Шымкент қалалық прокуратура органдары балабақшаға келмеген балалар үшін бюджеттен 29,6 млн теңге алып, иемденген 4 жеке балабақша иесін соттады. Бұл тура Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos 

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп, бюджетке келтірілген залал толық қайтарылды. Сот үкімімен айыпталған азаматтардың бірінің 3 жыл бас бостандығы шектелсе, екіншісі 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

“Мәселен Г.М.Рысбекованың иелігіндегі "Али мен Айя" бөбекжай-бақшасы" ЖШС 2020 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы желтоқсанға дейін балабақшаға келмеген 15 баланы келді деп құжат тапсырып, бюджеттен 8,7 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп алған”, – деп хабарлады Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Сот үкімімен Г.М.Рысбекова қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар ол 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Мұндай қатаң үкімнің шығуына аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылғаны негіз болды.

Бұған дейін Түркістанда баланы ұрған балабақша қызметкеріне полицейлер қылмыстық іс қозғап, жұмыстан босатқанын хабарлаған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.