 1 орта, 2 негізгі мектеп, 1 бөбекжай, 3 денсаулық сақтау мекемесі, 2 клуб, 2 кітапхана жұмыс жасайды. Әлеуметтік нысандардың көпшілігі электр энергиясымен жылытылады. Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебі мен Қарасай ауылындағы кітапханаға қатты отындар жаз мезгілінде толықтай жеткізілді. Барлық әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері қалыпты деңгейде жұмыс жасап тұр.

2018-2019 оқу жылында округтегі оқушылар саны - 236. (Құмтоғай ЖББОМ -133, Қарақұдық ЖББНМ – 57, Қарасай ЖББНМ -46). 2016-2017 оқу жылында 11 класты 11 оқушы бітірді. 1 мектеп түлегі Көкебай Нұрсұлу Абатбайқызы «Алтын белгі» иегері, 1 мектеп түлегі Маратқызы Айкөркем «Үздік аттестат» иегері атанды. Жоғары оқу орындарына 4 түлек, арнаулы орта оқу орындарына 7 түлек оқуға түсті.

«Мектепке жол» акциясы аясында (Құмтоғай ЖББОМ 7 балаға-35500 теңге, Қарақұдық ЖББНМ 6 балаға- 38000 теңге, Қарасай ЖББНМ 4 балаға 40000 теңге) мекеме қызметкерлері, кәсіпкер азаматтар жиналып, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына ақшалай, заттай көмектер көрсетті.

Округ көлемінде мерекелер қарсаңында мәдени, спорттық шаралар өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мамыр айында ауыл тұрғындарының демеушілігімен Қарасай ауылында ұлттық ат спорты (көкпар тарту, аударыспақ, жамбы ату, теңге алу) түрлерінен ашық турнир ұйымдастырылып өткізілді. Турнирге Ырғыз ауылдық округінен, көршілес Шалқар ауданының Шетырғыз, Жылтыр ауылдық округтерінен командалар келіп қатысты. Әр жылғы мектеп түлектерінің ұйымдастыруларымен округтің елді мекендерінде футболдан турнирлер өткізілді.

Салық базасын ұлғайту бойынша округте бірқатар жұмыстар атқарылды. Округ бойынша барлық салық түрлерінен 1899,0 млн теңге салық түсімі түсірілді Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотына 1943,0 млн теңге түсім түсті.

Коммуналдық қызмет. Округтегі елді мекендер толық электр энергиясымен қамтылып, электр жарығы тұрақты, уақытылы беріліп отыр. Өткен жылдың маусым айында округтің орталығындағы 134 ағаш бөрене тас бөренеге ауыстырылып, ұзындығы 16 000 метр бағана сымдары жаңартылды. Құмтоғай ауылында орталықтандырылған су құбыры тұрақты жұмыс жасап, ауыз су тұрғындарға үздіксіз, жеткілікті деңгейде берілуде. Елді мекендердің ауыз су құдықтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Пошта, байланыс жұмысы халыққа қалыпты қызмет көрсетуде. Мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, баспасөз басылымдары уақытында жеткізіліп тұрады. Зейнеткерлердің зейнетақысы мен жәрдемақылары, мекеме қызметкерлерінің жалақылары уақытылы төленіп, жеткізілуде. Тұрғындардың барлығы телефон байланысымен қамтылған. Ауылдағы барлық отбасылар сандық «Отау» телетаратқышын пайдаланып отыр.

Діни ахуал, қоғамдық тәртіп. Округ бойынша діни ахуал тұрақты және үнемі бақылауда. Бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуы мүмкін жағдайлар осы уақытқа дейін кездескен жоқ. Ауылдық округтегі діни ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыруда іс-шаралар жоспарының тиісті деңгейде орындалуы бақылауға алынып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды.

Округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші, қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет