Национальный банк



жүктеу 123.05 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі123.05 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

1 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2013 жылғы 9 қаңтар
2012 жылғы алдын ала қорытындылар

Қаржы нарығындағы ахуал туралы
1. 2012 жылғы инфляция. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2012 жылы инфляция жылдық көрсетуде 6,0% (2011 жылы – 7,4%) болды (1-график).

2012 жылы инфляция ақылы қызмет көрсетудің айтарлықтай қымбаттауы аясында қалыптастырылды, олардың бағасы осы кезеңде 9,3% (2011 жылы – 7,3%) өсті. Азық-түлік тауарлары 5,3% (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,5% (5,3%) қымбаттады.

2012 жылы азық-түлік тауарларының арасында көбінесе ет және ет өнімдері 9,5%, оның ішінде шошқа еті – 12,8%, қой еті – 11,6%, сиыр еті – 11,1%, жылқы еті – 10,8%, ұн – 7,6%, макарон өнімдері – 7,5%, балық және теңіз өнімдері – 5,7%, кондитерлік бұйымдар – 5,0%, жеміс-жидектер және көкөністер – 4,8% қымбаттады. Азық-түлік тауарлары арасында жарма – 27,0%, қант – 2,1%, май және тоң майлар – 0,2% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында 2012 жылы киімнің және аяқ киімнің бағасы 4,4%, оның ішінде маталар – 5,1%, сыртқы киім – 4,3%, сондай-ақ дәрі-дәрмектер – 2,7% өсті. Бензиннің құны 2,4%, дизель отыны – 3,0% өсті.

2012 жылы ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 8,2%-ға қымбаттады. Бұл ретте ыстық суға ақы төлеу 10,8%, электр энергиясы – 10,1%, орталық жылыту – 9,3%, қоқыс жинау – 8,0%, суық су – 5,9% өсті. Сонымен қатар байланыс қызметінің бағасы – 12,2% (почта қызметінің қымбаттауы есебінен – 56,5%, телефон және факсимильді байланыс қызметі – 11,2%), көлік қызметі – 12,0%, оның ішінде автомобиль көлігі – 13,7%, әуе көлігі – 8,6%, теміржол көлігі – 8,3%, сондай-ақ білім беру қызметі – 11,0% өсті.
1-график

2011 және 2012 жылдардағы инфляция және оның құрамдас бөліктері


2012 жылғы желтоқсандағы инфляция. 2012 жылғы желтоқсанда инфляция 0,6% деңгейінде (2011 жылғы желтоқсанда – 0,3%) қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,8% (0,3%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,3% (0,4%), ақылы қызмет көрсету – 0,6% (0,2%) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2012 жылғы желтоқсанда көбінесе жұмыртқа 3,5%, жеміс-жидектер және көкөністер – 2,1%, май және тоң майлар – 1,3%, макарон өнімдері – 1,1%, ұн – 0,9%, сүт өнімдері – 0,8%, ет және ет өнімдері – 0,6% қымбаттады. Сонымен қатар, қанттың бағасы 1,1%, қарақұмық жармасы – 0,9% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киімнің және аяқ киімнің бағасы 0,5%-ға, үйге керекті заттар – 0,2%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,2%-ға көтерілді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 0,8%-ға өсті. Бұл ретте тарату желілері бойынша тасымалданатын газ үшін тарифтер 2,8%, кәріз – 2,5%, суық су – 1,2%, ыстық су – 0,8% өсті. 2012 жылғы желтоқсанда көлік қызметінің бағасы 0,4%-ға (теміржол көлігі – 1,5%), қаржы қызметі – 2,2%-ға, медициналық қызмет көрсету – 0,8%-ға көтерілді.


2. 2012 жылғы 9 айдағы төлем балансы және жалпы сыртқы борыш.

2012 жылғы 9 айда ағымдағы операциялар шотының профициті 7,8 млрд. АҚШ долл. немесе ЖІӨ 5,7% (2011 жылғы 9 айда 11,2 млрд. АҚШ долл. немесе ЖІӨ 9,0%) құрады.

Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты өсуінің үдемелі қарқыны олардың экспортының өсуімен салыстырғанда 2012 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың оң сальдосының 2011 жылғы 9 аймен салыстырғанда 30,5% қысқаруына себепші болды.

Сауда балансының профициті 5,8% төмендеп, 35,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлардың ресми экспорты 2011 жылғы осындай кезеңге қатысты 5,1% өсіп, 69,5 млрд.АҚШ долл. деңгейінде қалыптасты, оның ішінде 43,3 млрд. АҚШ долл. (немесе 62,2%) мұнай және газ конденсатының экспортына тиесілі. Қара металдар экспортының құны 4,8%, түсті металдар экспортының құны 17,2% ұлғайды. Бұл ретте қара және түсті металдар экспортының өсуі тек сандық жеткізулердің өсуімен ғана қамтамасыз етілді.

Ресми сауда статистикасы тіркеген тауарлар импорты 24,5% ұлғайып, 32,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Есепті кезеңде жалпы импорттағы айтарлықтай үлес салмақ (38,3%) тиесілі болған инвестициялық тауарлар импортының өсімі 35,8%-ды құрады. Аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарларын әкелу 11,6 млрд. АҚШ долл. дейін 10,7% ұлғайды. Тұтыну тауарлары бойынша тұтастай алғанда импорт құнының 27,4%-ға ұлғаюы болды. Бұл ретте азық-түлік тауарларын әкелу 1,0%-ға төмендеді, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар импорты 52,3% өсті. Импорттың негізгі тауар номенклатурасының барлық топтары бойынша нақты көлемнің өсімі байқалды.

Кірістермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-әкетілуі (еңбекақы төлеуді және инвестициялық кірістердің балансын қоса алғанда) 21,2 млрд. АҚШ долл сомасын құрай отырып, 3,2% қысқарды. Ағымдағы шоттың басқа құрамдас бөліктері бойынша қызмет көрсетулер мен трансферттердің теріс дисбалансы тиісінше 5,6 млрд. АҚШ долл. және 0,6 млрд. АҚШ долл. құрады.

Қаржы шоты бойынша 1,2 млрд. АҚШ долл. таза әкету басым түрде 2012 жылғы 3-тоқсанның операцияларымен қамтамасыз етілді.

Шетелге тікелей инвестициялар бойынша нетто-әкету 1,0 млрд. АҚШ долл. болды. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың таза келіп түсуі 11,7 млрд. АҚШ долл. құрады. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2011 жылғы 9 айдағы 8,6 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда есепті кезеңде 10,7 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде қалыптасты.

Портфельдік инвестициялар бойынша 12,8 млрд. АҚШ долл. мөлшеріндегі нетто-әкету Ұлттық қордың шетелдік активтерінің өсуімен (12,2 млрд. АҚШ долл.) сондай-ақ Қазақстан банктерінің борыштық міндеттемелерінің 1 млрд. АҚШ долл. жуық төмендеуімен қамтамасыз етілді.

Жалпы сыртқы борыш. 2012 жылғы 30 қыркүйекте жалпы сыртқы борыш 134,9 млрд. АҚШ долл. құрады, оның 5,1 млрд. АҚШ долл. немесе 4% мемлекеттік сектордың сыртқы борышын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің міндеттемелері) құрайды, фирмааралық берешектің үлесіне 65,8 млрд. АҚШ долл. немесе 49%, банк секторына 14,0 млрд. АҚШ долл. немесе 10% тиесілі.

2012 жылғы 3-тоқсанда жалпы сыртқы борыш мемлекеттік сектордың сыртқы борышы шамалы (0,1 млрд. АҚШ долл.) өскен және банк секторының (екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) сыртқы борышының қысқаруы жалғасқан кезде «Басқа секторлардың» сыртқы берешегі есебінен 2,4 млрд. АҚШ долл. ұлғайды (өсуі - 2,8 млрд. АҚШ долл.).

«Банктердің» сыртқы борышының 0,5 млрд. АҚШ долл. төмендеуіне резидент еместердің Қазақстан банктеріндегі депозиттерінің әкетілуі (0,4 млрд. АҚШ долл.)және тартылған қарыздар бойынша негізгі борыштың өтелуі (0,9 млрд. АҚШ долл.) себепші болды.

2012 жылғы 3-тоқсанда «Облигациялар және басқа да борыштық бағалы қағаздар» бабы бойынша ұлғаюға негізінен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның 240 миллион Малайзия ринггиті (77 млн. АҚШ долл. жуық) сомаға «Сукук «әл-Мурабаха» ислам облигацияларының бірінші шығарылымын орналастыру, сондай-ақ «АТФБанк» АҚ-ның 100 млн. АҚШ долл. сомадағы мерзімсіз еурооблигациялар бойынша эмитентті ауыстыру себепші болды. Алайда, кезеңдегі осы бап бойынша ұлғаю тек 45,1 млн. АҚШ долл. құрады, бұл негізінен резидент еместердің Қазақстан банктерінің облигацияларын сатуға байланысты болды.

2012 жылғы 3-тоқсанда «Басқа секторлар» сыртқы борышының ұлғаюы негізінен резиденттердің сырттан қарыздар тартуы (4,9 млрд. АҚШ долл.) есебінен болды. Көрсетілген өсу оларды өтеумен (2,1 млрд. АҚШ долл.), сондай-ақ Қазақстан аумағында мұнайгаз кен орындарын әзірлеуді жүзеге асыратын шетел компаниясының филиалы міндеттемелерінің бөлігін борышсыз капиталға қайта жіктеумен ішінара нивелирленді. Инвесторлардың шешімі бойынша әзірлеу үшін 1,4 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде бұрын келтірілген шығындар өтелмейтін болып танылды.

Сонымен бірге, 2012 жылғы 3-тоқсанда елдің сыртқы активтерінің өсуі жалпы сыртқы борыштың өсуінен басым болды, соның салдарынан Қазақстанның таза сыртқы борышы 2,1 млрд. АҚШ долл. төмендеп, 2012 жылғы 30 қыркүйекте 12,3 млрд. АҚШ долл. құрады.



3. 2012 жылғы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2012 жылы Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері Ұлттық қордың активтерін толықтыру мақсатында негізінен валютаны сату есебінен 27,7 млрд. АҚШ долл. дейін 3,6%-ға азайды. Таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылы 12,3%-ға төмендеді, алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтарда оның бағасының 5,4%-ға өсуі нәтижесінде 48,1%-ға өсті.

2012 жылы елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 57,8 млрд. АҚШ долл.) 17,9%-ға 86,0 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

2012 жылы ақша базасы 1,9%-ға кеңейді және 2889,9 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3,3%-ға 2831,0 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

2012 жылғы қаңтар-қарашада ақша массасы 7,3%-ға 10465,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1,0%-ға 1379,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттер 8,3%-ға 9085,5 млрд. теңгеге дейін өсті. Депозиттердің ақша массасы құрылымындағы үлесі айналыстағы қолма-қол ақша өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттер көлемінің өсуінің анағұрлым жоғары қарқыны есебінен 2011 жылғы желтоқсандағы 86,0%-дан 2012 жылғы қарашада 86,8%-ға дейін өсті.

Ақша мультипликаторы 2012 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша тіркелген ақша базасының кеңеюімен салыстырғанда ақша массасы өсу қарқынының ұлғаюы салдарынан 2011 жылғы желтоқсандағы 3,44-тен 2012 жылғы қарашадағы 3,90-ға дейін ұлғайды.

2012 жылғы желтоқсандағы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2012 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,3 млрд. АҚШ долл. дейін 4,6%-ға азайды (жыл басынан – 3,6%-ға төмендеді). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 4,7%-ға азайып, 27,7 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан 3,6%-ға төмендеді). Таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы желтоқсанда 5,3%-ға азайды. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар нәтижесінде, сондай-ақ әлемдік нарықтарда оның бағасының төмендеуі нәтижесінде 2,4%-ға азайды.

2012 жылғы желтоқсанда елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 57,8 млрд. АҚШ долл.) 1,3%-ға 86,0 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеді (жыл басынан бастап 17,9%-ға өсті).

2012 жылғы желтоқсанда ақша базасы 7,6%-ға кеңейді және 2889,9 млрд. теңге (жыл басынан бастап кеңеюі – 1,9%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7,0%-ға 2831,0 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

2012 жылғы қарашада ақша массасы 2,1%-ға 10465,5 млрд. теңгеге дейін азайды (жыл басынан бастап өсуі – 7,3%). Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 2,0%-ға 1379,9 млрд. теңгеге дейін төмендеді (жыл басынан бастап өсуі – 1,0%), банк жүйесіндегі депозиттер 2,1%-ға 9085,5 млрд. теңгеге дейін азайды (жыл басынан бастап өсуі – 8,3%). Депозиттердің ақша массасы құрылымындағы үлесі 2012 жылғы қарашада 2012 жылғы қазандағымен салыстырғанда өзгерген жоқ және 86,8%-ды құрады.

Ақша мультипликаторы 2012 жылғы қарашада тіркелген ақша базасының тарылуымен салыстырғанда ақша массасының салыстырмалы түрде аз қысқаруы салдарынан 2012 жылғы қазандағы 3,77-ден 2012 жылғы қарашаның қорытындылары бойынша 3,90-ға дейін ұлғайды.
4. 2012 жылғы валюта нарығы. 2012 жылы теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,50–150,86 теңге ауқымында өзгерді. 2012 жылы теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы номиналды көрсетуде 1,6% әлсіреді және жылдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 150,74 теңге болды.

2012 жылы Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2011 жылмен салыстырғанда 21,6%-ға төмендеп, 55,4 млрд. АҚШ долл. болды. Операциялардың ең аз көлемі қаңтарда, ең көбі - тамызда байқалды.

Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 31,2% төмендеп, 26,9 млрд. АҚШ долл. құрады. Операциялардың ең аз көлемі наурызда, ең көбі – 2012 жылғы желтоқсанда байқалды.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 25,0% төмендеп, 82,3 млрд. АҚШ долл. болды.



2012 жылғы желтоқсандағы валюта нарығы. 2012 жылғы желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,13–150,74 теңге ауқымында өзгерді. 2012 жылғы желтоқсанда теңге іс жүзінде өзгерген жоқ және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 150,74 теңге болды.

2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 24,2% азайды және 4,3 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 41,0%-ға өсіп, 3,5 млрд. АҚШ долл. болды.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 4,4%-ға төмендеді және 7,8 млрд. АҚШ долл. болды.
5. 2012 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының және Ұлттық Банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноттарының көлемі дисконтталған баға бойынша 3091,3 млрд. теңге құрады.

2012 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды, 2011 жылмен салыстырғанда 58,3% -ға ұлғайтып, 1066,7 млрд. теңгеге орналастырды.

2012 жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша 102 аукцион өткізілді, онда 9-айлық МЕККАМ (олар бойынша кірістілік 2,52% құрады), 12-айлық МЕККАМ (олар бойынша кірістілік 3,03% құрады), 2, 3, 4, 5-жылдық МЕОКАМ (олар бойынша кірістілік тиісінше 3,23%, 4,40%, 5,37% және 5,58% құрады), 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 15, 16, 20-жылдық МЕУКАМ (кірістілік тиісінше – 5,75%, 6,00%, 5,30%, 6,00%, 6,35%, 5,00%, 6,60%, 6,60%, 5,50% және 6,70% құрады), 8, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19-жылдық МЕУЖКАМ (олар бойынша кірістілік инфляция деңгейінен 0,01% болды).

Нәтижесінде, 2012 жылы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 0,7%-ға 2905,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылы 857,2 млрд. теңге болды, бұл 2011 жылға қарағанда 3,5 есе аз. Нәтижесінде 2012 жылғы желтоқсанның аяғында айналыстағы ноттардың көлемі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 186,1 млрд. теңгеге дейін 2,7 есе азайды.

Ноттар бойынша тиімді кірістілік 2011 жылдағы 1,21%-дан 2012 жылдың қорытындысы бойынша 1,46%-ға дейін ұлғайды.



2012 жылғы желтоқсандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. 2012 жылғы желтоқсанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 11 аукцион өткізілді. Онда 9-айлық МЕККАМ (3,0 млрд. теңге), 2-жылдық МЕОКАМ (2,5 млрд. теңге), 3-жылдық МЕОКАМ (7,2 млрд. теңге), 4-жылдық МЕОКАМ (12,3 млрд. теңге), 5-жылдық МЕОКАМ (10,6 млрд. теңге және 6,8 млрд. теңге), 6-жылдық МЕУКАМ (2,1 млрд. теңге), 7-жылдық МЕУКАМ (13,2 млрд. теңге), 10-жылдық МЕУКАМ (2,0 млрд. теңге), 20-жылдық МЕУКАМ (1,4 млрд. теңге), 17-жылдық МЕУЖКАМ (21,5 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 9-айлық МЕККАМ бойынша – 2,52%, 2-жылдық МЕОКАМ – 3,23%, 3-жылдық МЕОКАМ – 4,40%, 4-жылдық МЕОКАМ – 5,37%, 5-жылдық МЕОКАМ – 5,58%, 6-жылдық МЕУКАМ – 5,75%, 7-жылдық МЕУКАМ – 6,00%, 10-жылдық МЕУКАМ – 6,35%, 20-жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,70%, 17-жылдық МЕУЖКАМ – инфляция деңгейінен 0,01% құрады.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2012 жылғы желтоқсанның аяғында 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,0% ұлғайып, 2905,2 млрд. теңге құрады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 2012 жылғы желтоқсанда 3,9 есе ұлғайып, 47,9 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша (15,1 млрд. теңге), 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша (15,1 млрд. теңге), 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша (17,7 млрд. теңге) 3 аукцион өтті.

Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 3 айлықтар бойынша – 1,07%, 6 айлықтар бойынша – 1,51%, 9 айлықтар бойынша – 1,82% болды.

Айналыстағы ноттар көлемі 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 2012 жылғы желтоқсанның аяғында 29,3% қысқарып, 186,1 млрд. теңгені құрады.


6. 2012 жылдың 11 айындағы банкаралық ақша нарығы

2012 жылдың 11 айында орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,8% азайып, баламасы 18,7 трлн. теңге болды.

Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 61,6% төмендеп, 5,1 трлн. теңге (2012 жылдың 11 айында орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 27,4%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2011 жылғы қарашадағымен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 0,07 пайыздық тармаққа ұлғайып, 0,74%-ды құрады.

Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылдың 11 айында 62,2%-ға төмендеп, 4,9 трлн. теңгені құрады.

2012 жылдың 11 айында орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 11,0% азайды және 83,8 млрд. АҚШ долл. (2012 жылғы 11 айда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 66,9%) құрады. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы қарашада 0,18% болды, 2011 жылғы қарашада ол 0,23% болған.

Еуродағы орналастырылған депозиттердің көлемі 2011 жылғы 11 айдағымен салыстырғанда 64,0%-ға төмендеп, 3,2 млрд. еуроны (2012 жылдың 11 айында орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 3,2%) құрады. Орналастырылған еуро депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2011 жылғы қарашадағы 0,60%-дан 2012 жылғы қарашада 0,15%-ға дейін төмендеді.

Рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі 2012 жылғы 11 айда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен шамалы – 2,5% болып қалуда.
7. 2012 жылғы 11 ай ішіндегі депозит нарығы. Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2012 жылғы қаңтар-қараша ішінде 8,3%-ға 9085,5 млрд. теңгеге дейін артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 3,7%-ға 5874,4 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 17,9%-ға 3211,1 млрд. теңгеге дейін өсті.

2012 жылғы қаңтар-қарашада ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8,6%-ға 6252,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 7,7%-ға 2833,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 68,6%-дан 68,8%-ға дейін ұлғайды.

Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы қаңтар-қарашада 17,6%-ға 3245,2 млрд. теңгеге дейін артты. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 20,3%-ға 1922,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 13,9%-ға 1322,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсандағы 57,9%-бен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 59,3%-ға дейін артты.

2012 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2,1% (2011 жылғы желтоқсанда – 2,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (8,4%) болды.


8. 2012 жылғы 11 ай ішіндегі кредит нарығы. 2012 жылғы қаңтар-қараша ішінде банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9737,5 млрд. теңгені құрап, 10,5%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6811,5 млрд. теңгеге дейін 19,9% артты, шетел валютасында 2926,0 млрд. теңгеге дейін 6,5%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 64,5%-дан 70,0%-ға дейін өсті.

2012 жылғы қаңтар-қарашада ұзақ мерзімді кредиттеу 7844,2 млрд. теңгеге дейін 10,2% ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттеу 1893,4 млрд. теңгеге дейін 11,7%-ға өсті. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 80,8%-дан 80,6%-ға дейін төмендеді.

2012 жылғы қаңтар-қарашада заңды тұлғаларға кредиттер 6939,1 млрд. теңгені құрап, 7,3%-ға артты, жеке тұлғаларға – 2798,4 млрд. теңгеге дейін 19,3%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 26,6%-дан 28,7%-ға дейін артты.

2012 жылғы қаңтар-қарашада шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1390,5 млрд. теңгеге дейін 3,6%-ға ұлғайды, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,3% (2011 жылғы желтоқсанда – 15,2%) құрайды.

Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда 20,0% (2011 жылғы желтоқсанда – 20,8%), құрылыс 14,2% (15,1%), өнеркәсіп 12,0% (12,0%), ауыл шаруашылығы 3,0% (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.



2012 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,7% (2011 жылғы желтоқсанда – 10,8%), жеке тұлғаларға – 21,4% (20,4%) құрады.





Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет