Мұзда балық аулау. МҰздағЫ Қауіпсіздік шаралары



жүктеу 22.72 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі22.72 Kb.

МҰЗДА БАЛЫҚ АУЛАУ. МҰЗДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 


Мұздан балық аулау... Жылтыраған мұз айдыны, көптен күткен қабу, термостан ыстық шай... Мұз астынан балық аулау қандай керемет десеңші?! Бірақ, алдамшы мұз жамылғысы қандай қауіп-қатер туғызуы мүмкін екендігі жайлы кім ойланды?

Мұз қабаты су айдындарында біркелкі емес. Оған көптеген себептер бар: ағыстың болуы, су түбінің бедері, су асты өсімдіктерінің көп болуы. Өзен және көлден өткен кезде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау керек.

Бірінші суықтар басталысымен мұз астынан балық аулау басталады. Бұл кезде су айдынында, әсіресе жалғыз болу өте қауіпті. Өзіңмен бірге 10-15 метрлік 0,5 кг жүк байланған арқан болу керек. Осылайша өзіңе және басқаға да көмек көрсете аласың.

Бір адамға қауіпсіз мұз қалыңдығы – 7 см кем болмауы тиіс. Күндізгі уақытта мұз үстінен асықпай, ақырын, мұз төзімділігін сүймен тексеріп қана жүруге болады. Күдік тудыратын жерлерден алысырақ ұсталынған жөн.

Мұз үстінен топпен жүру үшін өз ережелері бар. Топ мүшелері арасында 5-6 м қашықтық сақталу керек. Топ болып жиналуға қатаң түрде тиым салынады. Топ болып мұзға шығатын адамдарға – мұз қалыңдығы 12-15 см. кем болмауы тиіс.

Егер мұздың сынған дыбысы естілсе – тексерілген жолмен, шаңғымен жүрген сияқты сырғанап, аяқты мұздан алмай қайту керек.

Қыс мезгілінде балық аулауға шыққан кезде құрал-саймандармен ғана жабдықталмай, сонымен қатар киімге де мұқият болу қажет. Киім максималды түрде жылы және жеңіл болу, қимылды ығыстырмауы қажет, қажет болған жағдайда тез шешілетін болу қажет.

Балық аулайтын жәшікті және заттық қапты, қауіпті жағдайда тез шешу үшін бір бауда ғана киеді. Жеке заттар және ауланған балықтар үшін ұзын жіпке байланған әдейі пластмасса қол шана қолданған жөн.

Мұздан балық аулауда үлкен қауіп-қатер жатыр...

Мұзда болған жағдайда ойықтардан алысырақ ұсталынған жөн. Олардың белгісі – маңында жарылған мұз барын білдіреді.

Еш уақытта мұз жылымдарының шетіне жақындамаңыз: мұз адамның ауырлығы әсерінен ұсақталып немесе жылжып кетуі мүмкін.

Аяқ астындағы мұз сынған жағдайда не істеу керек?

Біріншіден абыржымау керек. Ең алдымен ауыр киімді және аяқ киімді шешу қажет. Қолды мұз астына кетпеу үшін мұздың шетіне кең жаю қажет. Ойықтан шығу үшін келесі іс-әрекет жасау қажет: кеудемен мұз шетіне итеріліп, жоғарыға шығуға тырысып, өзіңе ақырын аяғыңмен көмектесе отыру қажет. Мұз үстіне шыққасын бір бүйірден екінші бүйірге домалау арқылы жылжу керек. Қауіпсіз аймақта болғанда ғана жорғалап жағаға қарай бағытталу керек.

Суға батқан адамға келесідей көмектесу қажет. Зардап шеккенге барынша жақынша байланған мойын орағыштарды, арқан немесе сырт киімдерді лақтыру қажет. Судағы адаммен құтқарушы арасы 3 метрден кем болмауы қажет. Зардап шегуші жоғарыда болған кезде зардап шегушімен жорғалап жағаға жылжу қажет.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өз тараптарынан адамдардың судан зардап шегуін болдырмау үшін үлкен жұмыс атқаруда. Мұз астынан балық аулау орындарынан күнделікті рейдтер, халықпен түсiндiру жұмыстары (әңгiмелесулер, жаднамаларды тарату), БАҚ-тағы белсендi жұмыс - аталғандардың бәрi құтқарушылармен жүргiзiлетін iс-шаралардың толық тiзiмi емес.



Егер Сіз судағы жағдайдың куәгері болсаңыз, 101, 112 телефоны бойынша хабарласыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет