Алдағы сәуір айына арналған жұлдыз жорамал күш-қуатыңызды қайда бағыттап, қай кезде маңызды шешімдер қабылдау керегін және қандай сәтте асықпау керегін түсінуге көмектеседі. 

Фото: pixabay.com

Астрологтар жұлдыз белгілеріне табиғатта демалуға, жақындарына көңіл бөлуге кеңес береді. 

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Сәуірде тоқтылар өзін-өзі тануға, шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік алады. Тоқтылар жаңа қырынан көрініп, өз бойындағы ешкім білмейтін қабілеттерді ашады. Сондай-ақ бұл жолы өзін көрсетіп қалудың сәті түсіп тұр.  Сүйікті ісіңіз үлкен табыс әкелуі мүмкін. Тоқты белгісіндегі ер адамдар отбасына және жақындарына көбірек көңіл бөлгені дұрыс. Өйткені алдағы уақытта олар жақындарының қолдауына зәру болуы әбден мүмкін. Ал әйелдер өзін-өзі бағалауды үйрену үшін және айналасындағы адамдарға естен кетпес әсер қалдыру үшін имиджін өзгерткені жөн. Сәуір айы тоқтылар үшін романтикалық қарым-қатынас үшін қолайлы болғанымен, астрологтар өміріңізді өзгертетін таныстықтарға әуес болмауға шақырады. 

Торпақ (21 сәуір — 20 мамыр)

Сәуір айында торпақтарды ауыр әрі күйзеліске толы кезең күтіп тұр. Аталмыш жұлдыз белгілері физикалық және эмоционалды тұрғыдан шаршауы мүмкін. Астрологтар торпақтарға әзірге үлкен бастамалар мен маңызды шешім қабылдаудан бас тартуға кеңес береді. Қазіргі жұмыстарыңызбен айналысыңыз және шешілмеген мәселелеріңіз болса шешімін табуға тырысқаныңыз дұрыс. Осылайша жаңа жетістіктер үшін кеңістігіңіз бен энергияңызды босатасыз. Қарбалас жұмысқа қарамастан, жүрегінің жартысын іздеп жүрген торпақтардың махабатта жолы болмақ. Ал ерлі-зайыптылар келер айда жұбайының тарапынан қолдауға ие болып, бір-біріне түсіністікпен қарайтын болады.

Егіздер (21 мамыр – 21 маусым)

Сәуір айында егіздер жасы келген жақындары мен туыстарына барынша қолдау көрсетіп, оларға тірек болғаны дұрыс. Жақындарыңызда қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Олар сізден көмек күтеді. Астрологтар көмек беруден бас тартпауға кеңес береді. Өйткені бірге көтерген жүк жеңіл болады, қиындықтарды бірлесе жеңесіздер. 

Шаян (22 маусым — 22 шілде)

Келер ай шаяндар сәттілік пен бақытты серік етеді. Өмір сізге сәтті билетті сыйға тартуы әбден мүмкін. Шаяндарды перспективті таныстықтар мен романтикалық қарым-қатынастар күтеді. Барлық салада сәттіліктер күтіп тұр. Жақындарыңыздың қолдауынан да кенде қалмайсыз. Қаржылық тұрақтылық та жаныңызға тыныштық сыйлайды. 

Арыстан (23 шілде — 22 тамыз)

Сәуір айында арыстандардың өмірінде түбегейлі өзгерістер болуы мүмкін. Сіз өзіңіздің мамандығыңызды немесе тұрғылықты жеріңізді өзгертіп, маңызды шешім қабылдайсыз. Өзгерістен қорықпаңыз және өзіңіз үйреніп қалған жайлы өміріңізді өзгерту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Батыл шешімдер жеке және кәсіби мәртебеңіз бен деңгейіңіздің өсуіне әкеледі. Астрологтар арыстандарға өзін-өзі дамытуға және біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлуге кеңес береді.

Бикеш (23 тамыз — 22 қыркүйек)

Сәуірде бикештер бар уақытын практикалық және қаржылық мәселелерді шешуге бағытталады. Астрологтар шығындарыңызды оңтайландыруға және қосымша табыс көзін іздеуге кеңес береді. Қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік беретін жақсы табыс көзін ашуыңыз болуы мүмкін. Жеке өміріңізде жақын адамдарыңызбен жанжалдасып қалуыңыз ғажап емес. Эмоцияға берілмей, бір ымыраға келуге тырысыңыз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Таразыларға сәуір айында романтикалық қарым-қатынастар жағымды, естен кетпес сәттер сыйлайды. Достарыңызбен, отбасыңызбен және жақын адамдарыңызбен жақын араласып, қарым-қатынасты нығайтасыз. Мамандар арыстандарға жақындарымен қарым-қатынасты нығайтуға көбірек уақыт бөлуді ұсынады. Сезіміңізді білдіруден және болашаққа жоспар құрудан қорықпаңыз. Бойдақ таразылар үшін келер ай романтикалық таныстықтарға толы болмақ.

Сарышаян (23 қазан –  21 қараша)

Сәуір айында сарышаяндар ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді бастан кешеді. Сіз өзіңіздің сенімдеріңіз бен құндылықтарыңызға күмәнмен қарауыңыз мүмкін. Күрделі рухани өзгерістерді өткеруіңіз де ғажап емес. Медитацияға, йогаға немесе өзіңізді тануға уақыт бөліңіз. Астрологтар егер сіз рухани және физикалық арасындағы байланысқа көңіл бөлсеңіз, қаржылық жағдайыңыздың нашарлап кету қаупі жоғары екенін ескертеді. Интуицияңызға сеніңіз. 

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Келер айында мергендер ел назарында болады. Әлеуметтік шараларда көзге түсіп, жақсы адамдармен танысасыз. Жұлдыз жорамал сөзіңіз бен іс-әрекетіңізге абай болуға кеңес береді. Себебі біреуді байқамай ренжітіп алуыңыз мүмкін. Жеке өміріңізде жанжалдар мен сынақтарға тап болуыңыз ғажап емес. Келісім келуге тырысыңыз және достарыңыздың пікіріне құлақ асыңыз.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

Тауешкілер үшін сәуір тынышта өтеді. Үй шаруасына көңіл бөліңіз және жақсылап ойланып, әрекеттеріңізді ой елегінен өткізіңіз. Астрологтар табиғатта көбірек уақыт өткізуге және шығармашылықпен айналысуға кеңес береді. Келер ай отбасыңызбен, достарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға өте қолайлы. Жүрегінің жартысын іздеп жүрген тауешкілер сүйтісін кездестіруі әбден мүмкін.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)

Суқұйғыштар үшін кәсіби салада жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашылады. Сізге қызметіңізді өсіретін немесе қызықты жобаларға қатысу туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Сондай-ақ суқұйғыштардың бірегейлігі мен шығармашылығы жоғары бағаланады. Астрологтар тауешкілерге сәуір айында өмірдің қаржылық жағына да назар аударуға кеңес береді. Табысыңызды арттырып, қаржылық жағдайыңызды жақсарта аласыз.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)

Балықтар үшін сәуір айын романтикалық қарым-қатыстар мен жан тыныштыққа арнайды. Сіз өзіңізге жаңа таныстыққа әкелетін тартатын, айналаңызға жағымды атмосфера сыйлайтын қуатты энергияны таратасыз. Астрологтар балықтарға табиғатта көбірек уақыт өткізуді және өзі сүйіп жасайтын, рахат сыйлайтын іспен айналысуға кеңес береді. Сәуір айы өзін-өзі дамытуға және өзін шығармашылық жағынан көрсетуге өте қолайлы.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.