Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012


Оның үстіне, жергілікті басқарудағы сайланбалы органдар көптеген мемлекеттердің (мысалы, Ресей, Индия, Түрікменстан; Испания, Жапония) өкілдік жүйесінің негізгі бөлігі болып саналады



жүктеу 2.4 Mb.
бет10/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Оның үстіне, жергілікті басқарудағы сайланбалы органдар көптеген мемлекеттердің (мысалы, Ресей, Индия, Түрікменстан; Испания, Жапония) өкілдік жүйесінің негізгі бөлігі болып саналады.


Жергілікті басқаруды конституциялық құқық шеңберіндегі оқулық пәні ретінде ғана қарап әңгімелік әрі олардың көзге көрініп тұрған жақтарына әсіресе жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың айырмашылықтарына назар аударайық.

Бақылау сұрақтары:

1. Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару ұғымы.

2. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.

3. Муниципальдық Кеңес және мэр түсінігі.

4. Мемлекеттің орталық және жергілікті органдарының арақатынасы.

5. Оладың өкілеттіктері мен құрылымы.

6. Шет елдердегі әкімшілік-аумақтық бөлініс.

7. Шет елдердегі әкімшілік-аумақтық құрылым.

8. Жергілікті органдар жүйесі.

9. Жергілікті мемлекеттік органдардың түрлері.



19 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: АҚШ-тың конституциялық құрылымы.

Жоспары:

1. АҚШ-тың конституциялық құрылымы.

2. АҚШ Конституциясы, оның сипаттамасы.
Лекцияның мақсаты: АҚШ аумағында АҚШ–тың конституциясы, конгрес заңдармен келісім шарттары ең жоғары заңдар болып табылады. Қазіргі дәуірде көптеген мемлекеттер өз конституцияларында өз шамалары келгенше саяси партиялардың мәртебесін институттандырады.
Лекцияның мәтіні:

1. АҚШ-тың конституциялық құрылымы.
Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одаққа бірлескен 13 тәуелсіз штатының 12 штатының өкілдігінен небәрі 55 делегат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарға құрылтай жиналыс сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат қолдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конистуциясы ресми күшіне енген болатын.

Мұндай істі тәжірибеде нақтылап отыру міндеті конституциялық қадағалау (бақылау) органына жүктеледі, яғни бұл орган нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкес екендігін тексеруді жүзеге асырып отырады.

Осы қызметті алғаш рет АҚШ-тың Жоғарғы Соты 1803 жылғы сот құрылысы жайлы заңның 13-бөлімін АҚШ-тың конституциясына қарама –қайшы деп тауып, оны қолдануға болмайтынын өз шешімінде бекітті. Осылайша, АҚШ-тың Жоғарғы Соты конституциялық қадағалау (бақылау) органының қажеттілігін көрсетіп берді. Сайып келгенде, АҚШ-тың Жоғарғы Соты осы күнге дейін конституциялық қадағалау (бақылау) органы қызметін де атқарып келеді.

Президенттік республиканың алғашқы тарихта әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президент тік иенститут 1787 ж конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыиым салуменұарама қайшылық принципі негізінде құрылған. Бұл тыиым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мэдисоға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бір ден-бір сәтті қадам болды.

АҚШ аумағында АҚШ–тың конституциясы, конгрес заңдармен келісім шарттары ең жоғары заңдар болып табылады.

Қазіргі дәуірде көптеген мемлекеттер өз конституцияларында өз шамалары келгенше саяси партиялардың мәртебесін институттандырады. Бұл қатардан тек қана АҚШ-ты шығарып тастауға болады. өйткені, бұл елде саяси партияларға қатысты ережелер тек штаттар конституциясында ғана бар. Ал, АҚШ Конституциясының өзіндегі ережелерден де, кейіннен қосылған 26 түзетулерден де бұл жайлы арнайы сөз жоқ.

Әдетте, ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың тармақталған аппараттары болады. Ондағы қызметшілер сол партиялардың саясатын өмірге енгізетін негізгі тетігі болып табылады. Мұндай саяси партиялардың қызметі негізінен сайлаушылардың дауысы үшін сайлаулық күреске алып барады. Осы айтылған ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың үлгісі ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партияларды айтуға болады. Бұл екі партия да өте үлкен саяси ұйым ретінде көрінеді. Партия мүшелері деп алдыңғы сайлау кезінде сол партияның өкілді тізіміне дауыс берген барлық сайлаушылар жалпы айтыла береді. Сондықтан да партия мен оның мүшелері арасында ұйымдасқан байланыс болмайды.

Саяси партиялардан қысым жасайтын топтарды ажырата білу қажет. Өйткені шетелдердегі саяси жүйелерде олар ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерге ие. Алғаш олар АҚШ-та пайда болып, оларды “Лоббистік ұйымдар”, “мүдделі топтар” деп атаған.



2. АҚШ Конституциясы, оның сипаттамасы.

Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілік тағайындайды.

Біздің ойымызша құқық пен бостандық жайлы нағыз кепілдіктерді мемлекеттің қарастыруы адам мен азамат құқы мәртебесін институттандыру құрылымының (мемлекеттердің негізгі заңдары) негізгі мәні – тек қана мемлекеттің азаматтық қоғам алдындағы белгілі бір міндеттерін құжаттандыруды қарастыру ғана емес, сонымен қатар адам мен азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігін ең алдымен мемлекеттің озбырлығын шындап қорғаудың сенімді кепілдігін қалыптастыруы болып есептеледі. Міне, осы тұрғыда ерекше өзекті Заң - 1789 жылы Францияда қабылданған адам мен азамат құқығының Декларациясы. Бұл Декларация әлі күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас әрі табиғи адам құқын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, сонымен бірге көрсетілген құқықтың басты құрамдарын: бостандық, жекеменшік, қауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап берді.

Бұл Декларацияның сонымен қатар, американдық конституцияның мазмұнды да қуатты болып әрі жетіле түсуіне жағымды ықпал еткенін атап өтпеуге болмайды. Өйткені, 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясында алғашқыда адам құқығы сөз болмаған еді, тек кейін, біраз жылдар өткеннен соң, 1791 жылы (құқық жайлы Билль) АҚШ Конгресі Конституцияға он түзету енгізіп бекіткен болатын.

Болса да, азаматтық «қан құқы» немесе «тек құқы (негіз құқы)» принциптері негізінде алынады. Мұның алғашқысында туылған жеріне қарамай (мысалы, Эстония Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес әрбір бала, ата-анасының бірі Эстония азаматы болып табылса, туылғаннан соң Эстония азаматы құқығына ие болады) ата-анасының азаматтығын алады, ал екіншісінде –ата –анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет аумағында дүниге келсе (мысалы Мексика), сол елдің азаматы бола алады. Туылу жеріне орай азаматтық алуды шет елдерде –филиация, ал шетелдіктерді азаматтыққа алуды- натурализация дейді. Бірақ соңғы жағдайда бірнеше шарттар сақталуы тиіс. Кейбір елдерде натурализация жасалынатын азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, АҚШ Конституциясына сәйкес осы елдің Президенттігіне тек АҚШ –та туылған азамат сайланады, ал сенатор болу үшін 7 не 9 жыл АҚШ азаматы болу талап етіледі (яғни, Палата өкілдігіне мүшелікке немесе сенатор болып сайлану үшін АҚШ азаматтығы танылуы осы көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс).

Президентті жанама сайлау президенттік республикаларда жүргізіледі. Бұл сайлау түріндегі сайлаушылар әдетте дауыс берушілер коллегисын сайлайды. Олар кейін президентті сайлайды. Мысалы, АҚШ президенті дауыс берушілер коллегиясы арқылы сайланады. Осы елдің конституциясының 11-бабына сай әрбір штат осы штаттың заң шығарушысы жиналысы белгілеген тәртіп бойынша дауыс берушілерді тағайындайды. Олар АҚШ конгресіне штат жіберуге құқықты. Сонда сенаторлар мен өкілдік палатасы мүшелігіне берілген орындарға тепе-тең болуы тиіс. Тек мұнан бір округ ғана босатылады. Өйткені бұл АҚШ өкіметі тұратын жер болғандықтан үш дауыс берушілерді тағайындайды. Мұндай құқық бұл округте 1961 жылы Конгресс қабылдап, Конституцияға енгізген. ХХІІІ түзету бойынша берілген.

Заң шығару тәжірибесінде, айталық АҚШ-та президенттік жолдаудың 3 түрі қолданылады: Одақ жайлы жолдау; экономикалық баяндама бюджет бойынша жолдау. Бұлардың әрқайсысы да конгрес үшін заңдық бағдарлаама іспетті.

Іріктелген Вето -өте сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайда қарсылық тек кейбір баптарға лайықты айтылады. Кәзіргі кезде мұндай құқық АҚШ штаттарының Губернаторларына берілген. Ал президент мұндай құқыққа ие емес. АҚШ-та президентке іріктелген Вето құқығын беру жайлы бірнеше мәрте ұсыныс жасалды. Әрине мұндай қосымша мәртебе заң шығару процесінде президенттің ролін күшейте түскен болар еді.

Сонымен қатар дүние жүзілік тәжірбиеде мемлекет басшысына ықпал жасайтын тәсілдер бар екені шындық. Мысалы белгілі бір жағдайларға байланысты көп елдердің конститутциясые бекіткендей импичмент реттері қолданылады. Мысалы дәлел ретінде АҚШ президенті егер мемлекетке опасыздық жасаса пара алса немесе тағы басқа да ауыр қылмыстар жасаса онда импичменттік сотқа беріледі. Мұндай жағдай анықталғанда өкілеттік палата іс қозғап қаралау мәтінін даярлайды. Тіпті жоғары сот судьяларының басшысының төрағалық етуімен сенат қаралуы мүмкін. Егер де президент қылмысты деп табылса (бұл үшін қатысқан сенаторлардың қатысқан үштен екісі дауыс беруі тиіс) онда ол қызметтен шеттетіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. АҚШ-тың конституциялық құрылымы.

2. АҚШ Конституциясы, оның сипаттамасы.

3. “Лоббистік ұйымдар” ұғымы.

4. “Мүдделі топтар” түсінгі.

5. АҚШ-тың мемлекеттік билік органдар жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.

6. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.

7. АҚШ сот жүйесі.



20 ЛЕКЦИЯ. Тақырыбы: Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері.
Жоспары:

1. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері.

2. Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерекшеліктері.
Лекцияның мақсаты: Ұлыбританиядағы Конституцияның құрылу тәртібі мен құрылымы және оның алатын орны туралы білім алу.

Лекцияның мәтіні:

1. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері.

Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғыстан Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: Конституция бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық огандарына бағындырылған) бөлінеді.

Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Дания, Финляндия ) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы Еліні кейбір аумақтарында автоноиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керекгінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік ирландия аумақтық жартылай автономиялық құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: қауымдық палата (Елу екі мүшесі бар, олар бес жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден) кабинеттен (Премьер министр бастаған сегіз министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы би лікті губернатор атқарады.

Ұлыбританияда оларды “парламент тыңшылары” дейді. Мысалы, америка лоббистері заң шығарушы органдарға тек қана сайлау кампанияларында ақша жинау жолдарымен ғана емес, сол сияқты АҚШ конгресі комитеттерінде қаралатын заң жобалары бойынша да қарсы шығамыз деп және с.с. қорқытады.

Сөйтіп, қысым жасайтын топтардың саяси партиялардан басты айырмашылығы, олар сайлауларда өз аттарынан қатыспайды.

Әрине, сайлау кампаниясының ең маңызды кезеңі депутаттыққа кандидаттар ұсыну болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда сайлау округтеріне ұсынылатын кандидаттардың саны шектелмейді. Кандидаттарды ұсыну (номинация) сатысы өте қарапйым. Кандидат сайлау жөніндегі шенеунікке номинация туралы құжаттарын өткізуі тиіс. Бұл құжатты кандидаттың өзі толтырып адам қол қойса болғаны. Сол секілді сайлау жөніндегі шенеунікке номинацияға келісім жайлы арызын беріп сайлау кепілдігін (150 фунт стерлинг мөлшеріндегі сайлау кепілдігі, егер оған дауыс берушілер саны 12,5 проценттен аз болса кандидатқа қайтарылмайды) төлеуі тиіс.

Шеттелдер тәжірибесінде Жоғарғы палатаның феодалдық тәсілінен құры түрі де кездеседі. Мысалы, осы тәсілде қолданылатын Ұлыбританияда лордтар палатасы құрамына төмендегілер кіреді:

1. мұрагерліктер пэрлер, яғни, бароннан төмен емес титулдарды иеленген мұрагерлікті дворяндар династиясы бұлар титулммен бірге парламенттің жоғарғы палатасына мұрагерлікті сақтай ала отырып, оның мұрагерлеріне бере де алады.

2. өмірлік пэрлер, яғи, ерекше ееңбкетері үшін барон немесе баронэсса деген, мұрагерлікке беру құқы берілммммеген, дворян титулдарына ие болғандар.

3. 26 рухани лордтар (контербери және иорктк архипскоптар, Лондон, Дарен және Уинчестер епископтарымммен ағылшын шіркеулері бас епископтарының 21 өкілі), бұлар шіркеулік лауазымдарда қызмет етіп жүрген кезде ғана палат мүшелер болып саналады.

Ұлыбританияда қауымдастық палатасының мүшелері алатын жалақының бір жылдық мөлшері 37.854 ф.ст. Оның үстіне жылына офис ұстауға, жүріп-тұру шығындарын төлеуге, Лондонда жалдап тұратын үй үшін және т.б. жағдайларға бөлінеді. Қауымдастық палатасының мүшелері сонымен қатар Вестминстер сарайы мен өзінің сайлау округтері аралығына, Вестминстер мен үйі арасында, Құрама корольдіктің кез келген жеріне, егер бұл сапар тікелей қызметтік міндеттеріне байланысты болса, тегін жүріп-тұруға құқы бар. Оның үстіне парламент депутатына кеңселік-хатшылық шығындар: хатшы немесе көмекші жалдауға, кеңсеге қажетті құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге жалақы төлеу мен жалдап алынған жұмыскерлерді қамсыздандыруға қаржы бөлінеді.

2. Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерекшеліктері.

Ұлыбританияның лордтар палатасына лорд-канцлер – Үкімет мүшесі төрағалық етеді (ол пэр болмаса, онда бұл палата құрамына енбейді, ал пэр болса, онда жарыссөздерге де, дауыс беруге де қатысады) Лорд-канцлердің лорд палатасының отырысын жүргізудегі рөлі онша емес: ол лордтарға жарыссөзде сөз бере алмайды, тәртіп жөніндегі билікке де ие емес. Лорд-канцлер жоқ кезінде палата отырыстарын оның орынбасары (комитеттердің лорд-төрағасы. Оны әрбір сессия басталғанда тағайындайды. Ол жоғарғы палатаның барлық комитеттерінде төрағалық етеді). Лорд-төраға және оның бірінші орынбасары лордтар палатасының қызметкері болып есептелініп, жалақы алады. Сондай-ақ, лорд палатасының тұрақты қызмет адамдарынан палата хатшысын ерекше айта кеткеніміз жөн. Хатшы палата отырысының күн тәртібін әрі монарх жолдауын оқып, таныстырады, қауымдастар палатасына жіберілетін заң жобаларына қол қояды, екі палата қабылдаған заң жобаларын сақтайды. Одан соңғы тұрақты қызмет атқаратын – герольдмейстер (“Қара желз”, “аса таяқ”). Ол палата мүшелерін монархтың таққа арналған сөзіне шақырады, парламент этикасын бұзушы – кінәлі адамдарға берілген бұйрықты орындайды. Вестминстер сарайының лордтар палатасы жайғасқан бөлігінің тәртібі мен қауіпсідігіне жауап береді. Лордтар палатасы заң шығарудың мемлекеттік тетігін, бюджет-қаржылық және сот салаларын жетілдіруде, сондай-ақ үкімет қызметін қадағалау ісінде айтарлықтай рөл атқарады. Сонымен қатар лордтар палатасы жоғарғы апеляциялық саты болып табылады.

Парламенттің ең басты қызметі-заңдар қабылдау болып табылады. Сондай-ақ Парламенттің маңызы қызметтерінің қатарына Үкімет пен оның мекемелері жұмысын бақылауды жүзеге асыру ісін жатқызуға болады.

Мына әдістер бірден-бір нәтижелі деп саналады. Мысалы, “сұрақтарға-сағат” деп аталатын тәртіппен Ұлыбританияда парламенттің әрбір отырысы басталады. Мұнда министрлер мен өкіметтің басқа да мүшелері ауызекі немесе жазбаша түрде депутаттардың әр түрлі сауалдарына жауап береді.

Бұл жауаптар көпшілік жұртшылыққа жарияланады. Сөйтіп, жоғарғы дәрежелі шенеуніктердің өздеріне лайықты имиджі қалыптасады. Осындай тәсілді көп елдердің парламенттері өте жиі қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері.

2. Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерекшеліктері.

3. “Парламент тыңшылары” түсінігі.

4. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері.

5. Мемлекеттік билік органдарының жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.

6. Ұлыбританияның сот билігі.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет