Национальный банк



жүктеу 23.13 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі23.13 Kb.


ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ № 3

2017 жылғы 15 ақпан

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 26 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.

Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 98,7%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер 15,7 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 14,2 млн. адам болды (2016 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 8,5% және 0,7% азаю). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, осы карточканың көмегімен карта ұстаушылары, тек осы карточканың шотындағы соманы ғана пайдалана алады, олардың үлесі 81,0%, кредиттік карточкалардың үлесі – 15,1%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 3,0% және 0,8% сәйкес келеді.

2016 жылғы желтоқсанда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 1 136,5 млрд. теңге болды (2015 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда өсу 26,8%). 2016 жылғы желтоқсан айында транзакциялар саны 34,9 млн. транзакция болды және 2015 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 25,8% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 50,8% (транзакциялардың саны 13,6 млн. транзакция болды) және 59,9% (транзакциялардың көлемі 191,8 млрд. теңге болды), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікті тиісінше 13,8% (транзакциялардың саны 21,3 млн. транзакция болды) және 21,7% (транзакциялардың көлемі 944,7 млрд. теңге) болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 55,8% және 56,2%) және инернеттар (тиісінше 35,3% және 31,0%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 94,9% және 85,9%).

Қарағанды облысы бойынша 2016 жылғы 1 қантардағы жағдай төмендегідей:

- Айналымдағы карточкалар саны – 1123,8 мың бірлік.

- Карточка ұстаушыларының саны – 1013,3 мың адам.

- Қолданылған карточкалардың саны – 662,0 мың бірлік.

- POS – терминалдар саны – 9091 дана.

- Банкоматтар саны – 749 дана.

- Сауда кәсіпорындарының саны – 5814 бірлік.

- Банк киоскілерінің саны – 138 дана.

- Төлем терминалдарының саны – 1661 дана.

2016 жылдың желтоқсан айында қолма-қол ақшасыз төлемдері 356,3 мың транзакция сомасы 5833,6 млн. теңге, қолма-қол ақшаларды беру операцияларының саны 1771,0 мың транзакция сомасы 72980,0 млн. теңге.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет