"Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбаев қазақстандықтар утильдік алымға кеткен ақшасын қайтара ала ма деген деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

Төраға үкімет брифингінде азаматтар Қазақстаннан кетсе, утиль алымы үшін төлеген ақшасын қайтаруына болатынын мәлімдеді.

"Бұл экологиялық кодексте қарастырылған. Ол қайтару ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ төленген сәттен бастап бір жыл өтуі керек. Өйткені қайтаруды шектейтін норма бар. Егер біз салық органдарына бұл туралы есеп беріп қойған болсақ, онда қайтару мүмкін емес", – деді ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сәрсенбаевтың мәліметінше, Қазақстанда 100 мыңға жуық көлік утильдік алымда.

  • Енді Астана мен Алматыда бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

  • "Қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі": Қазақстандық жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуі керек

"Бірнеше жыл ішінде Қарағандыда тұрған зауыттың қуаты артты. Ол 30 мың машинадан басталды. Содан кейін 50 мың болды. "ӨКМ Операторының" функциялары "Жасыл даму"-ға берілген сәттен бастап бұл жұмыс жүзеге асырылмады. Себебі біз белгілі бір уақыт ішінде "ӨКМ операторының" қызметін сәйкестендірдік. Бұрын жеке болған компания қазір мемлекетменшігіне өтті. Содан бері біз мемлекеттік сатып алу туралы, акционерлік қоғамдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңдарды басшылыққа аламыз", – деп түсіндірді ол.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.