Дзюдодан Қазақстан құрамасы Австрияның Линц қаласында өткен Гран-При турнирінде жүлделі орыннан көріне алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан Австрияның Линц қаласында әлемдік Гран-При турнирі өтіп, балуандарымыздың бірде-біреуі жүлдеге қол жеткізе алмады. Әйелдер арасында сынға түскен спортшылар да, ерлер арасындағы балуандарда үздік үштікке ілінбеді. Тек 60 келіде белдескен Қанат Сейілхан ширек финалға дейін жетіп, ширек финалда испаниялық Франсиско Гарригосқа есе жіберді. Дегенмен Қанат жұбаныш белдесуде қарсыласынан басым түсіп, қола жүлде үшін тартыста Дильшот Халматовтан ұтылды. 

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы соңғы жылдар өте нашар нәтиже көрсетіп жүр. Жыл басталғалы балуандарымыз әлі бірде-бір халықаралық турнирде топ жарған жоқ. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.