Белгілі айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайдың денсаулығы сыр беріп, шетелде ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tleutai.aisholpan/

Сондай-ақ өнер иесі дене бітіміне тиісетін адамдарға ескерту жасады.

“Стамбұлға 135 келі болып келіп едім, отадан кейін 8 келі тастаппын. Қатты қуанып тұрмын. Межеге жетуге тырысып, денсаулықты күтіп жүрмін. Жеңілдеп қалдым. Бұл жақтың медицинасы дамып кеткен. Дәрігерлері мен медбикелерінің жүзі сондай жылы. Жалпы, түріктің киносын көріп өскесін бе, Түркияға келіп таңғалып жүрмін. Адамдарының түрлері тура кинодағыдай екен.Медбикелерінің өзі актриса сияқты”, – деп жазды айтыскер. 

  • "Уақыт созып, асқындырып алдым": Әнші Мәди Рымбаев көзіне ота жасатты

  • "Кеудені бір жерден ғана тесті": Фариза Төреәлі отаның қалай өткенін айтып берді

Сондай-ақ, айтыс өнерінің дүлділі артық салмағына тиісіп, сөзбен балағаттайтын оқырманына ескерту жасап, сөз құдіретін оқиғамен түсіндірді. 

“| Александр патшаның тұсында, Фин мәдениетін дамытуға білек сыбана кіріскен жаңашыл топты Йохан Вильгельм Снелман басқарған. Ол өзінің сенімді достарымен бірге, халықтың рухани ұстазы ретінде “батпақдала” саналған Финляндияны “ақ лалагүлдер өлкесіне” айналдырды. Ол кезде өздері отар ел, надандық басым, әр азаматы боқтық сөз сөйлеп, құмар ойыны өршіген тұс еді. Ешкім Снелманның сөзіне, болашаққа сенбеген кез… Бірақ финдер ұзақ жылдар өз мәдениеттерінің дамуы үшін еңбек етіп, бүгінде Еуропаның озық мемлекеттерінің қатарына енді. Сол мәдениет бізге де жетіспей тұрғандай… Мәдениет тек ән, би, спорттан құралмайды, ағайын. Ең алдымен “сөз мәдениетінен” басталады. Мәдениет саласында жүріп мәдениетсіз сөйлейтіндер де бар, өкінішке қарай. Білесіз, жаман сөз, жаман пікірлер бір адамның ғана көңіліне қаяу салмайды, тағдырына әсер етіп, өзіне деген сенімсіздігін күшейтіп, жігерін сөндіреді. Айтпағым, сөз құдіреті бір адам тағдырын ғана емес, отар елді алпауыт мемлекетке айналдырды”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, айтыскер ақын асқазанын кішірейту үшін ота жасатқанын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.