Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жер сілкінісіне қарамастан алматылық студенттердің сабақтары неліктен тоқтатылмағынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Кеше олар жедел әрекет етті. Барлық студент дер кезінде эвакуацияланды, кейбірін туыстары алып кетті. Мәселен, университеттерде семестр енді басталып жатыр, 20 қаңтарға дейін демалыс болды. Біз оқу процесін бұзған жоқпыз, студенттер өз қалауы бойынша онлайн режимде оқи алады. Бірақ үлкен қарқындылық жоқ, сондықтан олар оқу үдерісін бұзбауға шешім қабылданды", — деді Саясат Нұрбек үкімет кулуарында.
Министр Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент оқитынын айтты. Студенттер арасында зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек зілзаланың неліктен Астанада сезілгеніне қатысты пікір білдірген еді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.