«Наурыз» әні орындайтын



жүктеу 59.44 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі59.44 Kb.

Тақырыбы: Бақ берекем, құт мерекем –әз Наурыз!
«Наурыз» әні орындайтын___________________________
1-жүргізуші: 

Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме,

Жер-ана бойы балқысын

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз – жыл басы!
2-жүргізуші:

Ақ жаулықты аналар,

Ақ тілеулі бабалар

Халық қамын ойлаған.

Көңілге күміс нұр еккен

Наурыз айы берекелі.

Ғасырлар бойы халқымды

Қуанышқа кенелткен

Құтты болсын мерекең!
1 жүргізуші

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз –бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлыған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

22 наурыз - қазақтың жаңа жылы. Бұл мерекені бүкіл түркі жұрты тойлайды. Қазақтың ең маңызды мерекелерінің бірі саналатын 22 наурызды біз де еш елеусіз қалдырмаймыз. 22 наурыз мерекесі әр қазақтың бойтұмары іспетті..Наурыз жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні- жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді. Бұл - қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.

2 жүргізуші

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.


Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Наурыз мейрамы-өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.
Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні» – деп атайды екен.
1-жүргізуші:Ана жақта неткен шу? Жұртты дүрліктірген мынау кімдер болды?

2-жүргізуші:Ұлыстың ұлы күні ауылдан ауылға, үйден үйге жүріп амандық сұрасу ежелден қалған салт қой. Біздің де наурыз тойымызға бір топ ауыл адамдары келіпті.


1-жүргізуші: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім-тәрбиесі зор ойлар айта білген.

Наурыз тойына қазақ халқының үш биі   қонаққа келіпті.


Төле би: Уа, бәрекелді! Алыстан есек шаршатып, етік тоздырып,  ұлыстың ұлы күні мерекесіне әдейілеп келдік.
Тіліктер наурыз туралы

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім.

Ұқпаса айтқан сөз жеттім,

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.



Қаздауысты Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.




Алшын Әйтеке би

Біз қазақ –бір ұяның балапаны едік,

Қанаттанып, сұңқар болып самғайық!

Біз бүкіл қазақ-бір биенің құлыны едік,

Тұлпар болып оза шабайық!

Біз қазақ деген –бір тоғайдың ағашы едік,

Орман болып жасылданайық, жайқалайық!

Біз бүкіл қазақ –бір шаңырақ, бір қазан,

Бір төрелік дастархан болып,

Атамекенді түгел қамтиық!




2-жүргізуші: Ендеше, төрлетіңіздер тойымызды думандатып, халықты тойға шақырыңыздаар!

Мына Төле би ауылында сүндет той тойланып жатыр екен. Осы тойды тамашалайық ағайын!


Сүндет той
Сүндеттой – ежелгі дәстүрлердің біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман ерекшеліктерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық дәстүрінен айрылмауға тырысайық.

 

   (Той өтетін жердің есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады)


  Жиналушылардың жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды. Келген қонақтар сүндет тойға құр қол келмейді. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлынды бие, соңы қозылы қой (немесе, бүгінгі өмір талабымен: аудио-видео аппаратуралармен, компьютерлік ойыншықтар, жақсы тігілген фирмалық киімдер, велосипед, т.б.) тарту етіп, «көрімдігі» деп ақшалай да сыйлық беріп жатады. Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.)

   Жұрт жиналып болғаннан кейін жүргізуші той бастайды:

 

 1 жүргізуші Қош келдіндер халайық! Сүндет той құтты болсын!



 

 2 жүргізуші - Ал енді, бүгінгі тойдың егесі, батырымыз өз нөкерлерімен келе жатыр екен. Барлығымыз бірге жабыла күтіп алайық.

   Ұлттық сарындағы музыка ойнап тұрады, қазақ киімін киген баланы (атпен отырғызып келу), соңында қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер шашуларын шашып, батырларды төрге шығарады.

Қонақтар жолына, жасына қарай рет-ретімен дастархан басына отырғызылады.

Әже шашу шашады

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл-көсір!

Жұрттың бәрі жайғасты-ау дегенде жүргізуші сөз бастайды.


Барлығы арнайы жабдықталған орынға барып отырады.

 

   Сүндеттелген баланы сүндет жейдесімен (иығына жабылған аппақ мата) жиналған топтың ортасына, биік орындыққа шығарып қояды. Екі жағында екі жеңгесі баланы қолтығынан демеп тұрады. Жеке тұрған орындыққа ашамай қойылып, ашамайға сүндет қоржын артылады.



Жүргізуші тойды бастап болғаннан кейін кезекті әнші-ақынға береді. Ол ортаға сүндеттелген ұланмен бірге жеңгелерін шығарып, домбырасын шертіп-шертіп алып:

 

Әу!                                    



Ал, келіңдер, келіңдер,

Сүндетті ұлды көріңдер.

Ата ғұрып жолымен

Баталарың беріңдер.

 

Ал, балдырған, балдырған,



Жұрт мейірін қандырған.

Балам жігіт болды деп,

Еліне жар салдырған,

Алыстағы жақынын,

Ат жібертіп алдырған.

Мұсылмандық дәстүрін,

Отауында жандырған,

Ата-анаңа мол құрмет!

 

Мұсылмандық – бір міндет,



Құтты болсын бұл сүндет,

Ақ сақалды атаңа,

Ақ ниетті әжеңе,

Балапаным, бір көрсет!


  Әжесі ортаға шығып, бешпетінің омырауынан бір сөлкебайын үзіп алып «менің жолым мен жасымды берсін» деп сүндетқоржынға

қыстырады да, немересінің бетінен сүйеді.


1 жүргізуші:(ұсыныс-үлгі ретінде). Уа, қадірлі көпшілік! Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды сүндетке отырғызу рәсімін жасағаннан кейін сол ұлағатты іске ауыл-аймақ куә болсын деген ниетпен тойға жинап отырған шаңырақтың ақсақалы өздеріңізге деген, немересіне деген батасын берсем дейді:
Төле би өз батасын береді:
Күштіменен алыспа,

Жүйріктімен жарыспа.

Сұлуменен таныспа,

Бақыттымен шабыспа,

Ұлықпенен қағыспа,

Қас дұшпанмен табыспа.

Болмас іске қарыспа

Жауыздық іске барыспа.

Жеңетұғын жауына,

Қайыр бер де інген бол.



Әумин!

 

Өлең Сүндет той



     Әжелер ансамблі ән айтады. Той жалғасын табады.

ІІ кезең Ұлттық ойындар ойналады.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет