25-26 ақпан күндері магниттік дауыл болады деп болжанды. Сарапшылар бұл күндері физикалық белсенділіктен бас тартып, денсаулыққа мұқият болуға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Магниттік дауыл күн желінің Жердің магнит өрісімен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Метеорологтардың пікірінше, магниттік толқудың қарқындылығы адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.

25 ақпанда амплитудасы шамамен 5 балл болатын екі күндік магниттік дауыл басталады. Бұл – қуатты толқулардың бірі.

Магниттің дауыл кезінде не істеу керек?

Денсаулығыңызға баса назар аударыңыз. Магниттік дауыл кезінде денеңіздегі белгілерге және эмоционалдық күйіңізге мұқият болыңыз. Ауа райының эмоциялық күйіңізге және денеңіздегі өзгерістерге қалай әсер ететінін түсіну үшін ішкі сезіміңізді қағаз бетіне түсіріп, түртіп алғаныңыз абзал. 

Денсаулығыңызға және демалысқа мән беріңіз. Магниттік дауыл кезінде демалысқа уақыт бөліп, тыныққаныңыз жөн. 

Ұйқыңыз қанық болсын. Йога, медитация сияқты денені босаңсытатын жаттығулармен айналысыңыз. Стресс пен күйзелістен аулақ болып, жанжалға әкеп соғатын жағдайлардың алдын алған дұрыс.

Таза ауада көп жүріңіз. Таза ауада серуендеу ауа-райына сезімтал адамдарды магниттік дауылдың жағымсыз әсерінен қорғайды. 

Магниттік дауыл кезінде не істеуге болмайды?

Шамадан тыс физикалық жүктемелер мен ауыр жаттығу жасауға болмайды. Сондай-ақ ауырсынудың сезінсеңіз бірден ем-дом жасап немесе дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. 

Күйгелектеніп, айғайлауға болмайды. Бұл күндері эмоционалдық күйіңіз тұрақсыз болуы мүмкін. Сондықтан сабырлы болуға тырысыңыз. 

Сергіткіш сусындарды шамадан тыс пайдалануға болмайды. Мұндай күндері ішімдік, кофеині бар сусындарды мөлшерден тыс ішпеңіз. Магниттік дауыл кезінде мұндай сусындардың жанама әсері болуы мүмкін. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.