Алматы әкімдігі балабақшада жүрген егеуқұйрықтар туралы желідеге тараған ақпаратқа түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шенеуніктердің пайымдауынша, кеміргіштер жақын маңдағы қоқыс жәшігінен пайда болуы мүмкін.

“Балабақшаның жанында егеуқұйрықтардың негізгі мекендейтін жері болып саналатын көпқабатты үйлердің қоқыс контейнерлерінің кластері (балабақша аумағынан 20 метр қашықтықта) орналасқан”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасы.

Басқарма бүгінгі күні балабақшада қажетті дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілді деп сендіреді.

  • Тұшпара орнына езіліп қалған қамыр: Қостанайда ата-аналар мектеп асханасындағы тамаққа шағымданды
  • “Қансырап тұрды”: Шымкенттегі балабақшада 2 жасар қызды әлдекім тістелеп тастаған

“Биылғы жылдың 20 наурызында басқармада балабақша қызметін бақылау жөніндегі комиссия құрылып, оның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйым әкімшілігіне тиісті шаралар қолданылатын болады. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі де тексеру жүргізіп жатыр”, – деп қосты Алматы қаласы білім басқармасы.

Айта кетейік, "№110 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Медеу ауданында, Достық даңғылының бойында орналасқан. Жобалық қуаттылығы 280 орын, барлығы 12 топ, оның ішінде 2 кіші топ, 4 жоғары топ, 3 орта топ, 3 дайындық тобы бар.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде балабақшаның жатын бөлмесінде егеуқұйрықтар жүргені көрінетін видео пайда болған. Бұл бейнежазба алматылықтарды қатты шошытты.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.