Қазақстандық зілтемірші Александр Уваров Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді. 81 келіде бақ сынаған Александр Уваров жұлқа көтеруде 153, серпе көтеруде 190 келіні еңсерді. Қоссайыс қорытындысын бойынша отандасымыз 343 келіні бағындырып, кореялық ауыр атлет Ри Чонг Сонгке (169+200) есе жіберіп қойды.

Сондай-ақ бұл салмақта тағы бір отандасымыз Әлібек Рақымберді 298 (130+168) ұпаймен 5-орынға жайғасты.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.