Наурыз құтты болсын



жүктеу 136.19 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі136.19 Kb.

Наурыз құтты болсын!
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдарының бірі – Наурыз.

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2-жүргізуші: Наурыз – көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Тәжіктер мұны - Гүлнавруз, татарлар- Нардуган, өзбектер- Новруз, гректер- Патрих, деп атаған.

1-жүргізуші: Шығыс күн парағы бойынша күн мен түн теңеледі де 22-наурызда Ұлыстың ұлы күні басталады.

2-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталады,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

1-оқушы: Ассалаумағалейкүм!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

2-оқушы: Уағалейкүмассалам!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

1-жүргізуші:ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

2-жүргізуші:наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

3-оқушы:уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

(шашу шашылады.)

4-оқушы: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

1-жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы елді ғой күткенім көптен бері.

2-жүргізуші: Шыға келді сыланып сылаң керлер,

Қияндағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

1-жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

2-жүргізуші: Енді қазақ елі Наурызды қалай қарсы алғандығына тоқталсақ.

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: 21-наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды. Сондықтан әр отбасы дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қойған.

3-оқушы: Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4-оқушы: наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5-оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су, қосылады.

Көже ішіліп болған соң үй иесіне бата беріледі.

6-оқушы: Қараңғы түсе от жағылып, алтыбақан басында жастар ұлттық ойындар ойнап жарысады. Бұл кеште айтылмаған ән, тартылмаған күй, танылмаған шешен қалмайды.

Таң ата төбеге шығып таңды қарсы алады.

1-жүргізуші: Жыл басында, ғаламда, табиғатта болатын өзгерістерге сай ана тілімізде әр түрлі аталымдар туындаған.

1-оқушы: Жыл басында нұр жауған түн – Қызыр түні

2-оқушы: Жыл басында алғаш жауған қар – Ақшақар

3-оқушы: Жыл басының алғашқы күні – Ұлыс күні.

4-оқушы: Жыл басының алғашқы желі – жыл айналып келер алтын күрек.

5-оқушы: Жыл басының алғашқы төлі – Дүбір аяқ.

6-оқушы: Жыл басының алғашқы сүті – Уыз.

7-оқушы:- Жыл басының алғашқы көгі – бәйшешек.

8-оқушы: Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.

9-оқушы: Жыл басының алғашқы белгісі – Көрісу.

10-оқушы: Жыл басының алғашқы сый тамағы – Ұйқыашар.

11-оқушы: жыл басының алғашқы сыйы – Діреткізер, Селтеткізер.

12-оқушы: Жыл басының алғашқы тілегі:

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін.

2-жүргізуші: Құтты болсын әр күнің,

Сыйла бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі.

1-жүргізуші: Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадыр-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргендікке, ізеттілік пен білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек. осы ұлы күнге байланысты халықтың әдеп-ғұрыптары мен жол-жоралары бар.

1-оқушы: Наурыз –шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып ерекше аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Махмұт Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбілқасым Фирдоуси, Әлішер Науаи, Омар Хайямнан бастап, қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да Наурыз туралы, еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшінбірліктің, татулықтың еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

2-оқушы: Наурыз күні

Наурыз – ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі парсының «нау» (жаңа), «руз» (күн), яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны көпке бұрынннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-сіне сәйкес келеді.

3-оқушы: Наурыз айы

Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебі ретінде күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

4-оқушы: Наурызнама

Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық, той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі болады. Айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылып, көңілді жұмбақтар, ән, өлендер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.

5-оқушы: Наурыз көже

Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны ет, тұз, су, тары, жеміс, құрт, сүт, тағы сол сиқяты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқтыларды қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.

6-оқушы: Наурыз жыры

Наурыз жыры- наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Жыр, өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады.

7-оқушы: Наурыз бата

Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, тағы да басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.

8-оқушы: Наурыз жұмбақ

Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осылай аталған. Онда ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарда жұмбақтап, өлеңдеп айтысатын болған.

9-оқушы: Наурыз тілек

Әр адам өзіне, отбасын немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді. Бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

10-оқушы: Наурыз төл

Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады.

11-оқушы: Наурызек

Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім, келдің бе?» деп шақырып жем шашады.

12-оқушы: Наурыз шешек

Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

13-оқушы: Наурызша

Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.

Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар.

1) Аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22-наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді.

2)Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және кешірім сұраған адамы кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «Бұл күні Самарканның да көк тасы жібиді, сенг тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында, яғни 22-наурыз күні жер-көкті жарып бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. «Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді» дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да ерекше сезім-қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны дұрыс.

Наурыз қай жағынан алып қарағанда да халық үшін ерекше мерекелі күн қатарында аталып өтіледі.

2-жүргізуші: Енді «Наурыз тойының» беташарын айтуға ортаға Ханша қызды шақырайық.

Наурыз тойы

Ханша: Шілік біткен бүрленіп,

Дала әсем түрге еніп

Масайрады бар әлем,

Құтты жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің,

Құтты болсын Наурыз той-

Ұлы күні ұлыстың!

Ұлы күнде, халайық,

Қалай қарап қалайық.

Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық.

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қызырдай

Ақ батасын алайық!

(Қызыр баба бата береді.)

Қызыр баба: Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын.

Қайда барсаң, жол болсын,

Денсаулықтарың зор болсын.

Көйлектерің көк болсын,

Қарындарың тоқ болсын.

Қуаныш, шаттық көп болсын,

Қайғы-уайым жоқ болсын.

Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашсын көктемің.

Қырық шілтен жебесін

Көңіліңнің кептерін.

Тілек етіп ұшырсын

Ыстық ұя мектебің.

Келешегі елімнің,

Көкжиегі көгімнің,

Азамат боп саналып,

Биіктерден көрінгін!

Жыр бата

Ханша: Өнерліні өрен дер.

Мәз ғып Қызыр атасын

Төгілдірсін өрендер

Наурыздың жыр батасын!

1-бала:Уа, құдайым оңдатып,

Қызыр бабам қолдатып,

Келіп жеткен сағынта

Жаңа жылда жарылқа.

Ойға толып санамыз,

Бестік болып бағамыз,

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз!

2-бала:Жамандыққа баспайық,

Қиындықтан қашпайық,

Еркелікті тастайық,

Жаңа бір іс бастайық.

Күнделікке жолатпай

Екілікті жасқайық!

3-бала:Мықты болып деніміз,

Күйге толсын төріміз.

Ашық болып көгіміз,

Сатылмасын жеріміз.

Шалқып айдын көліміз,

Асып-тассын кеніміз.

Егіз туып төліміз, дәнге толып беліміз,

Ең байлыққа кенелсін

Ұлы алаш еліміз!

4-бала: Желеп, жебеп піріміз,

База болсын дініміз.

Жауқазыңдай жалындап

Өркендесін тіліміз!

Шаттығымыз – жырымыз,

Жаңа наурыз – жылымыз.

Ақ тілеумен осындай

Бақ боп үйге кіріңіз!

Әумин!

Наурыз жыры

Ханша: Ұлы тойда әдемі

Әннен шашу шашайық.

Ал балалар, кәделі

Наурыз жырға басайық!

1-бала: Жаңғырып бар тіршілік,

Түрленді дедала, қыр,

Дүниені жыршы ғып,

Келді өлкеме Жаңа жыл.

2-бала: Екеу болып бір малы,

Апамдар жүр мәз болып.

Күйге толы қыр маңы,

Өзен-көлге қаз қонып.

3-бала:Асыр салып, шуақтап,

Қозы-лақтар ойнады.

Сылдыр қағып бұлақтар

Наурыз тойын тойлайды.

4-бала: Атам сөзін мәңді етіп,

Түйіп ойын пайымды,

Үкілетіп, сәндетіп

Ерттетіп жүр тайымды.

5-бала: Сүйіншіліп шабайын,

Қанат қақсын бала жыр.

Құтты болсын, ағайын,

Ұлыс күні, жаңа жыл!

Наурыз жұмбақ

Ханша: Ойдағың мен қырдағың

Құлақ салып тыңдағын.

Тазша бала бастасын

Наурыз тойдың жұмбағын.

Тазша бала:Жаңа жылдай халықтық

Мерекеміз бар біздің.

Кім ұқтырар қанық қып

Мән-мазмұнын наурыздың

Жауап:Есебінен дананың,

Күн мен түнді теңеген.

Наурызымыз – жаңа күн,

Парсы сөзі көнеден.

Жаңа күн ол – жыл басы,

Жиырма екісі наурыздың.

Наурыз айда-төл басы,

Бүршік атар бау біздің.

Тазша бала: Өте дұрыс жауабың,

Таудай болсын талабың!

Кім атайды, ал енді

Бұл айдың бір амалын?

Жауап: «Соңғы асу бар әлі»

Деп отырар аталар.

Наурыз айдың амалы

Отамалы аталар.

Атынан-ақ түйе бер

Мұнда талай жай барын.

Қырсыз болса ие егер,

Отап кетер бар малын.

Тазша бала: Біліп айдың амалын,

Түйдік оның бағамын.

Кім айтады, кенеки,

Наурыздың бас тағамын?

Жауап: Арпа, бидай бастаған,

Жеті дәмнен аспаған.

Наурыз көже-көп көже,

Бұл тойдағы бас тағам.

Тазша бала: Ырыс басы саналар,

Ырым болып көнеде.

Кім біледі, балалар,

Наурызша ол немене?

Жауап: Берседағы шырай күн,

Қылау болып себелер.

Қырбақ қарын бұл айдың

Наурызша дер көнелер.

Келседағы көктемі

Үрікпеген қылаудан.

Ұлыс күні өйткені

Нұр жауды деп қуанған.

Тазша бала: Бәрекелді, жарадың,

Таудай болсын талабың!

Көріп құтты қадамын,

Мен де өсіп қаламын.

Ертегілер еліне

Мақтай-мақтай барамын.

Тойдың сәні - ән

Ханша: Күй нөсерін төгейік,

Жырдан моншақ өрейік.

Уа, жамағат, ал енді

Әнге кезек берейік.

Таңдайынан бал тама

Жырлап бере алқаға.

Термешіні құрметпен

Шақырайық ортаға.

Термеші: Үміт күтіп көктемнен,

Ортаға сап шарттарын,

Күн шуақта өткеннен

Сыр ағытар қарттарым.

Жыл қарайып

Наурыз айтыс

Ханша: Мерекелі думанда

Өнерсіз бір байғұссыз.

Қазақ елі тұрғанда

Той болмайды айтыссыз.

Ән мен күйі – бойтұмар,

Салтанатын сағынар.

Ұлы күні айтылар

Наурыз айтыс тағы бар.

Таразылап тақымдап,

Алдыда тұр асқар сын.

Ортаға шық ақындар,

Наурыз айтыс басталсын!

Кәделі:Ақын болсаң аймаңдай

Тарланбозға ұқсаған,

Айтып берші ойланбай

Қазақтағы жыл санын.

Зерделі:Қырдың сәні, жыр сәні

Саналатын көне елден:

Қазағымның жыл саны

Он екі ғой ежелден.

Кәделі:Ұлыс күні-ел күні,

Көптің тисін батасы.

Шығар жыл мен ендігі

Кірер жылды аташы.

Зерделі:Тізбектелген жыл атын

Зердеңе сап біле жүр.

Қоян -дағы шығатын,

Қолтырауын болар кірер жыл.

Кәделі:Жанар бақ пен талайың,

Сын-сынвқта байқалса.

Зерделіге санайын,

Мүшел жайын айта алсаң.

Зерделі:Ғұмыр жайлы байламын

Түген солай білгіш ел.

Он екі жыл айналып

Қайта оралса-бір мүшел.

Кәделі:Ақыл-ойың-көк теңіз,

Талабыңды қостасын.

Түсіндіре кетсеңіз

Мүшел жасын көш басын.

Зерделі:Мен туғалы берісі,

Он екі жыл алмасты.

Ал келесі он үшің-

Мүшел жасың алғашқы.

Ханша: Жасын болып жарқылдар,

Қайнар болып сарқылдар.

Бәрекелді, көп жаса,

Шабытты асқақ ақындар!

Сіз боп, біз боп, жалпымен,

Қадірімен, парқымен

Наурыз тойын өткердік,

Ата дәстүр-салтымен.

Жалғасумен жылма-жыл.

өнер сүйер өрендер,

рахмет мың да бір!

Ән қосылсын сәңіне

Ырысты боп Жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып бойыңа,

Аман- есен жетейік,

Келер Наурыз тойына.


Целиноград ауданы
«Су тасқыны»



Өткізген: Көбегенова С.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет