Национальный банк



Дата09.09.2017
өлшемі23 Kb.


ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ № 5

2017 жылғы 16 наурыз

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы
2016 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 25 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.

Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 99,0%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2017 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша банктер 15,7 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 14,3 млн. адам болды (2016 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 4,9% және 0,4% азаю). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, осы карточканың көмегімен карта ұстаушылары, тек осы карточканың шотындағы соманы ғана пайдалана алады, олардың үлесі 81,3%, кредиттік карточкалардың үлесі – 14,8%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 3,1% және 0,8% сәйкес келеді.

2017 жылғы қаңтарда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 847,4 млрд. теңге болды (2016 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда өсу 32,7%). 2017 жылғы қаңтар айында транзакциялар саны 28,9 млн. транзакция болды және 2016 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 37,7% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 66,5% (транзакциялардың саны 12,8 млн. транзакция болды) және 59,0% (транзакциялардың көлемі 155,0 млрд. теңге болды), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікті тиісінше 21,0% (транзакциялардың саны 16,1 млн. транзакция болды) және 28,0% (транзакциялардың көлемі 692,4 млрд. теңге) болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 55,8% және 58,6%) және инернеттар (тиісінше 36,8% және 29,8%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 93,7% және 83,0%).

Қарағанды облысы бойынша 2017 жылғы 1 ақпанындағы жағдай төмендегідей:

- Айналымдағы карточкалар саны – 1125,4 мың бірлік.

- Карточка ұстаушыларының саны – 1016,0 мың адам.

- Қолданылған карточкалардың саны – 632,7 мың бірлік.

- POS – терминалдар саны – 9198 дана.

- Банкоматтар саны – 753 дана.

- Сауда кәсіпорындарының саны – 5881 бірлік.

- Банк киоскілерінің саны – 138 дана.

- Төлем терминалдарының саны – 1709 дана.

2017 жылдың қаңтар айында қолма-қол ақшасыз төлемдері 314,7 мың транзакция сомасы 4716,7 млн. теңге, қолма-қол ақшаларды беру операцияларының саны 1345,6 мың транзакция сомасы 55482,7 млн. теңге.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет