Мухитдинов Нажметдин Баукеевич



жүктеу 4.52 Mb.
бет1/18
Дата11.10.2017
өлшемі4.52 Mb.
түріКнига
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



НАЖМИТДИН МУХИТДИНОВ
Избранные труды в девяти томах

Том седьмой


Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
Административная ответственность

за нарушения налогового законодательства

Алматы


2012
УДК 349.4

ББК 67.407

М92
Мухитдинов Нажмитдин

М 92 Избранные труды в 9 томах. – Алматы, 2012.

ISBN 978-601-278-285-1



Т.7.: Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

(Административная ответственность за нарушения налогового

законодательства). – Изд. 2-ое, доп. – 237 с.

ISBN 978-601-278 – 585-2


Составители и ответственные редакторы: д.ю.н., профессор, член Союза писателей Казахстана Е.О.Алауханов; к.ю.н., доцент А.А.Сейтжанов; д.х.н., профессор Б.А.Мухитдинова, к.ю.н., Juris Doctor A.Н.Мухитдинов; Master of Law Н.Н.Мухитдинов; PhD, Master of Law Е.Н.Мухитдинов.

В седьмой том включены учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С., Сман Б.У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік» (Административная ответственность за нарушения налогового законодательства). Алматы. 1999. 268 б; Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С. «Қазақша орысша салықтық құқықтық түсіндірме сөздік» (Казахско-русский налогово-правовой толковый словарь). Алматы. 1999.139 б., а также некоторые статьи по налоговому законодательству.


Для студентов, магистрантов и преподавателей юридических и экономических вузов и факультетов, а также юристов-практиков.

УДК 349.4

ББК 67.407

ISBN 978-601-278-585-2 (Т.7)

ISBN 978-601-278-285-1
©Мухитдинов Н., 2012
Книга рекомендована к печати Международным центром научных исследований и правовой экспертизы РК

Мухитдинов Нажмитдин Баукеевич, д.ю.н.,

профессор

МАЗМҰНЫ






САЛЫҚТЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК……………………………………

Кіріспе……………………………………………………………………….

Бірінші тарау. Әкімшілік жауапкершілік заңи жауапкершіліктің бір

түрі ретінде: маңызы және сипаттамасы………………………………….


§1 Мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес түрі

әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу, оның ерекшеліктері және

қолданылу мәселелері……………………………………………………..

§2 Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік

жауапкершілік: өздеріне тән ерекшеліктері, заңи

сипаттамалары, негіздері және түрлері…………………………………...

Екінші тарау. Салықтық заңдарды бұзғаны үшін

әкімшілік жауапкершілік: түрлері, негіздері және

сипаттамалы ерекшеліктері………………………………………………..

§1 Мемлекеттің салық салу аясы: салықтар және салық жүйесі,

олардың құқықтық негіздері, салықтық-құқықтық қатынастар

және салықтық заңдар…………………………………………………..…

§2 Қазақстан Республикасында салықтық заңдарды бұзғаны

үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік: құқықтық негіздері

және өзекті мәселелері……………………………………………………

Қорытынды………………………………………………………………..

Пайдалануға ұсынылған арнайы әдебиеттер…………………………….
ҚАЗАҚША-ОРЫСША САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК (Казахско-русский

налогово-правовой толковый словарь)..........................

№1 Қосымша.Нормативтік-құқықтық актілерден үзінділер..................

№2 Қосымша. Салықтық құқық курсы бойынша бағдарлама................
ПРОБЛЕМЫ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ

ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА О НАЛОГООБЛОЖЕНИИ В

ОБЛАСТИ НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЯ………………………………..…

5

7


10

-


18

42


-

92

123


126

133


181
221

231



















































МУХИТДИНОВ Н.Б., НАЙМАНБАЕВ С. М.,

СЕРИМОВ У. С., СМАН Б. У.

САЛЫҚТЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Алматы


1999

ББК. 67.99 (2) I Я73

М 92
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТ1К ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

Экономика және құқық институтының Ғылыми Кенесінің

шешімі бойынша заң оқу орындарының студеттеріне оқу

құралы ретінде ұсынылған.



Пікір жазғандар:

Бектұрғанов Ә.Е., заң ғылымдарының докторы, профессор

Жатқанбаева А.Е., заң ғылымдарының кандидаты
Мұхитдинов Н.Б., Найманбаев СМ., Серимов У.С., Сман Б.У.
М 92 САЛЫҚТЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК

ЖАУАПКЕРШІЛІК - АЛМАТЫ, 2011. -264 б.

ISBN 9965-01-396-9
Бугінде, жоғарғы және арнайы заң оку орындарында оқылатын «Әкімшілік құқық», «Салықтык құқық» пәндерінде «Әкімшілік мәжбүрлеу және әкімшілік жауапкершілік» және «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік» атты құрылымдық институттары бар екенін білеміз. Сонымен қатар осы аталған институттар оку процесіне арнайы курс ретінде енізіліп, зерделенуде.

Назарларыңызға ұсынылған осы кітапта әкімшілік құқық бұзушылықтың, әкімшілік мәжбурлеудің және әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық табиғаты мен өзекті негізгі теориялық мәселелері ашылып көрсетілген, сондай-ақ заңдарда салықтық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершіліктердің, олардың ішінде әкімшілік жауапкершіліктің қолданылу негіздері мен механизмдеріне, мәжбурлеу шаралары жүйесін және өзекті проблемаларына айрықша көңіл бөлініп, қарастырылған.

Кітап жоғарғы және арнайы заң оку орындарының студенттері мен аспиранттарына және окытушыларына, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілің проблемаларының тұңғиығына тереңдегісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.

ББК 67.99 (2)4 Я 73

М 1203020200

00(05)-994

ISВN 9965-01-396-9 © Мұхитдинов Н.Б., Найманбаев С.М.,

Серимов У.С., Сман Б.У., 1999.



Кіріспе
Құқықтық реттеу аясында, құқықтық ғылымда және заңи практикада “жауапкершілік” термині құқықтық қатынас субъектілерінің әр тұрғыдағы өз арақатынастарын айқындау, сондай-ақ әр алуан бірақ бір-бірімен тығыз байланысқан заңи құбылыстарды сипаттау мақсатында қолданылады. Заңи жауапкершілікті құқық аясындағы жүріс-тұрыс пен оның әлеуметтік құндылығын; құқық субъектісінің құқықтық әмірлі талап шегінде әрекет ету міндетін; қоғам мен жеке тұлғаның арасындағы өзара байланыс пен бағыныштылықты сипаттайтын қоғамдық қатынастар деп тануға болады. Ғылымда қалыптасқан дәстүрлі көзқарастар бойынша, заңи жауапкершілік құқық бұзушылық үшін жеке белгіленетін және құқық бұзушының жеке басына, мүлкіне, қызметіне байланысты қолайсыздық, яғни келеңсіз жағдай туындауын көрсететін, жазаға тарту түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары болып саналады.

Демек, жауапкершілік – мәжбүрлеудің бір түрі болса, ал жауапкершілік –мәжбүрлеу шараларының ерекше түрі болып табылады.

Заңи жауапкершілік өзіне тән мына келесідей айрықша белгілермен сипатталады:

1. заңи жауапкершілік – тек құқықтық сипаттағы жауапкершілік болғандықтан, құқықтық нормаларда бекітіледі және құқық қолдану механизмдері арқылы іс жүргізу нысанында жүзеге асырылады;

2. заңи жауапкершілік шараларын қолдану – құқық бұзушының құқықтық зардап шегуіне әкеп соқтырады;

3. заңи жауапкершілікке тарту – құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану болып табылады;

4. заңи жауапкершілік – мемлекет тарапынан мәжбүрлеуге ұшырату болып саналады.

Мемлекетімізде әрбір адам өте зор конституциялық азаматтық құқықтарға ие болып қана қоймай, сонымен қатар тиісті міндеттерге де ие болатыны баршаға мәлім. Осы міндеттердің ең бастысы – азаматтың заң талаптарын бұлжытпай орындауға, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға саналы түрде атсалысуы. Конституция бойынша әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын, мемлекеттің рәміздерін құрметтеуге, белгіленген салықтарды төлеуге, ҚР қорғауға және әскери қызмет атқаруға, табиғатты сақтауға міндетті. Осыған орай, мемлекеттік уәкілетті органдардың атқаратын басты міндеті – өз аумағындағы азаматтардың заңдар мен қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауларын қамтамасыз ету, яғни құқық бұзушылықтарға әкімшілік тосқауыл қою. Қазіргі таңда әкімшілік заңдардың одан әрі дамуы, олардың тәрбиелік мәнінің артуы, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының пәрменді жүргізілуі тек уәкілетті органдардың жұмысын ғана жандандыруды қажет етіп қоймай, сонымен қатар бүкіл әкімшілік юрисдикциялық жүйедегі органдардың жұмыстарының да ойдағыдай орындалуын талап етеді. Әсіресе құқық бұзушылық фактілерін дер кезінде көре біліп, оның қылмысқа ұласпай тұрған шағында тыйым салу, кінәлі адамдарға әділ жаза қолдана білу және жаза қолдану барысында адамды тәрбиелеу жұмыстарына аса көңіл бөлу қажет.

Республикамыздың әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде осы саладағы заңдар бір жүйеге келтірілген. Кодексте қандай әреқеттердің немесе әрекетсіздіктің әкімшілік құқық бұзушылыққа жататындығы, оған қандай жазалар қолданылатындығы, сол жазаларды қолдану және орындау тәртіптері нақтыланып, сараланып көрсетіліп отыр.

Дегенмен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің өмірде қолданылуына көптеген қиыншылықтар туғызатын осал тұстары да жоқ емес. Бұл, әсіресе, осы кезде қызу қарқынмен жүріп жатқан нарық процестеріне орай қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістермен де тығыз байланысты.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер, мемлекетіміздің егемендік алуы, қоғамның демократиялық жаңаруы, жекешелендіру саясаты, нарықтық экономикаға бет бұру, мемлекеттік және ұжымдық меншіктермен қатар жеке меншіктің де өркендеп өріс алуы, бүкіл әкімшілік заңдар жүйесін қоғамдағы әртүрлі реформаларға байланысты қайта қарап отыруды қажет етеді.

Негізінде, осы әкімшілік жауапкершілік мәселелері – 1980 жылдардың аяғына таман тереңдетіле зерттеліп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде әкімшілік жауапкершілік көзделген заңдардың сапасы мен тиімділігін ғылыми тұрғыдан қарастыру қолға алына бастаған болатын.

Көп жылдар бойы әкімшілік құқық бұзушылықпен күрес жүргізу барысында әкімшілік жауапкершіліктің айтарлықтай тиімді қолданылып келгені белгілі. Осы әкімшілік жауапкершіліктің рөлі біртіндеп өсіп, сексенінші жылдардың ортасынан аса, ғылыми негіздеулерге байланысты одан әрі шыңдалып, күшейген болатын. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекеттердің тізбесі күрт ұлғайып, оларды жасағандарға қолданылатын санкциялар саны көбейіп, қатаңдатыла түскен еді.

Әкімшілік жауапкершілік заңи жауапкершіліктің ерекше түрі болғандықтан, оған заңи жауапкершіліктің айрықша белгілерінің бәрі тән болады. Бірақ, бұл жерде айта кететін бір жәйт, әкімшілік мәжбүрлеудің құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік жауапкершілік өзіндік арнайы белгілерге де ие.

Сол белгілерді талдау кезінде әкімшілік жауапкершіліктің мына негіздерін бөліп шығаруға болады: осы аяны реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі; әкімшілік санкциялармен қорғалатын құқықтық әмірлі талаптарды бұзатын нақты субъектінің әрекеті (әкімшілік құқық бұзушылық) үшін жаза белгілеу жөніндегі уәкілетті субъектінің актісі.

Нақты жауапкершілікке тарту үшін осы негіздердің, оның ішінде, әсіресе, міндетті талап-қағидалар (ережелер) мен оларды орындамағаны нақты әкімшілік құқық бұзушылық үшін санкция белгілейтін құқықтық норманың болуы әбден қажет.

Бүгінде осы әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық тәртіпті сақтау аясындағы рөлінің күшейіп, оған айтарлықтай көңіл бөліну себебіне мына келесідей факторларды жатқызуға болады:

1. Нарықтық экономиканы дамыту барысында пайдаланылатын ғылыми-техникалық жаңалықтар нәтижесінде адамдар мен заңды тұлғаларға, мемлекеттік билік институттары мен қоршаған ортаға қатысты келеңсіз жайлардың туындау мүмкіндігіне немесе туындауына байланысты оларды қорғау;

2. Экономикалық түрлендірулер, монополияға қарсы күрес жүргізу, салықтық, кедендік және банктік қызметтерді жүзеге асыру аяларындағы нарықтық және құқықтық қатынастарды қорғау.

Негізінде мемлекеттегі қандай да болмасын заңдардың талаптарын бұлжытпай орындау – қоғам мен мемлекетке әрқашанда тиімді болып келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауын әрі сақталуын қамтамасыз етеді. Міне, осыған байланысты салықтық заңдардың (законодательство) талаптарын өте дәл және мүлтіксіз орындау қажеттілігі күн тәртібінде тұрақты тұратын мәселелердің аса маңыздысы болуға тиіс. Салық қаржыларды айтарлықтай деңгейде қалыптастыратын түсім көздері екенін әрдайым есте сақтауымыз қажет. Салықтық Заңдардың талаптары ойдағыдай орындалса, не болмаса атқарылса, онда мемлекет пен қоғамға қажетті қаржылардың жеткілікті көлемде қалыптасқаны жөнінде нық сеніммен айта аламыз. Ал салықтың мемлекет кірісіне дер кезінде және толығымен енгізіліп отырылуы салықтық заңдардың мүлтіксіз орындалғанын білдіреді.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің мызғымас бөлігі мен жарқын көрінісі – әкімшілік жауапкершілік те мемлекеттің салық салу аясындағы салықтық заңдардың әмірлі талаптарының бұзылмауына, ал бұзылған жағдайда келтірілген зардапты жоюға, құқық нормаларының қалпына келтірілуіне атсалысады.

Осы зерделеу-зерттеу тақырыбының мақсаты қазіргідей өтпелі кезеңде мемлекет пен қоғамның материалдық негіз-тірегі – бюджет қаражаттарын қалыптастырудың қайнар түсім көзі салықтар мен өзге де міндетті төлемдер жөніндегі заңдардың талаптарын бұзғаны үшін уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан қолданылатын әкімшілік жауапкершіліктің өзекті мәселелері мен келелі проблемаларын талдап, ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми тұрғыдан негіздеу және алынған нәтижелерді іс жүзінде қолдану жөніндегі жолдар мен тәсілдерді қарастыру болып табылады.

Жұмыстың желісі екі бағытта жүргізілген зерттеулерден тұрады:

1. Әкімшілік мәжбүрлеудің және әкімшілік жауапкершіліктің теориялық проблемаларын зерделеу-зерттеу, сондай-ақ жаңаша тұжырымдар мен қорытындылар жасау;

2. Салықтық құқық бұзушылықтар, яғни салықтық заңдарды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік шараларының тиімділігін және басқа да өзекті мәселелерін талдап зерттеу арқылы сипаттамасын беру, сондай-ақ ғылыми және құқықтық негізделген ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Бірінші тарау. Әкімшілік жауапкершілік – заңи жауапкершіліктің бір түрі ретінде: маңызы және сипаттамасы
§1 Мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес түрі – әкімшілік құқықтық мәжбүрлеу, оның ерекшеліктері және қолданылу мәселелері.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір сатысы мемлекеттік билік, құқық жүйесі, басқару әдістері және тағы басқаларының қалыптасу негізін құрайды. Мемлекеттік қызметтерді басқару – атқарушы қызметті жүзеге асыру, тәртіпті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, адамдардың санасы мен іс-қимылына, жүріс-тұрыстарына мақсатты түрде бағытталған тәсілдердің көмегімен ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Бұрын да, қазіргі кезде де басқару және атқарушы билік аясында мемлекеттік басқарудың әмбебап тәсілдері ретінде сендіру және мәжбүр ету әдістері қолданылуда. Сендіру және мәжбүрлеу – мемлекеттік басқарудың әдістері ретінде – қоғамдық құбылыс болып саналады. Өйткені олар нақтылы қоғамдық қатынастардың қатысушысылары арасындағы байланыс сипатында көрініс табады. Осы әдістер басқару процесіне өте қажетті мемлекеттің ұйымдастырушы ықпалының тәсілдері жүйесін көрсетеді және олардың қоғам өмірінде алатын орны ерекшеленіп тұрады.

Сендіру және мәжбүрлеу әдістерінің әлеуметтік қажеттілігі мен тиімділігі былайынша айқындалады:

1. Қоғамдық дамудың қазіргі кездегі жалпы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарымен шартталады;

2. Қоғамдық дамудың экономикалық және саяси мұқтаждығына, өмір, замана талабына қаншалықты дұрыс жауап беретініне және әлеуметтік жағынан дәлме-дәл көрсете алатынына тәуелді болады;

3. Демократиялық, құқықтық немесе басқаша болуы мүмкін мемлекет пен қоғамның жағдайындағы сендіру және мәжбүрлеу арақатынасына негізделеді.

Мемлекет сендіру әдісін азаматтардың құқықтық актілерде көрсетілген бұйрықтар мен талаптарды саналы түрде және адал ниетпен орындаулары мақсатында қолданады. Сендіру әдісі жеке адамның мүддесіне қысым жасамайды, ол (мүдде) мызғымас күйінде қала береді. Бірақ бұл әдіс мемлекеттік биліктің еркіне сәйкестендіріліп, керекті мінез-құлықтар қалыптастыруына жағдай жасайды. Сендіру өзінің маңызы жағынан әртүрлі пішінде көрінсе де, оны дәлме-дәл анықтау немесе толық регламенттеу мүмкін емес. Оның маңызы көпшіліктің өз саяси, тәжірибелік, ұйымдастыру және басқа да жұмыстарын қалыптастыруларында; мемлекеттік актілердің маңызын түсіндіруде; қоғамға жат қылықтарды сынауда; мадақтау-марапаттау жүйелерін кең көлемде қолдануда1.

Сенім – құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті оқып білу және заңдарды зерделеу процесінде қалыптасады. Сонымен сендіру деп – мемлекеттің адам сана-сезіміне тәрбиелік, түсініктемелік, мадақтау және марапаттау шараларын қолдану арқылы ықпал ете отырып, олардың саяси, құқықтық мәдениеттерін қалыптастырып, жетілдіру мақсатын, сондай-ақ азаматтар мен басқа да тұлғалардың белгіленген тәртіпті, қоғамдық және құқықтық нормаларды сақтауларын көздей отырып жүзге асырылатын әдісті айтамыз.

Сендіру, қоғамымыздың сан алуан салаларындағы мәселелерді шешу әдісі ретінде, егемен мемлекетімізді нарықтық, демократиялық етіп қайта құру кезінде экономикалық, саяси, идеологиялық және басқа да аяларда өзінің әрі қарай жаңаша қалыпта дамуын жалғастырып отыр2.

Бір өкініштісі, біздің мемлекетімізде (тек біздің емес, басқа да мемлекеттерде) құқық бұзушылықтарды жалғыз сендіру шараларын қолдану арқылы жою әзірге мүмкін емес.

Сол себепті қоғамға жат келеңсіз көріністермен күресу, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік, жеке, ұжымдық және басқа меншіктерді қорғау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары өте қажет. Мәжбүрлеу қоғамдық дамудың объективті мұқтаждықтарымен шартталады және тікелей ықпал ету объектісіне байланысты: нақты, жеке тұлғаға қолданылатын, сондай-ақ психикалық мәжбүрлеу болып бөлінеді.

Мәжбүрлеудің мақсат-бағыты – нақты құқық субъектілерін белгілі бір әмірлі талаптарды сақтауға, орындауға немесе белгілі бір әрекеттер мен іс-қимылдарды жасамауға күштеп, еріксіз көндіру. Сондықтан осы әдісті қолдану субъектілердің еркіне кереғар келеді. Мемлекеттік мәжбүрлеу әрқашанда құқықтық мәжбүрлеу нысанында болады және құзыретті мемлекеттік органдар қолданатын нақты мәжбүрлеу шаралары түрінде көрініс табады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қатарына мыналар жатады: заңи жауапкершілік (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік азаматтық, экономикалық (қаржылық)) шаралары; бұлтартпау (жедел тыю) шаралары; мәжбүрлеу сипатындағы әкімшілік-алдын алу (ескерту) шаралары.

Мәжбүрлеу мына келесідей кейбір белгілермен сипатталады:

1. ол әрқашанда құқықтық мәжбүрлеу болып табылады және жалпы құқықтық қағидаттарға бағынышты (тәуелді) болады;

2. құқықтық жағынан қатаң негізделіп, қолданылады;

3. нақты мәжбүрлеу шараларын қолдану белгіленген рәсімдерді, тәртіпті және құқықтық талап-негіздерді есепке ала отырып жүзеге асырылады;

4. мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде барлық қойылатын талаптарды орындау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келмеуін және қоғам мен мемлекет мүддесінің сақталуын кепілдендіреді.

Осы мемлекеттік мәжбүрлеу құқықтық мәжбүрлеу нысанында көрініс табады және мына өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады:

1. құқықтық мәжбүрлеу шарасын қолдану – азаматтық немесе лауазымды тұлғаның құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауына байланысты жүзеге асырылады және теріс қылықтар – құқық бұзушылық болып саналады;

2. құқықтық мәжбүрлеу шаралары нақты құқық субъектілеріне – заңды тұлғалар мен лауазымды адамдарға қолданылатын құқықтық санкцияларды шығару арқылы жүзеге асырылады;

3. мәжбүрлеу шарасын тек мемлекеттік уәкілетті органдар мен олардың лауазымды адамдары қолдана алады.

4. мәжбүрлеу шаралары тек құқықтық нормалармен негізделген жағдайда ғана қолданылады.

Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу кезінде олардың ешбір дәлелсіз, негізсіз қолданылмауына, тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталып, қорғалуына аса назар аударылады.

Осы мемлекеттік мәжбүрлеудің айрықша дербес түрі – әкімшілік мәжбүрлеу болып есептелінеді және оның бағдар-бағыты, негізінен, мемлекеттік басқару аясында туындайтын қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Демек әкімшілік мәжбүрлеуді айтарлықтай дербес мәжбүрлеу түрі деп айтуға тұрады.

Сонымен осы әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады:

1. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің айрықша түрі болғандықтан, өктем-мәжбүрлеу сипатында көрініс табады;

2. Олар құқықтық мәжбүрлеу сипатында болады;

3. Әкімшілік мәжбүрлеуді тек арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қолдана алады;

4. Әкімшілік мәжбүрлеудің мәні адамдардың сана-сезімі мен жүріс-тұрыстарына сырттай психикалық және жекелей мемлекеттік-құқықтық ықпал ету, яғни жеке басқа байланысты, ұйымдастыру немесе мүліктік сипаттағы өте қолайсыз жағдайларға ұшырату;

5. Әкімшілік мәжбүрлеу соттан тыс қолданылуымен ерекшеленеді және оны қолдану тек арнайы заңи негіздер болғанда ғана жүзеге асырылады;

6. Әкімшілік мәжбүрлеу тек жеке тұлғаларға – ҚР азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға ғана қолданылып қоймай, сонымен бірге заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады;

7. Әкімшілік мәжбүрлеу тиісті құзыретті органдар мен лауазымды адамдар тарапынан құқық бұзушылықты жедел тыю мақсатында қолданылады;

8. Әкімшілік мәжбүрлеу арнайы қорғалатын әкімшілік-құқықтық қатынастар аясында жүзеге асырылады, сондай-ақ оны қолданудың іс-жүргізу тәртібі қарапайымдылығымен, үнемділігімен және шапшаңдылығымен ерекшеленеді.

Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық жауапкершілік ұғымын қамтығанымен, онымен шектеліп қалмайды. Себебі қандай да болмасын мемлекеттік органдар қолданатын мәжбүрлеу шараларының бәрі бірдей заңи жауапкершілік қатарына жатпайтынын айта кетуіміз қажет.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары өте көп және әралуан болып келеді. Олар мақсаттары, негіздері және қолданылу тәртіптері бойынша ерекшеленгендіктен топтастыруға қолайлы жағдай туындатады.

Осыған орай әкімшілік мәжбүрлеуді мына келесідей топтарға бөлуге болады:

1. Әкімшілік-алдын алу (ескерту) шаралары;

2. Әкімшілік-жедел тыю (бұлтартпау) шаралары;

3. Әкімшілік жауапкершілік шаралары;

4. Әкімшілік-процессуалдық қамтамасыз ету шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары – негізінен, құқық бұзушылықтың алдын алуға немесе келеңсіз жағдайлардың туындауын болдырмауға бағытталған. Ал егер де құқық бұзушылық орын алған жағдайда, оның мақсаты – сол құқық бұзушылықты жою, тыйып тастау болып табылады. Тек содан кейін құқық бұзушыны жазалау қажеттілігінің туындауы мүмкін.

Бұл жерде әкімшілік жазалау тағайындау – құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады, ал ескерту, алдын алу, жедел тыю сипатындағы әкімшілік шаралар құқық бұзушылықтың болу-болмауына қарамастан қолданылады.

Жоғарыда аталған әкімшілік алдын алу шараларын қолдану, тұлғалардың өздеріне жүктелген құқықтық міндеттерді бұзу фактілеріне байланысты болады.

Бірақ, осыған орай айта кететін бір жәйт, қоғамдық немесе жеке мүдделерге қауіп төндіру не болмаса залал келтіру тек құқық бұзушылықтың салдарынан ғана емес, сонымен бірге төтенше жағдайлардың, табиғи дүлей апаттардың және т.б. негізінде пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекет алдын алу, ескерту шараларын құқықтық нормаларды бұзбаған, кінәлі емес тұлғаларға қолдануға мәжбүр болады.

Құзыретті органдар заңда көзделген жағдайларда жаңағы тұлғалардың құқықтарын шектейді. Мәселен, ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалардың белгілі бір санаттарына әкімшілік қадағалау белгілеумен айналысады.

Мемлекеттің осы қорғаштау шараларының басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңды міндеттерді орындаудан жалтаруды болдырмау және т.б. болып табылады. Демек, әкімшілік алдын алу шараларын колданудың негізі тек құқық бұзушылық емес, сонымен бірге адамның іс-қимылына байланысты немесе оған қатысы жоқ, заңда белгіленген айрықша жайлардың туындауы болып саналады. Осы жайларға аварияларды (апаттарды), су тасқындарын, індеттерді (эпидемияларды), жануарлар індетін (эпизоотияларды), өрттерді, қылмыстық іздестірулерді және т.б. жатқызуға болады.

Заңдарда атқарушы органдардың мынадай мәжбүрлеу шараларын: карантин, иеліктен алу (реквизиция), жүктерді мәжбүрлі тексеру және тағы басқаларын қолдану жөніндегі заңи-өктем уәкілеттіліктерін белгілеумен қатар осы шараларды жүзеге асыру тәртібі де айқындалады3. Осыған орай әкімшілік алдын алу шараларына тән қасиет – олардың айқындалған алдын алу бағыт-бағдары деп тұжырымдауға болады.

Осы шараларды мемлекет тарапынан пайдалану кезінде зиянды, залалды, зардапты және қауіпті жағдайларды болдырмау, алдын алу, тыю жайлары ескеріледі, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды қорғау көзделеді. Жоғарыда айтылғанды тұжырымдасақ, әкімшілік-алдын алу шараларын құқықты шектеу сипатына және тікелей бағыттарына байланысты мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Тиісті субъектілердің өз міндеттерін орындаудан жалтаруларын болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар;

2. Қатерлі, зиянды, кейде өте ауыр жағдайлардың туындау қаупін болдырмау бағытында жүзеге асырылатын шаралар;

3. Әкімшілік теріс қылықтармен қоса қылмыстардың да алдын алуға бағытталған шаралар;

4. Қоғамдық қауіпсіздікті және тағы басқа жайларды қорғау, қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін емдеу-алдын алу сипатындағы шаралар.

Кейбір кездерде, қоғамдық қатынастарға тікелей кауіп төндіретін және зиян келтіретін кенеттен пайда болған құқық бұзушылықтарды яғни құқықтық әмірлі талаптарды бұзатын іс-қимылдарды шапшаң тыю мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен әкімшілік шапшаң тыю немесе тыйып тастау шараларын қолдану негіздері мыналар болып табылады: 1. құқық бұзушылық жасау; 2. нақты құқыққа қайшы әрекеттің жасалуы немесе құқыққа қайшы қатерлі жағдайлардың туындауы.

Осыған байланысты шапшаң тыю шаралары жедел және тиімді қолданылу қажеттілігімен шартталады. Реті келгенде осы шаралардың мына келесідей түрлерін атап өтейік: құқық бұзушыларды әкімшілік ұстау; ақаулы машиналар мен механизмдерді жүргізуге тыйым салу; санитарлық ережелерді бұзған кездерде дүкендердің немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыстарын тоқтатып тастау.

Қысқаша түқжырымдасақ, әкімшілік шапшаң тыю шараларының4 мәні азаматтардың, лауазымды тұлғалардың, кәсіпорындар мен мекемелердің және ұйымдардың белгіленген тәртіпті бұзатын құқыққа қайшы әрекеттері мен қызметтерін мәжбүрлі түрде тыйып, тоқтатып қою.

Әкімшілік тыйып тастау шаралары әралуан болғандықтан мына келесідей бірнеше түрлерге топтастырылады:

1. құқық бұзушының тікелей, жеке басына байланысты қолданылатын шаралар: әкімшілік ұстау (кідірту); полицияға әкелу; құқыққа сай емес әрекетті тоқтатуын талап ету; күш көрсету арқылы ықпал ету. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, айрықша немесе төтенше жағдайларда жеке басқа (тұлғаға) байланысты мына шаралар қолданылуы мүмкін: атылатын қаруды қолдану; қол кісендерін, су шашқышты, резеңке таяқшаларды, көзден жас ағызатын химиялық заттарды пайдалану.

2. құқық бұзушыға қолданылатын мүліктік сипаттағы шаралар: рұқсатсыз салынған немесе тұрғызылған үй-жайлар мен қора-қопсыларды бұзу (қирату); атылатын аңшылық қаруды тәркілеу;

3. дәрігерлік-санитарлық сипаттағы шаралар: санитарлық жағдайы нашар (төмен) қоғамдық тамақтандыру немесе сауда-саттық кәсіпорындарының жұмыстарын тоқтатып қою; жұқпалы ауруы бар деп табылған адамдарды жұмыстан шеттету;

4. техникалық сипаттағы шаралар: ақаулы көлік құралдарын жүргізуге тыйым салу; техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзған кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтатып қою; қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталмаған жағдайда көшелер мен жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу, құрылыс жұмыстарына шектеу қою немесе тоқтатып тастау;

5. лицензиялау-рұқсат беру қызметтерін жүзеге асыруға байланысты шаралар: лицензия беруден бас тарту; лицензия беруді тоқтатып қою немесе берілген лицензияның күшін жою (алып қою); лицензияланатын белгілі бір қызмет түріне лицензия беруден бас тарту;

6. қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға байланысты шаралар: бюджеттен қаржыландыруды қысқарту; қаржылық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны қайтып алу; несиелеуді тоқтату; қаржылық заңдарды, қаржылық тәртіптерді бұзу нәтижесінде кәсіпорындар мен ұйымдар тапқан сомаларды бюджет кірісіне мәжбүрлеп алып қою.

Әкімшілік тыйып тастау шаралары әкімшілік жауапкершілік шараларымен тығыз байланыста болады және көбінесе алдымен қолданылатындықтан әкімшілік жауапкершілікті іс жүзінде жүзеге асыруға жағдай туғызады.

Енді жиі қолданылатын кейбір әкімшілік шапшаң тыю шараларына қысқаша сипаттама берейік.

Әкімшілік ұстау (кідірту) шарасы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жүріс-тұрыстары мен бас бостандықтарын аз уақытқа шектеу түрінде қолданылады. Мысалы, үш сағат көлемінде, кейбір заңда көзделген аса қажет жағдайларда, үш тәулікке дейін болуы мүмкін5. Сонымен әкімшілік ұстау тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана жүзеге асырылуға тиіс. Бірақ кейбір жағдайларда жүйкесі ауыратын ауруларды және жасөспірімдерді қоғамдық орындарда немесе өздеріне байланысты қауіп төндірілетіндіктен ешбір негізсіз, яғни құқық бұзушылық жасамаса да ұстауға болады.

Мына келесідей жағдайларда әкімшілік ұстауды жүзеге асыруға жол берілмейді:

1. әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту немесе айыппұл төлету түріндегі жаза белгілеуге негіз бар болған жағдайда;

2. әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты болған, жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтауға және хаттама жасауға мүмкіндік болған жағдайда;

3. әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы онша елеулі болмаған және оны басқа жолдармен тыюға болатын жағдайда.

Жеке басты тексеру және тауарлар мен жүктерді тексеру-тінту шаралары мына жағдайларда жүзеге асырылады:

1. тұлғаны әкімшілік құқық бұзушылық жасау үстінде немесе оны жасағаннан кейін ұстаған жағдайда;

2. техникалық бақылау құралдарының көрсетулері болған жағдайда;

3. көрген адамдардың нақты тұлғаны құқық бұзушы ретінде көрсетулері кезінде;

4. тұлғаның киімінде немесе заттарында қалдырылған іздер түріндегі құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда.

5. тексеру-тінту заңда тікелей көзделген жағдайда.

Әкімшілік тексеру-тінтуді жүзеге асырудың мәні азаматты не болмаса оның мүліктері мен заттарын мәжбүрлі түрде қарап тексеру барысында құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып табылатын құжаттар мен заттарды, сондай-ақ басқа да мүліктерді табу және алып қою, жеке бастың-тұлғаның кім екенін анықтау болып саналады.

Жеке басты тексерудің мәніне рұхсатнамалық режимді жүзеге асыратын қызметкерлердің азаматтарды және олардың заттарын тұрақты бақылау құралдарының көмегімен сырттай тексеру жөніндегі іс-қимылдары жатады. Осы тексеруді жүргізуден бұрын уәкілетті органдар құқық бұзушылық жасағаны жөнінде мәлімет бар тұлғаға өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың тікелей құралы болып табылатын мүліктер мен заттарды қарап көрсетуге (тексеруге) тапсыруға ұсыныс жасайды. Жеке басты тексеру арнаулы бөлмеде немесе басқа да жерлерде, екі куәгердің қатысуымен соған уәкілеттілігі бар тұлғаның тарапынан жүзеге асырылады. Тексеру кезінде тексерілетін тұлғаға байланысты – осы тұлғаның, тексеретін адамның және екі куәгердің бір жынысты болуы шарт.

Тексеру-тінту кезінде заттар мен мүліктердің дұрыс сақталуына (жоғалып кетпеуіне, бүлінбеуіне) аса көңіл бөлініп, қамтамасыз етіледі және олар екі куәгер мен иесінің көзінше тексеріледі. Осы аяда зор уәкілеттілікке ие болғандар милиция және полиция қызметкерлері болып саналады.

Жеке басты, заттарды және көлік құралдарын тексерудең өткізгеннен кейін уәкілетті органдар хаттама жасайды немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің хаттамасында, не болмаса әкімшілік ұстау жөніндегі хаттамада тиісті жазбаша түсініктеме жазылады.

Уәкілетті органдар жасаған хаттамаға тексеруші және екі куәгер қолдарын қояды.

Құқық бұзушылықтың құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын заттарды не болмаса құжаттарды заңда белгіленген тиісті органдардың лауазымды қызметкерлері алып қояды. Алып қойылған заттар мен құжаттар істер қаралғанға дейін сақталады. Кейіннен осы істердің қарастырылу нәтижесіне байланысты заттар мен құжаттар белгіленген тәртіп бойынша тәркіленеді, жойылады немесе иесіне қайтарылады. Ал құны өтеліп алынған зат болса сатылады немесе жойылады.

Ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкерлері заттар мен құжаттарды мына келесідей тәртіппен алып қояды:

1. атылатын қару мен оқ-дәріні – оларды сатып алу, сақтау және пайдалану ережелерін бұзған кезде;

2. көлік құралдарын жүргізуге құқық беретін куәлікті, көлік құралдарына және тасымалданалатын жүктерге берілген құжаттарды – жол жүру ережелерін бұзған кезде;

3. заңсыз аң аулау және балық аулау құралын немесе тыйым салынған өнімді – аң аулау және балық аулау ережелерін бұзған кезде;

4. валюталар мен төлемдік құжаттарды – шетелдік валюталармен және төлемдік құжаттармен заңсыз операцияларды жүзеге асыру кезінде;

5. ордендер мен медальдарды және кеудеге тағатын басқа да белгілерді – заңсыз тағып жүру кезінде.

Сонымен бірге полиция, милиция қызметкерлерінің қарауында қаржылық, шаруашылық, кәсіпкерлік және сауда-саттық қызметтерін реттейтін заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатыны жөнінде мәлімет болған жағдайда материалдық құндылықтарды; ақша қаражаттарының, несиелеу және қаржыландыру операцияларының құжаттарын; өнім мен шикізат үлгілерінің құжаттарын алып қоюға құқықтары бар6.

Олар азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жасандылығы белгілі болып тұрған құжаттарын, сондай-ақ арнаулы рұқсатсыз азаматтардың қолында сақталатын азаматтық айналымнан алынған заттары мен мүліктерін, яғни есірткі заттарды, радиоактивтік изотоптарды, жарылғыш заттарды, қатты әсер ететін күшті уларды және т.б. алып қоя алады.

Автокөлік құралдарын жүргізуден шеттету, жүргізүшінің мас екендігін куәландыру және автокөлік құралдарын ұстау әрекеттерін де тиісті заңдарға сәйкес милиция, полиция қызметкерлері жүзеге асырады. Жүргізушілердің барлық санаттарын автокөлік құралдарын жүргізуден шеттетуге және көлік құралдарын ұстауға мыналар негіз бола алады:

1. жүргізушінің өзімен бірге автокөлік құралын жүргізуге құқық беретін куәліктің және ережеде көзделген басқа да құжаттардың болмауы;

2. егер осындай құжаттардан айырылған болса;

3. жүргізуші мас деп табылса;

4. мемлекеттік тіркеу белгілері жасанды болса;

5. автокөлік инспекцияларында тіркеуден өткені туралы соғылған белгісі болмаса;

6. егер көлікті жүргізу жүйелерінде, тежеткіш жүйесінде немесе автопоездардың тіркеу-сүйрету құралдарында ақау табылған жағдайда.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келіп, оларға мына келесідей сипаттама беру қажет деп есептейміз.

Әртүрлі мәжбүр ету шараларының ішінде құқықтық мәжбүрлеу маңызды орын алады. Құқықтық мәжбүрлеу өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталады. Ол ерекшеліктер мына төмендегідей болып келеді:

1) құқықтық мәжбүрлеу шарасын қолдану себебі азаматтың немесе лауазымды адамның құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауына байланысты болады және олар (қылықтар) құқық бұзушылық болып есептелінеді.

Сонымен қатар заңда нақты белгіленген ерекшеліктердің де болуы мүмкін. Мысалы, әкімшілік мәжбүрлеу аясында қолданатын иеліктен алу (реквизиция), жеке адамды тексеру, жүктерді (заттарды) және құжаттарды тексеру т.б. Бұл жерде іс жүзінде құқық бұзушылық жоқ, ал мәжбүр ету шаралары құқықтық нормаларда белгіленген тиісті бұйрықтардың қамтамасыз етілуі (орындалуы) үшін қолданылады.

2) құқықтық мәжбүрлеу шаралары нақты құқық субъектілеріне қолданылатын құқықтық санкцияларды шығару арқылы жүзеге асырылады (бұл жерде құқық субъектілеріне – заңды ұйымдар мен лауазымды адамдар жатады).

3) мәжбүрлеу тек құқықтық нормалармен реттелетін жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Мәжбүрлеуге құқықтық регламенттік жасау мәжбүр ету шараларын еш дәлелсіз (себепсіз) қолданбау, сондай-ақ жеке бастың дербестілігін, үй және мүлік жөніндегі мүддесін қорғау үшін қажет (яғни белгілі нормаларға бағындыру арқылы жүзеге асыру).

4) мәжбүрлеу шарасын мемлекеттің өкілетті органдары мен олардың лауазымды адамдары ғана қолдана алады.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес түрі ретінде әкімшілік мәжбүрлеуді атауға болады.

Әкімшілік мәжбүрлеу деп – әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға мемлекеттік басқару (өкілетті) органдары мен олардың лауазымды адамдары және заңда белгіленген жағдайда аудан (қала) соттарының судьялары қолданатын мәжбүр ету шараларын айтамыз.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің барлық түрлеріне тән қасиеттер – әкімшілік мәжбүрлеуге де ортақ болғанымен, бұл жерде өзіндік ерекшеліктері де бар:

1. Ең алдымен бұрын әкімшілік жауапкершілік – органдардың кең тобын белгілейді. Бұлар құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік мәжбүрлеу қарастырылатын актілерді шығаруға құқықты органдар болып табылады7.

Атап айтқанда Республика Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, ҚР Үкіметі, жергілікті өкілді органдар, сондай-ақ кей жағдайларда олардың жергілікті әкімшіліктері. Яғни, осыған байланысты барлық мәселелер бойынша әкімшілік жауапкершілікті республикалық мемлекеттік өкімет органдары мен мемлекеттік басқару органдары (орталық) белгілей алады деген сөз.

Республиканың жоғарғы заң шығару және өкілетті органдары заң шығару арқылы қажет жағдайларды құқық бұзушылық, туралы әкімшілік жауапкершілік Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады.

Заң актілерінде көрсетілген жағдайларда жергілікті өкілді органдар белгіленген мәселелер шеңберінде қаулы (шешім) қабылдай алады. Бұл қаулыны бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жергілікті мәслихаттар қабылдаған қаулылардағы әкімшілік санкция көзделетін нақты мәселелердің тізімі ӘКБ туралы Кодекстің 5 бабында берілген. Бұл бапта облыстық және Алматы қалалық мәслихаттар осы кодекстің 91, 108, 135, 159 және 163, баптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктейтін ережелерді белгілей алады.

Мысалы, аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережелерін бұзушыларға, қалалар мен елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және олардың аумақтарындағы жасыл желекті қорғау ережелерін бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Сондай-ақ осы 5 бапта “Табиғи апаттарға және эпидемияларға қарсы күрес мәселелері жөнінде де әкімшілік санкция көзделетін қаулы қабылдай алады” делінген. Аталған баптар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі ережелерді бұзушыларға, қалалық және қала төңірегіндегі қоғамдық көліктерді пайдалану ережелерін бұзушыларға қолданылады.

Ал апаттармен, індеттер (эпидемиялар) және жануарлар індетімен (эпизоотиялармен) күрес мәселелеріне келетін болсақ, онда бұл жөнінде әкімшілік санкция көзделетін қаулыны (шешімді) аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттар ғана емес, олардың жергілікті әкімшіліктері де қабылдай алады. Біздің республикада 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы” Заңда қалалық, поселкелік мәслихаттарға жалпыға міндетті қағидаларды (ережелерді) бұзғандары үшін (азаматтарға), заңды ұйымдарға, лауазымды адамдарға әкімшілік жауапкершілік көзделетін шешім шығару құқығы берілді), 41, 45 баптарда көрсетілгендей. Ал бұл қағидалар өте кең көлемді мәселелер бойынша белгілене алады8.

Бұған мысал ретінде қалалық әкімшіліктің басшысы (әкім) шығаратын көркейту ережелерін, санитарлық ережелерді бұзғандарға және табиғи қоршаған ортаны ластаушыларға әкімшілік жаза қолдану туралы шешімін айтуға болады. Бұл шешім бойынша жоғарыда аталған ережелерді бұзғандарға белгіленген мөлшерде айыппұл салынады. Мысалы, табиғи ортаны, яғни жерді, өзендерді, өз аумақтарын ластаған адамдарға, ұйымдарға, шағын кәсіпорындар мен кооперативтерге айыппұл салынады. Мұндай уәкілеттіліктер қалалық табиғатты қорғау комитетіне, қаладағы аудандардың әкімшілік комиссияларына берілген. Аз мөлшердегі төлемдер (айыппұл) бірден сол ереже бұзылған орында алынады да, қолма-қол түбіртек беріледі.

2. Әкімшілік мәжбүрлеудің келесі бір ерекшелігі – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттіліктері бар әлденеше органдардың (лауазымды адамдардың) болуы9. Мұндай органдардың қатарына республика әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207 бабында белгіленген мынадай органдар (лауазымды адамдар) жатады.

1) аудандық, қалалық мәслихаттардың жергілікті әкімшіліктерінің жанындағы әкімшілік комиссиялар;

2) поселкелік, селолық, ауылдық әкімшіліктердің әкімі;

3) жасөспірімдер істері туралы аудандық және қалалық комиссиялар;

4) аудандық, қалалық соттардың әкімшілік және атқарушылық істерді жүргізетін судьялары;

5) ішкі істер органдары;

6) мемлекеттік инспекциялар және әкімшілік-қадағалау өкілеттіліктері бар Қазақстан Республикасының басқа да органдары (лауазымды адамдар).

Бір айта кететін жәйт, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) толық тізімі ӘҚБ туралы кодекстің 17-тарауының III бөлімінде көрсетілген.

3. Әкімшілік мәжбүрлеу көптеген әкімшілік ықпал ету шаралары арқылы жүзеге асырылады. Бұлар: әкімшілік ескерту, әкімшілік бұлтартпау және әкімшілік жазалау шаралары болып бөлінеді. Осы аталған шаралардың әр тобының өздеріне тән ерекшеліктерінің бар болуы оларды қолданушы органдардың құқық бұзушының қылығына сай келетін шараны таңдап алып, қолдануларына мүмкіндік туғызады. Әкімшілік мәжбүрлеудің осы ерекшелігі нормативтік реттеуді есепке ала отырып, әкімшілік мәжбүрлеу шаралары мен оларды қолдану шарттарын талдау арқылы арнайы қарастыруды талап етеді.

Бұл нақты шаралардың сипаттамаларына кейінірек тоқталамыз.

4. Әкімшілік мәжбүрлеу әкімшілік құқық нормалармен реттелетін атқару жарлық беру қызметін жүзеге асыру процесінде пайда болатын коғамдық қатынастарды тікелей қорғауға бағытталған. Аталмыш қатынастарды қорғау үшін мемлекет тарапынан өктем (әмірлі) мәжбүр ету шараларын қолдану қажеттілігі туындайды.

Сонымен қатар әкімшілік мәжбүрлеу басқа да құқықтық қатынастарды, яғни азаматтық-құқықтық, жер туралы, еңбек туралы қатынастарды қорғайды. Мысалы, қоршаған ортаны, егістіктерді бүлдіру, жер туралы заңды бұзу, егістіктерді таптау сияқты құқық бұзушылықтарға міңдетті түрде әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

Осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, онда әкімшілік мәжбүрлеудің басқа да мәжбүр ету түрлерімен өзара тығыз байланысты болатынын және оның негізгі мақсаты қоғамдық құқықтық, тәртіпті қорғау, мемлекет мүддесін және азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, барлық азаматтардың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың, өздеріне белгіленген құқықтық міндеттерді бұлжытпай орындауларын қамтамасыз ету болып отырғанын көреміз10.


Каталог: olderfiles
olderfiles -> Все секретное и тайное всегда вызывает повышенный интерес общественности
olderfiles -> У. Ф. Олбрайт Величина еврейского "долга" шу­мерам становилась очевиднее день ото дня в результате посте­пенного, кропотливого проникно­вения в шумерскую литературу
olderfiles -> И с настоящим английским юмором справочник
olderfiles -> Нажмитдин мухитдинов
olderfiles -> История создания и развития
olderfiles -> В книге на основе изучения и обобщения действующего горного законодательства и практики использования недр в Казахстане анализируются понятие и особенности горных правоотношений, принципы пользования недрами, правовые основы
olderfiles -> В качестве замены или дополнения речи; отношение окружающих к состо-янию речи ребенка; занимался ли с логопедом, каковы результаты
olderfiles -> Общество исследователей истории Ряжского края им. В. И. Гаретовского
olderfiles -> Антонио ван Левенгук


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет