Наурыз мерекесі Бірінші бала



жүктеу 122.72 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі122.72 Kb.

Наурыз мерекесі

Бірінші бала:

Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Екінші бала:

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,

Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.

Үшінші бала:

Ежелгі шығыс елінің

Аңсаған арман, ойы бар.

Тарқайтын жері шерінің,

Дәстүрлі Наурыз тойы бар.

Төртінші бала:

Кеңінен елге таралған,

Негізі ерте қаланған.

Еңбек, шаттық, жыл басы,

Наурыздан басталған.

Бесінші бала:

Шырқап салған әнімен,

Мерекелік сәнімен.

Топталып, ойнап, қыдырып,

Бөлісіп ішкен дәмімен.

Алтыншы бала:

Су сылдырап, жер көктеп,

Наурыз келсе, жыл басы.

Бау-бақша, егін өрнектеп,

Өзгерер өңір тұлғасы.

Жетінші бала:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Сегізінші бала:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Ән: "Наурыз"
Бастаушы:

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Біздің халықта ел қамын ойлаған ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз, әділдікті жақтаған билері болған.



(Осы кезде сәнді киінген Төле би келеді)

Төле би: Байқаймын бізді әңгіме етіп жатқанға ұқсайсыңдар.

Бастаушы: Дұрыс айтасыз, ата, балаларымызға сіз туралы мағлұмат беріп жатырмыз. Балалар, бұл кісі Ұлы жүздің атақты Төле биі. Қазақтың дарқан даласы өте кең. Сондай елді басқару қиынға соғып халқымыз үш жүзге бөлінген. Ұлы жүздің атақты биі осы кісі - Төле би деген атамыз.

Бұл кісілер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды дөп басып, кесіп айтқан.



Төле би: - Қызым, бәрі дұрыс, айтқаның орынды.

Жаңбыр жаумаса- жер жетім,

Басшысы болмаса - ел жетім.

Ұқпасқа айтқан - сөз жетім,

Атың жақсы болса,

Ер жігітгің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Балаларым, өмірлі болыңдар.Үлкенді сыйлап, сөзге тұра біліңдер.

(осы кезде бір бала ортаға шығып сұрақ қояды).

Бала:

- Ата, алты алаш деген кім?



Төле би:

- Алты алаш, Алаша ханның балалары; қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, жайылған.

Бала:

-Үш жүз деген кім?



Төле би:

- Үш жүз қазақтың ағайынды үш баласы.

Бала:

- Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды?

Төле би:

- Сағынысып көрісумен тарқайды. Балам, үй баласы ма деп едім, ел баласы екенсің.

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!



Бастаушы:

- Ата, төрге шығып, тойымыздың қонағы болыңыз, ұрпақтарыңыздың өнерін тамашалаңыз.

"Шығыс би
(Орта жүздің биі Қазыбек би келеді).

Қазыбек би:

- Біз қазақ деген ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт береке қапшасын, жерімізді жау шаппасын деп найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Бастаушы:

- Келіңіз, төрлетіңіз. Орта жүзді билеген атақты Қаз дауысты Қазыбек би атамыз да ортамызға келіп қалыпты.



Қазыбек би:

- Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өскеніңді өшіресің.

Басына іс түскен пақырға,

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға.

Қиын қыстау кездерде,

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сыңды деп,

Жақыныңды басынба!



Бастаушы:

- Ой, қайран бабалар-ай! Заман өзгеріп, осындай сөз маржаңдарын естімей де кете жаздаппыз-ау. Егемен ел болып, туымызды тік көтеріп, өзіміздің ата- бабаларымыздың мұрасына қайта оралғанымызға мың да бір тәубе!



Қазыбек би:

- Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз.

Атаның өсиетін - балаға,

Баланың өнерін- атаға,

Айтып, тарата білген елміз

Балаларым, өнерлі болыңдар.

Бастаушы:

- Ата, расында да біздің халықта өнер көп қой. Біздің балаларымыздың ішінде де өнерлі балалар жетерлік.
Ән: "Қазақтың дастарханы".

Бастаушы:

- Біздің Төле, Қазыбек би аталарымыз ортамызда. Сиқырлы да сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған Әйтеке би атамыз да келер ме екен?



Әйтеке би:

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.



Бастаушы:

- "Кімді айтсаң сол келеді деген емес пе. Шешендігімен ел басқарған, жарғы жобасын жасаған, қазақ елін құрысқан Кіші жүздің биі- Әйтеке атамыз да ортамызға келді.

Әйтеке би:

- Есенсіңдер ме, балалар! Бөбектерім, еш уақытта ашуға берілмеңдер. Сабырлы болыңдар, ашу бар жерде ақыл тұрмайды:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Қарақтарым, жол қуып, ақылды болыңдар.

Бастаушы:

- Жарайды, ата, айтқаныңыз келсін, төрлетіп, төрден орын алып, мына бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.

Балалар, Алматы қаласында "Комсомол", "Совет", "Октябрь" көшелерін осы үш атамыздың есімдерімен атады. Комсомол көшесі – Төле би көшесі, Совет көшесі – Қазыбек би көшесі, Октябрь көшесі – Әйтеке би көшесі болып аталады. Өкінішке орай, біздің қаламызда мұндай көшелер жоқ. Біз де болар деп сенейік.


Би:"Қазақ биі".
(ішке Наурыз көже алып әже келеді).

Көжеші:

- "Ұлыс күні қазан толса, бұл жылы ырыс мол болар" дегендей, Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қостым: соғымнан қалған сүр ет, сүзілген құрт, ақ тары, пияз, сәбіз, уызды сүт және т.б.

(Көжені таратады).

Соңында Төле би бата береді.
Қолыңда дүрбісі мен киіз кітабы бар Жұлдыз шолушы ортаға келеді.

Жұлдызшы: (дүрбісіне қарап қойып:)


  • Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі жылан екен ғой, жарықтық жерге қонуға жақындап қалыпты - ау.


Бастаушы:

  • Балалар, бұл біздің жүлдызшы атамыз, қолындағы дүрбісімен жұлдыздарға қарап болашақты болжап отырады.

Он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрынғылар "жылың не" деп сұраған.

Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,

Ниет қойып білу керек мұны адам.

Әрбір жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емес пе. Ұлу жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айта отырыңыз.
Жұлдызшы: - Әлбетте, қарағым! Қазақ халқында: «Жылан жылы жылыс болды»,  – деген сөз бар. Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жылан жылы өзімен бірге талай сынақты ала келуі мүмкін деседі жұлдызшылар. Алайда тарихқа тереңнен көз жүгірте қарасақ, жылан жылының берекесі мол екен. Қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ.
Бастаушы: - Ой, Жұлдызшы ата, сізге көп-көп рахмет. Қуантып тастадыңыз ғой. Ал енді, дем алыңыз. Тойдың үстінен түстіңіз, той қызығын тамашалаңыз.


Жұлдызшы: (дүрбісімен қарап)

- Мына аттылы шауыш келе жатқан кім болды екен? Тоқта, атының басын бері бұрды, аттан түсіп жатыр, әне бері қарай бұрылды. О, келіп қалды.


(Екпіндетіп Махамбет өлең оқи кіреді).

Махамбет: -

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку- еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Беркініп садақ асынбай,

Біріндеп жауды қашырмай,

Қасарысқан жауына,

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай

Ерлердің ісі бітер ме?



Бастаушы: Балалар, бұл кісі Махамбет – өзі батыр, өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы.

Махамбет: - Амансыңдар ма балалар, тойларың тойға ұлассын!

Ал, балалар, сендердің араларыңда батырлар бар ма? Қазір ойын ойнап, сынап көрейін.


Ойын: "Күрес".


Жұлдызшы: - (дүрбісімен қарап отырып). Бәсе, бұларсыз қандай той болмақ. Әне, келе жатыр.

Бастаушы: - Ата, оларыңыз кім?

Жүлдызшы: - Ана үшеуі ше. Әлгі әпенділерді айтам.

Бастаушы: - А-а, Қожанасыр мен Алдар көсе ме?

Жүлдызшы: - Иә, қасында қыршаңқысы тағы бар.

Бастаушы: - Онысы тағы кім?

Жүлдызшы: - Е, әлгі сужұқпас ше?

Бастаушы: - Тазша бала ма?

Жүлдызшы: - Иә, соның дәл өзі, әне келіп қалды. (Үшеуі шуылдасып, дабырласып келеді).

Бастаушы: -

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

Қожанасыр:


  • Уа, бәрекелді, бәрекелді. Алыстан есек шаршатып, етік тоздырып жеткенімде орталарыңа дәл ұлыстың ұлы күні келгеніміз қандай дұрыс болған. Алдар, Тазша, мынау халайыққа сәлем берейік:

Ассалаумағалейкүм, халқым менің,

Ардақта Наурыз тойы – салтыңды, елім.

Мереке басы болсын берекенің.

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.



Алдар көсе:

  • Мен Алдармын, Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

(қолын кеудесіне ұстап иіледі).



Тазша бала: -

  • Туа салып атандым тазша бала,

Мендей аңқау болмас- ау басқа бала.

"Наурыз тойы өтеді дегенді естіп,

Көк есекпен желдірттім жас та бола.

Айтыс.

Бала:

Мінгені сылқымдардың берен екен,

Өнері талаптының өлең екен.

Сұрайын, қайыруын айтып берші,

Бірінші жылға кірген немене екен.

Қыз:

Дүние ойлап тұрсам дұпшан екен,

Өмірде күнәліні қысқан екен.

Айтайын сұрағыңа анық жауап,

Бірінші жылға кірген тышқан екен.

Бала:

Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді,

Сүзілтіп жал - құйрығын тарар еді.

Жыл атын өткен жылғы айтып берсең,

Көкейге қонып, өшпей қалар еді.

Қыз:

Қонғаны ауылымның ой болады.

Мереке жылда осындай той болады.

Түйіп ал көкейіңе ұмытпастай,

Жыл аты өткен жылғы жылан болар.

Бала:

Ауылым қыстап отыр ойқораны,

Мереке күнде осындай той болады.

Биылғы жылдың атын айтып берші,

Білгеннен соң тағы да ой толады.

Қыз:

Адамға құдай берер несібені,

Мына дос қалай- қалай көсіледі.

Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,

Биылғы кірген жылың жылқы болар.

Екеуі:

Өлең жыр көп шырқалды қосыменен,

Айтысты аяқталық осыменен.

Сау болып тұрыңыздар апайларым

Сәби де жетіледі досыменен.
(ішке Наурыз көже алып әже келеді).

Көжеші:

- "Ұлыс күні қазан толса, бұл жылы ырыс мол болар" дегендей, Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қостым: соғымнан қалған сүр ет, сүзілген құрт, ақ тары, пияз, сәбіз, уызды сүт және т.б.



(Көжені таратады).

Соңында Төле би бата береді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет