Танымал әнші Тамара Асар халықты әбігерге салған су тасқыны кезінде не үшін шаңғы тепкенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Сондай-ақ өнер иесі әнші, әртісті халықтан бөлмеуді сұрады. 

“Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады” демекші телефон ұстап,
әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. Шаңғы теуіп ерігіп жүрсің дегендерге айтарым: шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін. Екіншіден, демалыста емеспін, үйімде жүрмін. Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп,тілегімді тілеп, жеті нанымды пісіріп, ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын. Шегіртке дегендеріңе оң болсын. Шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде! Жоғарыдағыларға жақынсыңдар ғой әншілер дегендерге айтарым: жоғарыға да,төменге де бірдейміз. Біз де – халықтың бөлшегіміз! Ел басына күн туса, бірдей күн кешеміз!”, – деді әнші. 

  • "Халықтан алып, халыққа берді": Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберген Роза Әлқожа сынға қалды

  • "Апаттан абырой жинамайық": Бағлан Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырғандарға ашуланды

Айта кетейік, Қазақстанда 3,7 мыңнан астам үй су астында қалды. 

Бұған дейін Атырау облысында су тасқыны кезінде екі адамның қаза тапқаны хабарланған. Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеруге трактормен бара жатып аударылған. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты.  

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс жариялады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.