Солтүстік Қазақстанда Q-net қаржы пирамидасының жетекшілері сотқа тартылды. Ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымды қызметтер атқарған, халықтың шексіз сеніміне ие болған жергілікті құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері айыпталып жатыр. 100-ден астам алаяқтықтан зардап шегіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

110 солтүстікқазақстандық алаяқтардың құрбанына айналды. Оларға ақша салып, пассивті кіріс алуды, сондай-ақ ең жақын туыстарын тартуды ұсынды. Сондықтан бүкіл отбасы қарызға батқан екен. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары әрбір кіргізген адам үшін сыйақы төлеп, адамдардың сеніміне кірген. Зардап шеккендердің көпшілігі – ауыл тұрғындары.

“Қатты сеніп, гипнозға түскендей болдық. Бұл психологиялық деңгейде өте жақсы әсер етеді. Оның үстіне беделді адамдар айтқандықтан, сенім артты”, – деді алданған Айнагүл Смағұлова. 

"Мені бір досым шақырды, мен бірден "Жоқ, кірмеймін" дегенімде, "Мұнда тіпті қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы бар!" деген. Ол маған фотосуреттерді көрсетт, бәрі заңды екенін айтты. Ал менде тіпті күмән болған жоқ”, – деді солтүстікқазақстандық Наталия Захарова.

Сот залында 5 адам жауапқа тартылмақ. Прокурордың айтуынша, ұйымның қызметі заңды желілік маркетинг пен электронды коммерция ретінде жасырылған. 

“Олар өз баяндамаларында әлеуетті инвесторларға Q-net компаниясының қызметі министрліктер мен ұлттық қауіпсіздік комитетімен бекітілгенін түсіндірді. Қаржы пирамидасы жұмыс істеген кезде компанияның өкілдігі ресми түрде еш жерде тіркелмеген”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының прокуроры Марат Досмұханов. 

Жәбірленушілерге 109 миллион теңгеге жуық шығын келген. Егер аса ірі көлемдегі алаяқтық дәлелденсе, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.