Национальный банк



жүктеу 15.1 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі15.1 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫ
1 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І

2012 жылғы 11 қантар


2011 жылдың 1 желтоқсандағы төлем карталарының статистикасы

2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 21 банк және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі - 97,0%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және China Union Pay.

Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банкі» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы – «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 9,5 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 8,8 млн. адам болды (2010 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда - тиісінше өсу 10,3% және 9,8%).

2011 жылғы қарашасында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялардың көлемі 400,8 млрд. теңге болды (2010 жылғы қараша айымен салыстырғанда өсу 33,7%). 2011 жылғы қарашада транзакциялар саны 13,6 млн. транзакция болды және 2010 жылғы қараша айымен салыстырғанда 13,6% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 14,2% (2,7 млн. транзакция) және 46,3% (58,8 млрд.теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікі тиісінше 13,5% (10,9 млн. транзакция) және 31,8% (342,1 млрд. теңге) болды.

2011 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша:

- Айналымдағы төлем карточкаларының саны – 837,3 мың;

- Карточка ұстаушыларының саны – 780,2 мың адам;

- Қолданылған төлем карточкаларының саны - 408,0 мың;

- POS – терминалдар саны - 1924 дана;

- Импринтерлер саны - 20 дана;

- Банкоматтар саны - 729 дана;

- Сауда кәсіпорындарының саны – 780;

- Банк киоскілерінің саны – 137.



Қолма-қол ақшаны берудің транзакциясының саны 2011 жылғы қараша айында 1085,1 мың, сомасы 29249,0 млн.теңгені, қолма-қол жасалмайтын төлемдер бойынша транзакциялардың саны 111,5 мың, сомасы 2941,0 млн. теңгені құрады.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет