Национальный банк



жүктеу 22.91 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі22.91 Kb.


ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ № 17

2016 жылғы 09 қыркүйек

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы
2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 25 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.

Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 96,5%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 15,2 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 13,9 млн. адам болды (2015 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 8,5% және 4,1% азаю). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, осы карточканың көмегімен карта ұстаушылары, тек осы карточканың шотындағы соманы ғана пайдалана алады, олардың үлесі 79,2%, кредиттік карточкалардың үлесі – 15,5%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 2,9% және 2,4% сәйкес келеді.

2016 жылғы шілдеде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 871,6 млрд. теңге болды (2015 жылғы шілдеде айымен салыстырғанда өсу 22,4%). 2016 жылғы шілде айында транзакциялар саны 26,6 млн. транзакция болды және 2015 жылғы шілде айымен салыстырғанда 15,9% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 32,5% (транзакциялардың саны 9,6 млн. транзакция болды) және 55,1% (транзакциялардың көлемі 133,4 млрд. теңге болды), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікті тиісінше 8,3% (транзакциялардың саны 17,1 млн. транзакция болды) және 17,9% (транзакциялардың көлемі 738,1 млрд. теңге) болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 56,9% және 61,2%) және инернеттар (тиісінше 32,0% және 24,6%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 95,1% және 85,0%).

Қарағанды облысы бойынша 2016 жылғы 1 тамызға жағдай төмендегідей:

- Айналымдағы карточкалар саны – 1067,0 мың бірлік.

- Карточка ұстаушыларының саны – 978,1 мың адам.

- Қолданылған карточкалардың саны – 621,4 мың бірлік.

- POS – терминалдар саны – 8299 дана.

- Банкоматтар саны – 749 дана.

- Сауда кәсіпорындарының саны – 5363 бірлік.

- Банк киоскілерінің саны – 108 дана.

- Төлем терминалдарының саны – 1689 дана.

2016 жылдың шілде айында қолма-қол ақшасыз төлемдері 262,6 мың транзакция сомасы 3988,7 млн. теңге, қолма-қол ақшаларды беру операцияларының саны 1462,1 мың транз. сомасы 59108,6 млн. теңге.





Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы
info -> 30 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет