Наурыз тойындағы «Бесікке салу» рәсімі



жүктеу 37.64 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі37.64 Kb.
түріСабақ

Наурыз тойындағы

«Бесікке салу» рәсімі.
Аталған сабақта жас ұрпақты өз халқының тегін жақсы біліп, ата-бабаның салт-дәстүрін бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Жаңа сөз ретінде «Бесікке салу» сөзі алынды.



Көрнекілік көрініс: Бір қанат кигіз үй ретінде алынады, түскиіз үстінде домбыра, ұршық қыстырылған. Жерде текемет, көрпешелер төсеулі.Үй ішінің жасау жабдығы.

Тәрбие жұмысының барысы: Күй сандықтан «Бесік жыры» ән шырқалып тұрады. Сол ән ырғағымен балалар залға кіріп, киіз үйдің төріне қарай төрлетеді. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған салт-дәстүрдің бірі – «бесікке салу» тойына әзірлік байқалады. (Киіз үйдің ішінде әже, баласын құшақтаған келін бала.)



Жүргізуші:Көктем мен жаңа күн – Наурыз мерекесі кеңінен атап өту дәстүрі еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қайта оралады. Игіліктің жаңаруы мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халықтық мерекенің қазір үлкен мәні бар.

Балалар, бүгін біз Жұлдыз ауылына тойға барамыз. Бұл той Наурыз мерекесімен бірге келген «Бесікке салу» тойы.

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Көңілді орта, мол дастархан,

Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.

(ән орындалады.) Наурыз келді Жаңа жыл

Әже: Келін-ау,келін, балалардың даусы естіледі ме қалай?

Келін: Иә, апа, Балабақша балалары қонаққа келді.

Жүргізуші: Әже, Сәлеметсіздер ме? (Балалар да амандасады.)

Әже: Қощ келдіңдер, қонақтар бүгін біздің ауылда той бар. Жоғары шығып төрлетіңдер.

Жүргізуші: Рахмет әже! Біздің балалар көптеген тақпақтар, әндер біледі.

Әже: Бәрекелді балалар, наурыз мерекесіне жақсы әзірленген екен ғой.

Жүргізуші: Иә, әже. Балалар көктем айында қандай мерекелерді білесіңдер?

Балалар: 8 – Наурыз аналар күні, 22-ші наурыз мерекесі.

Жүргізуші: Балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.

Әже: Бұл балалар Наурыз туралы тақпақтар білеме?

Жүргізуші: Білгенде қандай, қазір балалар сізге арнап тақпақтарын айтып береді.

Санжар:

Наурыз – гүл көктем

Сәнді ай арайлы

Күлімдеп күн көктен

Нұр шашып қарайды

Ильяс:

Күнтізбенің парағын

Күнтізбенің парағын

Бүгін аңдап қарадым

Мерекелі күн кепті

Жырлаймын мен бұл бетті



Аль-Фараби:

Жаңа жыл! Жаңа жыл

Бақыт жылы болғайсың

Бізге беріп жаңа жыр

Бізден алғыс алғайсың

Мөлдір:

Аяласын жақсы күн

Адамзаттың бөбегін

Бізге керек бал шырын

Көп-көп жаңбыр, көп егін

Абылайхан:

Бусанып жерім бай

Төсінде қалқыр ән

Наурыз – көңілді ай

Шаттығы шалқыған

Әже: Бабам қазақ қаншама бала сүйген,

Мұрагерім болса деп, мақсат қылып

Ұлдың даусы шыққанда қараша үйден

Атан сойып, той қылған, ат шаптырып

Қандай әдемі, қайратты біздің ұлдар, алдарыңызда «тұлпар биі» тамашалаңыздар.

Тақпақтар:

Дильназ:

Ойнаймыз шаттана

Ішеміз күнде айран

Балаға, қартқа да

Ортақ қой бұл мейрам

Дилара:

Аламыз бата мың

Дем берер ол да аса

Тек аяз атаның

Жоқтығы болмаса

Гүлжан:

Наурыз тойың әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Рамазан:

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар



Арсен:

Көктем келді алақай!

Құтты болсын мереке

Әкелсін құт береке



Көрініс: Әже: ал, балалар енді нәрестені бесікке салайын. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жүргізуші:Қандай сұлу әсем біздің қыздар, мың бұралып би шашуын шашады. Қарсы алаңыздар. Ата – аналар қол соғып қошемет көрсетіп отырайық.

Жүргізуші: «Бесікке салу» тойы жақсы өтті. Құтты болсын айта келгендер қайтуға үй ішімен қоштасып, әжеден бата алады.

Әже батасы: Бөбектің бауы берік болсын,

Өскен сайын өрелсін

Еш жамандық көрмесін

Жасы ұзақ мың болсын, - деп бата береді.



Жүргізуші: Әже бізді қонаққа шақырғаныңызға көп рахмет! Балалар біз біраз салт дәстүр үйрендік. Сау болыңыз Әже!

Әже: Рахмет балалар, сау болыңыздар.

Гүлжан: Ән шырқайды.

Жүргізуші: Ежелгі шығыс елінің

Аңсаған арман, ойы бар,

Тарқайтын жері шерінің

Дәстүрлі Наурыз тойы бар.



Құрметті ата-аналар осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

«Қош келдің, Наурыз»

атты ертеңгілік.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет