Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жұмыссыз тұрғындары аудан басшылығына үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mangystaumedia.kz

Олар аудандағы өндірістік мекемелерге және West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін жеткізді.

Бұған дейін West Oil компаниясының басшылығы жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаған жағдайда, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген еді. Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралған. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтқан.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында West Oil мұнай компаниясының жұмысшылары 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бері жұмысқа шықпай, наразылық білдіріп жатқаны туралы жазған едік. Жұмысшылар жалақыларының төмендігіне, техниканың ескілігіне, әлеуметтік пакеттің жоқтығына шағымданған. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.