Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Ежелгі Олимпиаданың алауы күн сәулесінен тұтанды. Грекияның белгілі актрисасы Мэри Мина Аполлонға дұға оқып, Зевстен чемпиондардың көп болуын тілеп, алауды салтанатты жағдайда ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускоске тапсырды.

Алауды барлығы 600-ден астам адам алып жүреді.

Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж қаласының мэрі Анн Идальго мен басқа да лауазым иелері қатысты.

Эстафета 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жеткізіледі. Сол сәтте адамдар алауды Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы мен басқа да тарихи-мәдени әрі көрікті жерлерде ұстап жүреді.  

Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде Парижде өтеді. Ойындар 11 тамызға дейін жалғасады.

Еске салайық, Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет өз тарихында олимпиада ойындарына жолдама жеңіп ала алмағаны туралы жазған едік. Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынған соңғы әлем кубогінің кезеңіне 110 елдің, 466 спортшысы қатысқан еді. Қазақстан құрамасының атынан алты спортшы сынға түсіп, алтауы да лицензия ала алмады. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.