Оқу-ағарту министрлігі білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған.

Апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда), үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда), оқушы орнының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда) және тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда) бой көтереді.

  • Қаржы министрі жемқорлардан бюджетке қанша ақша қайтарылғанын айтты

  • Қазақстанда пара беру туралы ұсыныс айтқандар сотталады

Сонымен қатар екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар) жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында – 3, Жамбыл облысында – 4, Астана қаласы мен Алматы облысында – 2 және БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 мектептен салынады.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 тамызында ел президенті Қазақстанда екі жыл ішінде 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынатынын хабарлады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.