Ақтөбе облысында мұғаліммен бірге олимпиадаға бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырап, екі бала мен оқытушы қаза тапқан еді. Осы іске байланысты сот тыңдалымы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Апат Ырғыз ауданы Құрылыс ауылы маңында Самара-Шымкент тас жолында 2023 жылғы 19 желтоқсанда таңертең болған. 

Облыстық білім басқармасы адам өліміне әкелген апат 19 желтоқсанда сағат 8:45-те Ырғыз ауылынан 50 шақырым жерде болғанын хабарлады. 2007 жылы туған екі оқушы мен мұғалім оқиға орнында қаза болды. Олар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне бара жатқан.

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі тас жолда Toyota Alphard пен Volvo жүк көлігі соқтығысқанын мәлімдеді. Балалар полицейлердің ілесіп жүруінсіз жолға шыққан. 

Ақтөбе облыстық сотының хабарлауынша мамандандырылған ауданаралық сотта абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. 23 ақпанда алдын ала тыңдалым өтеді деп жоспарланып отыр. 

Бұған дейін аудандық олимпиадаға бара жатып жол апатына ұшыраған  үшінші көліктегі оқушылар дәрігердің тексеруінен кейін олимпиадаға қатысуға жіберілгенін хабарлаған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.