НарықТЫҚ экономикадағы халықТЫҢ Қаржыгерлік психология процестері және іс-әрекеттері



жүктеу 160.17 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі160.17 Kb.

ӘОЖ 336.763(574)
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫГЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯ ПРОЦЕСТЕРІ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
Экон.ғыл.докт. С.Әуелбаев

Нарықтық экономика жағдайында халыққа қаржылық қызмет көрсетудің технологиясы.

Нарықтық қатынастар психологиясының біртұтастығы. Әрбір адамдар-дың нарықтық қатынастарды тани біліп, қабылдап оны іс-әрекеттілік еріктілікте пайдаланудағы естің біртұтастық қызметі - қаржыгерлік психологиялық қабілеті анықтайды.

Адамдардың жан қауттарындағы қаржыгерлік психологиялық процестердің түрлері:




Қаржыгерлік іс-әрекет,

қабілет, ерік

Қаржыгерліктегі нарықтық қатынастырды қабылдау. Қаржыгерліктегі нарықтық қатынастарды қабылдау дегеніміз - мидың экономикалық қатынастар-дағы күрделі талдау қызметтерінің нәтижелерін еңгізу. Әр адамдардың бірнеше экономикалық талдаулардың қорытынды шешімдер нәтижесін қабылдау әртүрлі. Қандай құбылыс болмасын оны қабылдау үшін ықылас керек. Демек, қаржыгерлікті қабылдау үшін қаржыгерлік ықыластың аударылуы әртүрлі дәрежеде. Ықыласы жоқ қаржыгерлік еріксіздіктен туғандықтан, ол әрқашанда нәтижесіз. Қабылдау процесінде адамдардың өткендігі экономикалық қатынастар тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Нарықтық қатынастардың мағынасын түсінудің түрі - оны тану. Экономикалық құбылыс өзгерістерін танымайынша оны аңғарып қабылдау қиындайды. Экономикалық құбылыс өзгерістерін танып білу үшін біраз уақыт бойына байқау жүргізіледі. Эконо-микалық өзгерістерді байқау - оны бақылау арқылы нәтижеленеді. Қаржыгерлік-тің мұрагерлікте жалғасуында оның өсиеттік тәрбиесін қабылдатуы бар.

Қаржыгерлік түйісік. Экономикалық қатынастар құбылысын сезіну әсер етуінен мидағы пайда болған қабылдауды түйсік деп атайды. Экономиканы танып білу, түйісіктен басталады. Түйісік нарықтық қатынастарды ұйымдастырудағы алғашқы көзі және алғашқы баспалдағы. Нарықтық қатынастардағы шындық-ты нақты бейнелеу, түйісік арқылы туындайды. Қаржыгерлік түйісіктер - нарықтық көрсеткіштерді талдау нәтижесінің түйісіктері, экономикалық қа-тынастарды бақылау түйісіктері, халықтың әлеуметтік жағдайындағы көрсет-кіштер туралы т.с.с.. Қаржыгерлік түйісік болмайынша нарықтық қатынастар жүргізу - ұтылысқа бағыттайды. Қаржыгерлік түйісік сыртқы құбылысты қабыл-дау. Осы қабылдау нәтижесі нарықтық қатынастар жүргізуге қолданады.

Қаржыгерлік сезімдік таным. Қаржыгерлік қабылдау мен түйсік процес-тері операцияларының нәтижесінде сезімдік таным пайда болады.

Қаржыгерлік сезімнің өзі:



  • қаржылану немесе қаржыланбау сезімі;

  • қаражаттану немесе қаражаттанбау сезімі;

  • қаражаттау немесе қаражаттамау сезімі;

  • қаржылау немесе қаржыламау сезімдері.

Сезім - қаржыгерлік болжам жасаудың негізгі көзі. Сезім арқылы адамдар экономикалық қатынастарды жасау немесе жасамау шешімдерін қабылдайды. Қаржыгерлік сезімнің нәтижесі адамдарды қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Немесе наразылық көрсету, ызалану, кектену, тұңғиыққа бату сияқты көңіл-күйдегі сезімге бөлейді. Сезімдегі көңіл-күйдің сипаттық түрін адам баласы әрқашанда сыртқа шығару арқылы білдіреді. Сезімдердің әртүрлі көріністерде білдіру - материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты мақсат - мүдделерді орындауындағы өзгермеліктер. Әсіресе, сезімдегі көңіл күйдің көлденең табыс табудағы көтерілуін атап өткен жөн сияқты. Ал, егер сезімдегі көлденең табыстың орындалмау, бар көңіл-күйді өте төмен түсіреді. Бұл көлденең табыс табу психологиясы. Сол сияқты, еңбек ақылы табыс табудан гөрі капиталды табыстану-қаражаттану көңіл күйді көтеруіне өте әсерлі.

Қаржыгерлікті ойлау. Ойлау - сезімдік процесінен туып, одан әлдеқайда асып түсу психологиялық процесс. Қаржыгерлікті ойлау процесінің нәтижесін-де қаржыгерлік болжам шешімі шығады. Ой - біздің санамызға ең биік түйісік шыңы. Ойлау арқылы экономикалық қатынастардың белгісіз қасиеттерін, құпиясын меңгеруге болады. Бұрыңғы экономикалық қатынастардағы іс-тәжірибелік пен білімділік еске-ріп, ойлау арқылы қайта жаңғаруына байланысты оны өзгертіп отыруға болады. Ойлау қабілеттілік жаңа ақпараттардың нәтижесінде ескіріп немесе жаңғырып отыра-ды. Мысалы, экономикалық категориялардың атқару қызметтерінде жаңа актілер, инструкциялар, нормативтер арқылы өзгерістерінің енуі, ойдың білім арқылы жаңа-лауын қалайды. Генефондыға және білімге байланысты әркімнің өзіндік ой қабілетті қорытындылауы мен шешім шуғаруы әртүрлі болып кездеседі.

Қаржыгерлік дүниетанымдағы сезімдік процестер - қабылдау, пайымдау арқы-лы басталып ойлау процесін жалғастырады. Ойлау қабілетіндегі нәтиже әрқашанда экономикалық қатынастар нәтижесінің өзгермелігімен салыстырмалы тексеріліп тұрады. Ойлау қабілетінің нәтижесінде алдағы болатын экономикалық қатынастарды ұйымдас-тыруды алдын-ала сезілінеді. Ойлау нәтижесін өздігінен біреулерге білдірмесе, ол алынбайтын қамал. Сондықтан, бұл ой қамалындағы қорытынды шешімді кейбіреулер ұтымды қолданып артық табыс табуға қолданады. Адамдардың ойлау сезімдік ақпарат-тары жалған немесе шын болуына байланысты асығыстық нәтижесіз шешім қабылдауы да әбден мүмкін. Мысалы, жалған ақпараттарға өсек-аяң, түс нәтижелері әсерлерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты қаражаттау нәтижесі кейде ұтымды немесе тіптен ұтымсыз болуы әбден мүмкін. Сондықтан, әркімнің қаржыгерлікті меңгеруінде ойлау тәсілдерін жете пісіріп меңгере білген дұрыс. Ойлау үшін алдымен экономикалық құбылыс жаңалықтар процестерін жете түсіне білген жөн. Жете түсіну нәтижесінде ғана ойлау шешімі түбегейлі.

Қаржыгерлік ойлау түрлері:



  • қаржылау мөлшерін ойлаудағы тұтыну шығындарын қамтамасыз ету;

  • қаржылану мөлшеріне байланысты қаражат қорларға қаражаттау мүмкіншілігін ойлау;

  • қаражат қор мөлшерлеріне байланысты қаражаттанудағы ойлау;

  • қаражат қорлардан қаржылауды қамтамасыз етуді ойлау;

  • қаржы институттармен қаржыгерлік қатынастарды ойлау.

Қаржыгерлік қиял. Экономикалық қатынастардың жаңа бейнесін жасау тек қаржыгерлік жетік қиял елестен туады. Экономикалық қатынастар бейнесін жасау әрқашанда субъектілік экономикалық жүйесінің даму процестеріне тікелей байла-нысты. Қай адамның немесе қай жанұяның болмасын қиял армандарының бірі - салауат-ты қамтамасыз етілген өмір сүру. Қаржыгерлік қиял ғана әрбір адамды қаржыгерлік мүддені орындауға жетелейді және ықпалын тигізеді. Қаржыгерлік қиялдың түрлері:

  • зейнет ақы қорларға қаражаттаудан кәрілікке тек өзін қамтамасыз етіп қоймай, өз үрім-бұтағына мұра қалдыру. Сондықтан, болар халық ауызындағы мақалдардың бірі «Жас кезімде пейнет бер, қартайғанда зейнет бер» - деп қиялдайды;

  • банктер депозиттеріне мақсатты қаражат қорлар жинау мүмкіншіліктеріне байланысты қиялдану;

- жеке меншік кәсіпшіліктерді дамытудағы қаржыгерлік қиялдар;

- құнды қағаздарды егеленуіндегі қиял.

Сонымен қаржыгерлік қиялдарды:


  • мұрагерлік қиял;

  • кәсіпшілік қиял;

  • мақсатты қиял - деп қарастыруға болады.

Қаржыгерлік қиял дегеніміз - экономикалық қатынастар нәтижесінде болашақтағы қол жеткізер армандар.

Ойлау және қиялдану қаржыгерлігі экономикалық қатынастар процесінің логикалық танымын туғызады.



Қаржыгерлік ес.

Қаржыгерлік сезімдік таным мен логикалық таным, ес және сана психологиялық процесінде жинақталынады. Ес өте күрделі бірнеше процестер жиынтығы

Қаржыгерлік ес процестері:

- нарықтық қатынастарды есте қалдыру;



  • нарықтық қатынастарды есте қайта жаңғарту;

  • жаңа нарықтық қатынастарды есте қабылдау, тану;

  • ескі нарықтық қатынастарды керек еместігінен естегі ұмыту, естен шығару.

Қаржыгерлік ес дегеніміз - адамдардың жанжақты білімдіктегі, іс-тәжі-рибеліктегі жинаған күрделі қоры. Егер, экономикалық қатынастардың бір нәрсесі есте дұрыс сақталмаса ой процесінің дамуына кері әсерін тигізеді. Адамның естік қоры қорлаған сайын, олардың ойлау кеңістігі үлкейе түседі. Бірақ, естің барлық жағдайындағы қасиеті қандай ақпарат мәлімет болмасын оның бастауышын ғана сақтап, толық баяндауыш мәліметтеріне жауап бере бермейді. Сондықтан, әрбір кәсіпкер өзінің еске салу мәліметтеріне арналған жазба кітапшаларында әрқашанда толық мәліметтер анықтамасын жасауы керек.

Қаржыгерлік естің түрлері:



  • қаржыланудағы білімдік мүмкіншілік ес қоры;

  • қаражаттанудағы білімділік мүмкіншілік ес қоры,

  • қаржылаудағы білімділік ес қоры,

  • қаражаттаудағы білімділік ес қоры.

Әрбір адамдардың әртүрлі ес қорлары олардың қаржыгерлік қабілетіндегі әртүрлі жағдайға байланысты. Осыған байланысты әркімнің тұрмыстық жағдайы да әртүрлі болып кездеседі.

Қаржыгерлік сана. Сана - психиканың ең жоғарғы даму сатысы. Санасы өте дарынды адамдар жер бетінде санаулы. Себебі, дүниетанымдық (өмір танымдық) барлық жағынан жоғарғы сана сезімді адам, әрқашанда өзгелерден зеректелініп ерекшелінеді. Сана мен естің бірлестігі білімділік қор жасауында болса, айырмасы - санада ұмыту, экономикалық құбылысты қайта жаңғарту деген болмайды. Қаржы-герлік сана мен ес жиынтығы - нарықтық экономика қатынастарындағы әркім-нің қаржыгерлік қабілеті әртүрлі болатынына дәлел. Қаржыгерлік сана дегеніміз - экономикалық қатынастарды жүргізудегі білім және тәжірибе қоры. Қаржы-герлік ес - қаржыгерлік сана көзі.

Қаржыгерлік қабілет. Қаржыгерлік қабілетті нақты түсіну үшін экономикалық қатынастар процестерін: қаржыгерліктегі білімділікті қабылдау процестері, қаржыгерлік білімділікті қолдану процестері - деп бөле білу жөн.

Қаржыгерлік қабілет - қаржы-қаражат ресурстарының мөлшері мен қаржыгерлік білімділік жиынтығындағы икемділік жүргізу мүмкіншіліктері.

Қаржы-қаражат ресурстары адамдардың қабілеттілігін толық анықтай қоймай-ды. Мысалы, ақшасы бар адамдардың өзі аңқау болуы әбден мүмкін. Ал, білімділікті іс-әрекетте қолдана білу нәтижесі қаржыгерлік қабілетті қуаттайды. Қаржы-герлік білімділікпен оны қолдану қабілеттілік адамдардың әртүрлі деңгейде өмір сүру пішіндерін анықтайды. Атадан қалған байлық (немесе капитал) мұраға айнала-ды. Ал егер, оның жалғасын табар қаржыгерлік қабілет болмаса тауысылуы белгілі. Жеке адамдардың бойындағы табиғи қасиеттер - дарындылық пен талант қабілетте тума түрінде болумен қатар біліммен де дәрежеленеді. Осыған сәйкес, әрбір адам нарықтық қатынастардағы экономиканы өз қабілетінше жасап күресуі үшін, халық-тың қаржыгерлік психологиясы мен тәлім-тәрбиесіне жалғасып жататын ғылыми пәнделік қасиеттері бар.



Қаржыгерлік іс-әрекет. Қаржыгерлік - тек іс-әрекеттерімен ғана тиімді. Әрбір адамның іс-әрекетімен айнала-суындағы қабілеттілікке жету үшін бейімделуі-мен бірге мінез құлығындағы еңбек сүйгіштік, шешімді батылдық сапалықтары керек. Қаржыгерлік іс-әрекет дегеніміз - түрлі тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты белгілі табыстылық мақсаттарға жетуге бағытталған процестер. Іс-әрекетсіз ештеңе қозғалмауы мүмкін. Сондықтан, қазақтар «Әрекет түбі береке» - дейді. Халықтың қаржыгерлік іс-әрекеті – субъектілік шаруашылықтарда табысты еңбек ету, қаражат қорлар жинау мақсатындағы шығындарды қамтамасыз ету, жеке меншік кәсіпкерліктегі қаржы-қаражат көздерімен қамтамасыз етіп одан қаражаттану.

Қаржыгерлік іс-әрекеттерді жасау үшін алдымен бірнеше болатын қаржыгерлік күдіктерді ой елегінен өткізу қажет. Қаржыгерлік күдік дегеніміздің өзі - күмәнді фактілерді болдырмау үшін алдын-ала қауіпсіздендіру. Қаржыгерлік күдік тек ал-дағы болатын қайшылықтардағы қаржыгерлік сезімдер. Қаржыгерлік сезім тек қар-жыгерліктегі секем алудан туындайды. Қаржыгерлік секемдер - алдын-ала бола-тын қаржыгерлік оқиғалардың терістігін тексеру. Қаржыгерлік секемнен қаржы-герлік сезімдер арқылы, қаржыгерлік күдіктер сейілгенен кейін барып, қаржыгерлік сенімге ие болған ерікке орын беріп, қаржыгерлік қасиеттің сапалығын артыруға болады. Қаржыгерлік күдіктерге назар аудармау, қаржыгерліктегі қапа мен уайым туғызады.



Қаржыгерлік күдіктер - жеке қаржыгерліктегі күдіктер және қаржыгер-лік бірлестіктердегі ортық күдіктер болып бөлінеді. Қаржыгерлік күдіктерді сейілту жолдары: қаржыгерлік күдіктерді жорамалдау, қаржыгерлік күдіктерді алдын-ала болжау, қаржыгерлік күдіктерді тексеру мен бақылау.

Қаржыгерлік іс-әрекеттердің орындауындағы кейбір теріс пиғылдардың қайшылықтарынан қорғанатын қаржыгерлік құпиялары болады.

Қаржыгерлік құпияның бір түрі кәсіптік шеберлікті сақтау арқылы өнімнің сапасын өзіндік қайталанбас ерекшелігін сақтау арқылы табыстану. Кәсіптік шебер-лік атадан балаға ауысатын мұрагерліктің бір түрі.

Қаржыгерлік зейін. Қаржыгерлік құпияны сақтаудың өзі, өзіндік және субъектілік экономика жүйелігінде болып бөлінеді.

Бір түрдегі бірнеше мәрте қайталанып орындалатын экономикалық операция-лардың ішінен өзіне керектігін бөліп алып оны тұрақты қолдану үшін зейін керек. Мысалы, іләжі болса қаражат қорларға қаражаттаудан бұрын, олардың өз мүдде қызы-ғына, тиімділігін ойлап қалауда, бұрыңғы болған экономикалық операциялар тиім-сіздерін ұмыта бастайды. Сондықтан, экономикалық қатынастар нәтижелі болуы зейінге байланысты. Сезімдік таным және логикалық танымдардағы психологиялық процестер зейінге түрліше әсерінен адамның зеректігі қалыптаса және оны күшейте түсіріп бөліп жіберуге себебін тигізеді.



Адамдардың қаржыгерлік зейінін ырықты, ырықсыз, үйреншікті түрлерге бөлінеді. Қаржыгерлік қатынастардың өзі экономикалық қатынастар түрлері әсерлеріне байланысты қаржыгерлік ырықты операциялар орындауға, қаржыгерлік ырықсыз операциялар орындауға және қаржыгерлік үйреншікті операциялар орындауға бағыт-тайды. Мысалы, ырықсыз қаржыгерлік операциялар:

  • жақсы киіну үшін қызығушылықтағы экономикалық қатынастарды орындауды қажетсіну;

  • жақсы үй-жайларды егелену үшінгі қызығу нәтижесінде экономикалық қатынас-тарды ұйымдастыруды қажетсіну;

  • қызығарлық көлік мініп жүру үшін оған жеткілікті қаржы табуға әрекеттену т.б.с.с.

Қаржыгерлік ырықты зейін деп - экономикалық қатынастардағы операция-ларды жоспарлы түрде орындауы. Ырықты және ырықсыз қаржыгерлік зейін бір-бірімен алма кезек ауысып отырады. Қаржыгерлік үйреншікті зейін оның ырықты-ғынан дамиды.

Қаржыгерлік зейіндердің бәрі адамдардың іс-әрекеттен белгілі нәтиже шығару-ға бағыттайды. Адам қаржы табу еңбекке өздігінен берілуі ылғи ырықсыз көріністе болып қажығанымен, ол ырықты түріне ауысуда өзінің үйреншікті әдетіне айналады. Қаржыгерлік үйреншікті зейінге заманның талаптарының өзгеруі, оның бір қалыпты тұрақтылық тыныштығын әрқашанда бұзып жатады. Мысалы, жекеменшік кәсіп-шіліктегі біреулермен уақытылы есеп айырысу, артық дәрежеде салық салу, қор-қытып ақша сұрау, экономикалық операцияларды банктер жүйесі арқылы орындауда сыбағасын сұрау, жеке меншік тіршілікке біреулердің ортақтасуы, келісім шарттарын бұзу, жеке меншіктермен айналысудағы және оны дамытуда біреулердің кедергі жасау арқылы пәре сұрау т.с.с. толып жатқан жүйке тоздырарлық кесір-кедергілер бар. Бұл кедергілерге қарсы қаржыгерлік зейін қасиеттеріндегі білімділік керек.



Қаржыгерлік зейін қасиетінің ең алғашқысы, оның ерік-жігерліктегі тұрақ-тылығы мен жинақтылығы және шектен тыс шығындарға қарсы күресе алатындығы.

Кейбір қаржыгерлік қабілет өзіне тиімділік әсерінен зейінді ауыстыра біледі. Мысалы, жеке меншік кәсіпшілікті дамытудағы жұмыстардың (экономикалық қатынастардың) бір түрінен екінші түріне жылдам ауысуы. Зейіннің оңтайлы ауысу көрінісі, оның аударылуы деп аталынады. Нәтижелі басқа экономикалық қатынастарға зейіннің аударылуында бірнеше қаржыгерлік іс-әрекетті атқара білу мүмкіншілігі, оның бөлінушілдігі. Қаржыгерлік зейіннің бөлінушілдігі, оның қамтитын экономикалық құбылыстар объектілік сандарына байланысты зейін көлемі анықталынады. Сонымен, қаржыгерлік зейін қасиеттерінің көлемі кең немесе тар болып кездеседі. Зейіннің тар көлемділігіне қарамай қаржыгерліктен дұрыс нәтижелер әбден болады.

Жеке меншік кәсіпшілікті меңгеру, жоғары және төмен түста дамығанына қарамастан оның қорытынды нәтижесіне жетуде алаңдатушылық туады. Зейіндегі қаржыгерлік алаңдатушылық, жасаған істің нәтижелі аяқталуына бағытталы-нады. Егер, қаржы-герлік алаңдаушылық болмаса сенімдегі орындалатын экономикалық қатынастар, біреулердің тұз-дәміне бұрылып кетуі әбден ықтимал.

Қаржыгерлік ерік. Қаржыгерлік ерік арқылы әрбір адам қабілеттілігі, білімділігі мен амалдарын іс-жүзінде асырып түрлі өмірлік қажеттіліктерін өтей алады. Сыртқы экономикалық құбылыс-тардың дамуы, адамдардың ылғи іс-әрекетінің орындалуындағы өзіндік еріктігін дамытып отыруын қалайды.

Қаржыгерлік еріктің әртүрлі бағыттылықта болуы қаржылық және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі айтарлықтай әсерлерін тигізіп бөлектейді. Әсіресе қаржыгерліктегі бірнешеленген түрдегі (формадағы) бірлестік (одақ) кейбіреулердің ерік қаржыгерлігін түншықтырып, оларды өз мақсатында пайдалануы мүмкін. Мысалдары:



  • өзіндік мүмкіншілігін ұйымдастыруды ауырсынып, біреулердің ықпалдылығын-дағы еңбектену және осы ықпалдан шыға алмайтын дәрежеге дейін жету. Осыдан барып, олардың қаржыгерлік еріктен бір жолата айырылуы,

  • қаржы-қаражат ресурстарынан жұрдай болғандықтан, қаржыгерлік білімдегі жоғары мамандарды кейбіреулердің өз еркімен қызықтығына пайдалану.

Бірнеше азаматтардың бірлестік ортақ кәсіпшілігінде олардың ортақ қаржыгерлік еріктігі болады. Оны қаржыгерлік бірлестік ерікті одағы дейді. Бұл бірлестіктегі қаралатын негізгі мәселелер: - қаржылану (қаражаттану), қаржылау мен қаражаттаулар мүмкіншіліктерін және орындалуын анықтау мен бірігіп бақылау жүргізуі. Бүгінгі күні, қаржыгерлік ерік нәтижесі тек оның қайшылықтарына қарсы күрес жүргізумен сыбағаланады. Қаржыгерлік еріксіздік тумалық қасиеттен болғанымен, ерікті қаржыгерлік өмірдегі күрес нәтижесінде жүре - бара қалыптасады. Нарықтық экономика - нарықтық құқықтық қатынастар болғандықтан, оның негізгі қаржыгерлік ерік құқықтығын сақтау болып табылады. Еріктіліктен айыруға қарсы күрестегі қаржыгерлік психологиялық танымдар мен оны қолдану - жинақты іс-жүзіндегі әрекетшілдігі, амалдары, сапалылығы. Қаржыгерлік іс-әрекет жасап орындау үшін алдымен амалды ойлануды қалыптастыру керек. Себебі, ерікті қалай болса солай іс-әрекетте нәтижесіз шаша беруге болмайды. Сондықтан, қаржыгерлік ерік амалдарын іс-әрекеттілікке қосу даярлығында алдын-ала мақсаттарды межеу және оның орындалуындағы шешімдер қабылдануы керек.

Қандай болмасын қаржыгерлік іс-әрекеттің жоспарының жасалынуы тілек пен ниеттен басталады. Тілек - келешектегі белгілі бағытта істейтін қаржыгерлік ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Ниет - қаржыгерлердің тілегін нақты кесімді түрге келтіріп пысықтау. Себебі, тілектің барлық түрлері жарамды бола бермегендіктен, ниеттің ой әрекетінің араласуындағы орамдылығын қажет етеді. Қаржыгерліктегі тілек пен ниет сұрыптама жоспарынан келіп нақты қалауға көшеді. Қаржыгерлік қалау - қаржыгерлік ойдың бекемдігін білдіреді. Дегенмен, қаржыгерлік тілек пен қаржыгерлік қалау әрбір жағдайда бір-бірімен сәйкес келмегендіктен барып нақты жағдайға тура келетін таңдау қаржыгерлік тоқтамға келеді.

Қаржыгер, белгілі танымдағы шешімі көптеген кездейсоқтыққа, қиыншылыққа ұшырауында оны қолайлы жағдай туғанша тоқтата тұруына тура келеді. Талай жақсы қаржыгерлік тоқтамдар іс-жүзіне аспауы, әліде болса қаржыгерлік көзқарастың жеткілікті қалыптаспауынан, мақсаттылықты жән-тәнімен атқармаудан болып тұрады. Сондықтан, әрбір адам өзінің шама қайратына және қаржыгерлік күшіне және өз іс-әрекет дұрыстығына көзі жетіп, орындай алатына сенгенде барып ерікке жол беруге болады. Көмескі және бұлынғыр тілектер, ниеттер, қалау, тоқтамға келу сенімді қаржыгерлік айлаға жатпайды.

Дербес қаржыгерлік ерік сапалары. Қаржыгерлік ерік сапалы түрде қалып-таспайынша, оны іс-жүзінде орындауға бағыттау, нәтижесіздікке апарып соғады.

Қаржыгерлік ерік саналарындағы ұтымды қасиеттері:



  • қаржыгерлік еріктің дербестігі;

  • қаржыгерлік еріктің батылдығы мен ерлігі;

  • қаржыгерлік еріктегі табандылық пен шыдамдылық;

  • қажыгерлік еріктің тоқтамға келгіштігі;

  • қаржыгерлік еріктің ұстамдылығы мен сабырлығы және жинақылық;

  • қаржыгерлік еріктіктегі борыш сезімділігі;

  • қаржыгерлік ерікті тәрбиелеудегі тәртіптілік.

Қаржыгерлік ерік сапасыздығы мен үнамсыздығы:

  • иланғыштық;

  • сылбырлық пен жалқаулық;

  • ынжық, осалдылық;

  • жуас және жаңғалақтық;

  • тартыншақ пен болымсыздық;

  • аяқсыздық;

  • қасарушылық (қиянқылық пен қиқарлық);

  • білімсіздік.

Адамдардың жеке басының санасыздығы себептерінде қандай еңбек түрімен әрекетенгеннен ештеңе өңбейді. Демек, қаржыгерлік еріктегі сана тәрбиесін жетілдіру қажеттілігі туады. Мұндай сана тәрбиесі өзіндік, қоғамдық ортаның тәрбиесі және білімділік тәрбие болып бөлінеді.

Қаржыгерілк ерік дербестігі - бөтен-бөгде адамдардың ырық-жетегінде кетпей, сенім қабілеттілігімен, жігерлігімен алға мақсат қойған істі орындауға тырысу.

Қаржыгерлік ерік батылдылығы - істі ұйымдастыру, істі жүргізу, істі орындау, істі аяқтау процестерін жүзеге асыруда ауытқып кетпей, істеген жұмысын батыл тиянақтап және дәйектеп жүзеге асыру.

Қаржыгерлік ерік табандылығы - бірнешеленген істерді бірінен соң бірін кезекті орындаудағы қиыншылықтарды жеңіл, онан сайын нығайа шымырлана түсу.

Қаржыгерлік еріктің тоқтамдылығы - өз ісінің оң-терісін аңғарудағы басқалардың ақыл кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателіктерді мойындау мен көре білу. Тоқтамы жоқтар бекер әуре-сарсаңға салынуға душар болады. Тойымсыздық біреулердің ерік-жігерін тоздыруға жеткізеді.

Қаржыгерлік этика. Қаржыгерлік еріктің ұстамдылығы - орынсыз ұшқалақ, жеңілтектік, дегберсіздік, көрсе қызарлық, күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Мысалы, қандай түрдегі экономикалық қатынастар болмасын адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастарындағы қаржыгерлік психологияға дайындалуы керек. Клиент-термен ешқашанда айтысуға болмайды. Құқықтық негіздегі тексерушілерге мінез көр-сету, оның залалдығына әкеледі. Сондықтан, қазақтар өзіндік ерік ұстамдылығын «Сабыр түбі сары алтын» - деп мақалдайды. Қаржыгерлік психологиялық ұстадылық - қаржыгер-лік амалдылықты анықтайды. Ал, қаржыгерлік амалы қаржыгерлік ерік сапалылығын анықтайды. Қаржыгерлік шара дегеніміз - сапасыздық пен үнамсыздықты жою әдістеме-лігі. Мысалы, сапасыз тауар шығару, сапасыз қызмет атқару, жұмысшы мен қызметкер-лердің ұнамсыз қылықтары, сапасыз тауар сатып алу т.с.с. шара қолдану әдістемеліктері.

Кәсіпкерлік қызметте сырт көзге психологиялық әсерін тигізетін әрбір жеке мен-шікті иеленушілердің моральдік, принциптік, сыпайлық, гуманистік, ілтипаттық, дипло-матиялық, ұстамдылық, тәртіпшілдік, функтуалдық, жинақтылық, шыншылдық, мәдени-еттілік, қақтығыстардан және конфликт жағдайдан шыға білушілік пен шыдамдылық, қанағатшылдық, көңіл бөлгіштік, жылы жүзділікпен жылы лебізділік, түсіне білушілік, білімділік, сөзді айта алушылдық пен сенімді көңілге қонымды дәлелді жауап қайтарушылдық және тыңдай білушілік, сөйлеу монерасы, тіл тапқыштық, силаушылық пен қабылдай білушілік, жақсылық жасай білушілік, жағдайды талдаушылдық пен жағдайдан шыға білушілік, эмоцияға берілмеушілдік, айтыспаушылық, бейбітшілдік, қабылдауға жағдай жасай білушілік, тез және дұрыс шешім қабылдаушылдық, әділет-тілік жиынтықтар қасиеттерін меңгеруді қаржыгерлік қадырлар - қаржыгерлік этиканы анықтайды. Қаржыгерлік этиканың негізгі мақсаты кәсіпкерлік қызметтерде белгілі бір межелі дәрежеге жету. Қаржыгерлік этика дегеніміз - экономикалық қатынас-тар нәтижесінде өзгелерге өзін жағымды жағынан таныта білудегі оны одан әрі тереңдетіп жалғастыру.

Әрбір жеке қаржыгерлік қарым-қатынас этикасы ие болу үшін белгілі қаржы шығындарын жасауды талап етеді. Олар: аксессуарлық шығындар, банкеттік шығын-дар, кеш өткізу шығындары, «везит» жасау шығындары, қонақ қабылдау шығын-дары, танысу шығындары, демалысты ұйымдастыру шығындары, силау шығындары, қызметтік этика шығындары, «юбилейлік» шығындар, шақыру шығындары т.с.с.. Осы айтылған қарым-қатынастық шығындар өнімнің өзіндік құнын өсіргенімен және пайда мөлшерін кеміткенімен, нәтижелі дәрежеге жету мақсатын межеу.

Қаржыгерліктегі бизнестік істер - сыртқы қарым-қатынастардағы этиканы анықтайды. Оны бизнестік этика деп атайды.


Әдебиет


  1. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996ж.

  2. Әуелбаев С. Халық қаржысы: монография. III том Халық қаржыгерлігінің даму кеңестігі. - Тараз;Тараз университеті, 2011. - 188 б.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз



ПРОЦЕССЫ ПСИХОЛОГИИ И ФИНАНСОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НАСЕЛЕНИЯ В УСЛОВИЯХ РЫНОЧНОЙ ЭКОНОМИКИ
Докт.экон.наук С.Ауельбаев
Психология финансовой деятельности населением в условиях рыночной экономики.

PROCESSES TO PSYCHOLOGIES AND FINANCIAL ACTIVITY OF THE POPULATION IN CONDITION OF MARKET ECONOMIES
Doct.econ.sci. S.Auelbaev
Psychology of financial activity of the population in conditions of market economy.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest11 -> 4-2011
4-2011 -> Өсімдік майларын шығаратын «Шымкентмай» Ақ-ның Ақаба суларын тазалаудың технологиялық схемалары және модельдері
4-2011 -> Өсімдіктердің днқ полиморфизмін зерттеуде молекулалық маркерлердің Қолданылуы
4-2011 -> Еңбек қОРҒау охрана труда
4-2011 -> Жол,ҚҰрылыс және көтергіш-көлік
4-2011 -> Ақаба суларды тазалаудың тиімділігі жұмабеков Ә.Ә., а ш.ғ. д., профессор Қадрешев Е. Ж., магистр Маликтай ұлы М., магистр
4-2011 -> Тауарлардың сапасын бағалау теориясын қарастыру
4-2011 -> Ақаба суларды тазалаудың техникалық құрылымдарын жетілдіру
4-2011 -> Қазақстан республикасында қоршаған табиғи ортаға келтірілген экологиялық зиянның орнын анықтау мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет