Направление



жүктеу 25.73 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі25.73 Kb.
түріКодекс

Мақала
Баланы отбасына алғысы келетін азаматтарға.
Бұрынғы кезде сияқты бүгінгі күні де кейбір балалар өздерін дүниеге әкелген адамдармен емес, басқа адамдармен тәрбиеленуде. Олар қамқоршылар, қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер және асыраушылар болып табылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Бала асырап алуға, патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Республика аймағында үнемі тұратын азаматтарды есепке алу қағидалары бекітілген болатын. Азаматтарды есепке алуды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргізеді.


      Кодекстің 91-бабы
. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар

      1. Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.

2. Мыналарды:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;

7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

9) бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;

10) азаматтығы жоқ адамдарды;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.

3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды.

Сондай-ақ, асыраушы және асырап алынатын бала арасындағы жас есепке алынады.



Баланы таңдаған және оны асырап алу (қызды асырап алу) жағдайында, Қазақстан Республикасының заңнамасында әр асыранылған жетім балаға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға бір реттік ақшалай төлем, жетпіс бес айлық есеп көрсеткіші көзделген.

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген азаматтарды есепке алу, сондай-ақ баланы асырап алу (қызды асырап алу) жағдайында бір реттік ақшалай төлем мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.



Қосымша ақпаратты 8716 36 4 58 88 сенім телефоны бойынша алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет