Кей санаттағы қазақстандықтар міндетті әлеуметтік  төлемейді, орнына әкімдік аударып отырады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова егжей-тегжейін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Әлназарова 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "әл-ауқат деңгейі нашар" қазақстандықтар жергілікті бюджет қаражаты есебінен сақтандырумен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Содан кейін министрге медициналық сақтандыру төленетін қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейі қалай анықталады және Қазақстанда мұндай қанша азамат бар деген сұрақ қойылды. 

"Мәселе өте маңызды әрі нәзік, табысы өте төмен халықты біз медициналық көмексіз қалдыра алмаймыз. Қазір біз осы мәселеге бас қатырып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, былтыр әлеуметтік кодекс қабылданды және отбасының цифрлық картасы енгізілді. Өткен жылы отбасының цифрлық карталары толтырылды, қазір еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігі арқылы табысы ең төменгі шекті деңгейден де аз отбасыларды көріп отырмыз", — деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының сөзінше, Қазақстан халқы шартты түрде бес санатқа бөлінген.

"Біз Е санатын аламыз. Ресми мәлімет бойынша мұнда 192 мың адам тіркелген. Осы санат үшін әкімдіктер төлейтін сақтандыру мөлшерлемесін белгілеуді жоспарлап отырмыз”, — деп толықтырды Әлназарова.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары Қазақстанда онкологиялық науқастарды тегін емдеуге шақырғанын жаздық 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.