Үкімет шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударатынын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Қазақстанға шетелдік компанияларды релокациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бүгінде тізімде 30-дан аса елдің 400-ге жуық компаниясы бар екені хабарланды.

"Бүгінде құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар. Бұл InDriver, TikTok, Fortescue және т.б. Қазір 37 компания бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты салалық мемлекеттік органдар мен инвестициялар жөніндегі комитет жүргізеді. Мерзімдер әр компания үшін жеке қойылады", – деді Бауыржан Құдайбергенов.

  • Қазақстандықтардың ислам банктеріндегі депозиттері қорғалмаған: Банк жабылса, ақша қайтарылмауы мүмкін

  • Алматы облысы инвестициялық салымдар бойынша көш бастап тұр

Сонымен қатар вице-министр әр компанияның белгіленген уақыты бар екенін атап өтті. Компаниялардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істелініп жатқанын айтты. 

"Компаниялардың көбі жер телімдерін, жеңілдіктер және тағы басқа сұрап жатыр", – деді вице министр.

Вице-министрдің айтуынша, біздің елімізге релокациялауға ниетті шетелдік компаниялар үшін басым салалар айқындалған. Бұл негізінен өңдеу өнеркәсібі, IT секторы және тау-кен өнеркәсібі салалары.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.