Наименование листинговой компании



жүктеу 72.35 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі72.35 Kb.

2015 ЖЫЛҒА КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ





«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ



Корпоративтік оқиға (іс-шара)

Өткізу күні

1

Сукук ислам облигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

4 ақпан

2

4-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

23 наурыз

3

Малайзияның RAM Ratings рейтингтік агенттігімен Эмитенттің рейтингін, оның борышқорлық бағалы қағаздарын және шығару бағдарламаларын қайта қарастыру бойынша жылдық кездесу

2-ші тоқсан ішінде

4

2014 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп беру

1 мамырға дейін

5

Банктің жалғыз акционерімен бекітілген 2014 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есепті жариялау

31 мамырға дейін

6

2015 жылдың 1-ші тоқсаны үшін шоғырландырылған аралық қаржылық есеп беру

есептік тоқсан өткеннен кейін 45 күн ішінде

(15 мамырға дейін)



7

2015 жылдың 1-ші тоқсаны үшін шоғырландырылған аралық қаржылық есебін жариялау

2-ші тоқсан ішінде

8

2014 жылдың нәтижелері бойынша инвесторлар үшін конференц-қоңырау

31 мамырға дейін

9

Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігімен Эмитенттің рейтингін қайта қарастыру бойынша жылдық кездесу

маусым

10

3-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

3 маусым

11

6-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

10 маусым

12

5-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

20 маусым

13

Теңгелік облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу

29 маусым

14

Fitch Ratings рейтингтік агенттігімен Эмитенттің рейтингін қайта қарастыру бойынша жылдық кездесу

екінші жартыжылдық ішінде

15

Standard & Poor’s рейтингтік агенттігімен Эмитенттің рейтингін қайта қарастыру бойынша жылдық кездесу

екінші жартыжылдық ішінде

16

Сукук ислам облигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

4 тамыз

17

2015 жылдың 2-ші тоқсаны үшін шоғырландырылған аралық қаржылық есеп беру

есептік тоқсан өткеннен кейін 45 күн ішінде

(15 тамызға дейін)



18

2015 жылдың 2-ші тоқсаны үшін шоғырландырылған аралық қаржылық есебін жариялау

3-ші тоқсан ішінде

19

2015 жылдың 1-ші тоқсан нәтижелері бойынша инвесторлар үшін конференц-қоңырау

қыркүйек

20

4-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

23 қыркүйек

21

2015 жылдың 3-ші тоқсаны үшін шоғырландырылған аралық қаржылық есеп беру

есептік тоқсан өткеннен кейін 45 күн ішінде

(15 қарашаға дейін)



22

2015 жылдың 3-ші тоқсаны үшін шоғырландырылған аралық қаржылық есебін жариялау

4-ші тоқсан ішінде

23

3-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

3 желтоқсан

24

6-транш еурооблигациялары бойынша купондық сыйақы төлеу

10 желтоқсан

25

5-транш еурооблигацияларын өтеу

20 желтоқсан

26

Теңгелік облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу

29 желтоқсан

27

Банк қызметінің шеңберінде баспасөз хабарламаларын тарату, ақпараттық оқиғалар пайда болған сайын баспасөз мәслихаттарын өткізу

жыл бойы жүйелі түрде

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады. Осыған орай «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабының 4-тармағына сәйкес барлық дауыс құқығын беретін акциялардың барлығын бір акционер иеленетеін қоғамда жалпы акционерлер отырысы өткізілмейді. Заңмен немесе қоғамның жарғысымен жалпы акционерлер отырысының құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешім жалғыз акционермен жеке-дара қабылданады және жазбаша түрде рәсімделуге жатады, алайда ондай шешімдер артықшылықты акциялармен берілген құқықтарды шектемеу және шек қоймау керек.



Басқарушы Директор – Басқарма мүшесі Д. Сахипов

ЕСКЕРТПЕЛЕР:
Корпоративтік оқиғалар күнтізбесінде көрсетіле алатын оқиғалардың шамалас тізімі1:


  • Листинг компанияның ірі мәміле немесе листинг компаниясының мүддесі бар мәміле бекіту және сол оқиғаның нәтижелері туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының аралық қаржылық есебін жариялау, сонымен қатар сол қаржылық есепті «Қазақстан қор биржасы» АҚ тапсыру ниеті (күнін листинг туралы шартқа сәйкес көрсетіңіз);

  • Листинг компаниясының кезектен тыс жалпы акционерлер (қатысушылар) жиналысын өткізу және сол жиналыстың нәтижесі жайлы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының жаңа бағалы қағаздар шығару туралы шешім қабылдау және өкілетті органның листинг компаниясының бағалы қағаздарын орналастыру нәтижелері туралы есептерін, листинг компаниясының бағалы қағаздарын өтеу нәтижелері туралы есептерді мақұлдау және листинг компаниясы жоғарыдағы шешімдердің нәтижелері туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының шығаратын өнімдеріне, атқаратын жұмыстарына және/немесе көрсететін қызметтеріне өзгертулер енгізу және жоғарыда аталған оқиғалардың нәтижелері туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының жылдық жалпы акционерлер (қатысушылар) жиналысын өткізу және сол жиналыстың нәтижесі жайлы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының мәміле немесе мәмілелер қатары нәтижесінде оның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің бес және одан артық пайызы көлеміндегі меншік акцияларын сату және сол оқиғаның нәтижелері туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының облигациялар бойынша кезекті купондық сыйақы төлеуі және купондық сыйақы төлеу нәтижесі туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының меншік акциялар бойынша дивидендтер төлеу және содан кейін дивидендтер төлеу нәтижелері бойынша хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының жылдық аудиттелген қардылық есебін бұқаралық ақпарат жүйесінде, листинг компаниясының Интернет-сайтында жариялау, сонымен қатар осы қаржылық есепті «Қазақстан қор биржасына» АҚ тапсыру ниеті (күнін листинг туралы шартқа сәйкес көрсетіңіз);

  • Листинг компаниясының менщік капиталының көлемінен жиырма бес және одан артық пайызы көлемінде қарыз алу және сол оқиғаның нәтижелері туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының қандай-да бір қызмет түрлерін атқаруға лицензия алу, листинг компаниясы бұрын алған қандай-да бір қызмет түрлерін атқаруға лицензияларын тоқтату немесе күшін жою және листинг компаниясының қандай-да бір қызмет түрлерін атқаруға жоғарыда аталған лицензияларын алу, тоқтату немесе күшін жою нәтижелері туралы хабарлау ниеті;

  • Листинг компаниясының заңды тұлғаны құруға қатысып, содан кейін осы шешімнің нәтижесі туралы хабарлау ниеті.


Корпоративтік оқиғалар күнтізбесіне (бұдан әрі – күнтізбе) өзгертулер енгізілген жағдайда, күнтізбеде көрсетілген мәселелер бойынша Листинг компаниясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ағымдағы күнтізбелік жылға жаңартылған күнтізбе беру керек.

1 Бұл тізім қолданыстағы 2003 жылдың 13 мамырындағы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» № 415-II Заңына, сонымен қатар жаңа мәтіндегі Листинг ережелеріне сәйкес жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет