Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012



жүктеу 2.4 Mb.
бет2/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Айып баллдары


  1. Сабақта болмағаны үшін –1 балл

  2. Тапсырманы орындамауы үшін -1 балл

  3. өзіндік жұмысты уақытында тапсырмауы үшін-1 балл

  4. жауаптан бас тартқаны үшін-1балл

  5. сабақта бұрыс мінез-құлық көрсеткені үшін-1 балл

Ынталандыру баллдары


  1. белсенді қатысуы үшін -5 балл

  2. тапсырманы мезгілден бұрын орындағаны үшін – 5 балл

  3. студенттік конфернцияларға қатысуы үшін -5 балл

  4. өте ұтымды жауаптары үшін – 1 балл


Шетел мемлекетінің конституциялық құқық курсын толық игеру үшін машықтану әдісіне арналған сұрақтар



  1. Әртүрлі елдің конституциялық-құқық жүйесінің түрлері мен арақатынасы.

  2. Конституционализм: тарихи даму және қазіргі жай.

  3. Конституциялық қүқық және ислам ережесі.

  4. Тұрақты демократия елдеріндегі конституциялық құқықтың ерекшеліктері.

  5. Дамушы елдердегі конституциялық құқықтың ерекшеліктері.

  6. Конституциялық құқық тақырыбы: әртүрлі құқықтық жүйелердегі даму мен ерекшіліктер.

  7. Шет елдердегі конституциялық құқық бұлақтары.

  8. Шет елдердегі конституциялық құқық бұзушылық және конституциялық жауапкершілік.

  9. Шет елдердегі конституцияың үстемдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету.

  10. Шет елдердегі конституцияны реттеудің көлемі мен негізгі бағыттары.

  11. Конституциялық нормалар: құрылым, түрлері мен оны қамтамасыз ету.

  12. Конституциялық нормаларды түсіндіру.

  13. Конституциялық қадағалау және конституциялық бақылау: жалпылылық және ерекшелік,

  14. Шет елдердегі конституциялық бақылаудың шегі.

  15. Конституциялық сот және конституциялық кеңес: салыстырмалы талдау, құзыр, құру және қызмет.

  16. Ұлыбритания мен АҚШ-тағы азаматтық институты.

  17. Мексикадағы азаматтық институт.

  18. Азаматтықты алу және тоқтату: шет елдердегі негіздер және тәртіп.

  19. Шет елдердегі жеке адамның конституциялық құқығы, бостандықтары және міндеттері субъектілері.

  20. Басқарудың монархиялық түрі және онын тарихи дамуы.

  21. Араб Шығысы елдеріндегі монархия.

  22. Парламенттік монархия: өміршеңдіктің конституциялық негіздері мен себептері.

  23. Тақты мүрагерлеудің осы заманғы жүйесі.

  24. АҚШ-тағы президенттік республика. "Жартылай президенттік" республика, оның мәні мен сипаты.

  25. Парламенттік республикасы: қалыптастырудың ерекшілігі мен шарты.

  26. Израиль: басқару түрінің ерекшілігі және оның дамуы.

  27. Басқарудың үлгіге тән емес түрі.

  28. "Суперпрезиденттік" республика.

  29. БАӘ мен Малайзиядағы "сайланбалы" монархия.

  30. Біртұтас мемлекеттік құрылым: жалпылылық және ерекшілік.

  31. Шет елдердегі автономия.

  32. Федерация: ұлттық-аумақтық және аумақтық-географиялық принциптердің салыстырмалы талдауы.

  33. Саяси және мемлекеттік режим: жалпылылық және ерекшелік.

  34. Шет елдердегі саяси жүйе: ұғым, мәні мен дамуы.

  35. Шет ел мемлекеттерінің саяси жүйесінін конституциялық-құқықтық сипаттамасы мен мәртебесі.

  36. Саяси партиялардың қызметін конституциялық-қүқықтық реттеу.

  37. Қоғамдық бірліктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі.

  38. Діни ұйымдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі.

  39. Шет елдердегі бұқаралық ақпарат құралдары: олардың қызметінің мәртебесі мен құқықтық реттелуі.

  40. Теңдей сайлауды қамтамасыз етудің құқықтық құралдары.

  41. Сайлау кезінде БАҚ қызметін құқықтық реттеу.

  42. Сайлауды қаржыландыруды құқықтық реттеу.

  43. Сайлау науқанындағы саяси партиялар қызметінің құқықтық негіздері.

  44. Аралас сайлау жүйесі -әділ сайлауды қамтамасыз етудің құралы,

  45. Сайлау заңы туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік,

  46. Мемлекеттік биліктің бірлігі мен бөлінетіндігі принципі.

  47. Мемлекет басшысы, оның түрлері мен конституциялык-құқықтық мәртебесі.

  48. Швейцариядағы мемлекет басшысы.

  49. Парламент, осы заманғы мемлекеттің жоғары органы жүйесіндегі оның орны мен ролі.

  50. Бір палаталы парламенттің құрылымның өкілеттігі мен қызметінің салыстырмалы талдауы.

  51. Ұлыбритания парламенті: тарих және қазіргі заман.

  52. "Жартылай палаталы" ГФР парламенті.

  53. Шет ел парламенттерінің басшы органдары.

  54. Парламенттік фракциялар: ролі мен құқықтық мәртебесі.

  55. Парламент регламенті және парламентті жүргізу тәртібі.

  56. Шет ел парламентіндегі заң шығару үрдісі.

  57. Заң шығару және уақыт тәртібі билігі: арақатысы мен ерекшеліктері.

  58. Шет ел үкіметінің құрылымы мен құрамы.

  59. Парламенттік республикадағы үкімет басшысының конституциялық-құқықтық мәртебесі.

  60. ГФР-дағы сот билігі құрылымы мен оның өзгешелігі.

  61. Таяу Шығыстағы сот билігі.

  62. Сот билігінің конституциялық кепілдіктері.

  63. Шет елдердің әкімшілік-аумақтық бөліністері: ұғым және әкімшілік-аумақтық бірлік түрлері.

  64. Еуропа елдеріндегі жергілікті басқару және өзін өзі басқару.

  65. Мұсылман елдеріндегі жергілікті билік.

Н.4.07-14


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


Құқықтану кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

_________Кулмаханова Л.Ш.

(қолы)

Хаттама № _1____



__26__» __08__ 2012 ж.
Қорытынды бақылау материалдары

(билеттер және тест сұрақтары)
Шет елдердің конституциялық құқығы пәні бойынша
5В050301 Құқықтану мамаңдығы

Курс ____, семестр ________

Оқу түрі ___күндізгі___сыртқы____

«24 » 11 2012 ж № 4 хаттама

Кокшетау


ДӘРІС САБАҚТАРЫ
І ЛЕКЦИЯ. Тақырыбы: Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.
Жоспары:

1. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні.

2. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері.

3. Шет елдердің конституциялық құқығының жүйесі.



Лекцияның мақсаты: Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, нормаларымен оның түсінігін, ерекшеліктерін және түрлерін оқыту. Сонымен қатар, конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен оларға тән белгілер мен түрлерді және оған қатысушы субьектілермен таныстыру.
Лекция мәтіні:

1. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні.

Әрқашан да конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені конституциялық құқық негізгі заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен азаматтың заңды мәртебесін, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақ белгілі бірелдің тұтас құрылысын анықтайды.

Белгілі бір мемлекттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады. Қонституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен адамдар (азаматтар) арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады.

Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп көрсететін әдіс-құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге жол ашады.



Конституциялық құқықтың институттары. Белгілі бір мемлекеттің негізгі қоғамдық қарым-қатынасын құрайтын субъектілері сол елдің конституциясы арқылы айқындалады (мысалы, ҚР Конституциясына сәйкес қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне: ҚР-ның азаматтары, Парламент, Үкімет, Президент, т.б. жатады).

Конституциялық құқық нормалары. Бұл ең алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субьектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген (жалпыға міндетті) қағида-ережелер.

Конституциялық құқық субъектілер. Конституциялық құқық субъектілері екі негізгі топқа бөлінеді:

  • қоғамның құқықты мүшесі;

  • қоғамдық құрылымдар.

Қоғамның құқықты мүшелеріне: азаматтар, шетелдіктер, сайлаушылар, лауазым иелері, депутаттар және т.б. жатады.

Қоғамдық құрылымды тұтасымен алғанда: мемлекет, мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары, ұйымдық-құқықтық сипаттағы әр түрлі азаматтық бірлестіктер, т.б. құрайды.

2. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері.

Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Шетелдердің Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. “ҚР қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады” ( мысалы, ҚР Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).



3. Шет елдердің конституциялық құқығының жүйесі.

Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі брдей оның бастаулары болып табылмайды. ҚР Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттер мен мақсаттары да қызмет етеді.

Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алына бастаған бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және қайнар көзі болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Конституциялық құқықтың институттары нені зерттейді.

2. Конституциялық құқық субъектілері түсінігі.

3. Қоғамның құқықты мүшелеріне жататындар.

4. Шет елдердің конституциялық құқығының жүйесі.

5. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері.



2 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі

Жоспары:

1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.

2. Конституциялық құқықтық қатынастар.

3. Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері.

4. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

5. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі ретінде.



Лекцияның мақсаты: Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, нормаларымен оның түсінігін, ерекшеліктерін және түрлерін оқыту. Сонымен қатар, конституциялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен оларға тән белгілер мен түрлерді және оған қатысушы субьектілермен таныстыру.
Лекцияның мәтіні:

1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.

Оқу пәні ретінде шетелдердің конституциялық құқығы Қазақстандағы барлық заң институттарында оқытылады.

Бұрын, кеңес өкіметі тұсында, жоғары заң оқу орындарында жеке пән ретінде «Буржуазиялық және өркендеп дамыған елдердің мемлекеттік құқығы» және «Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттің құқығы»деп арнайы бөлек оқытылады. Алайда, соңғы жылдардағы тарихи өзгерістер бұл пәндердің, теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да, мәнін жойды.

Біз бұл пәнді таяу және алыс шетелдердің конституциялық құқықтарын жаңа көзқараспен қарап, тұжырымдар жасаймыз. Өйткені, дамыған өркениетті елдердің конституциялық құқықтарымен қатар ҚР –на ұқсас елдердің мемлекеттік құрылымдарын білудің де пайдадан басқа зияны жоқ. Оның үстіне, бұл елдермен қарым-қатынастарымыз күн санап арта түсуде, осыған орай олардың конституциялық заңдарын білу елдік зиялылығымызды білдіреді. Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялық құқық тарын өз республикамыздың конституциялық құқығы мен салыстыра қараймыз. Ондағы мақсатымыз-Республикамызда құқықтық-демократиялық мемлекет орнықтыру барысына қажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.



2. Конституциялық құқықтық қатынастар.

Шетелдердің конституциялық құқық мынандай оқу жоспарының тәртібімен тығыз байланысты: мемлекет және құқық тәртібімен және құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы, ҚР конституциялық құқығы және халықаралық құқық. Осындай басқа да заң тәртібімен байланыс курс пәнінің ерекшелігімен анықталады, оған әртүрлі мемлекеттердің конституциялық құқықтық жүйесі кіреді, ол курста басқада заң тәртібінің түсініктеме аппаратының қолданылуын көздейді. Студенттерге берілген тәртіптің материалдарын тереңдетіп білудің мәні зор, өйткені шетелдердің конституциясының пайда болу тарихы және дамуы, мемлекеттік құқықтық институттар, саяси-құқықтық ой және басқа материалдар, өзге заң тәртібінің пәні болып табылады.

Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Шетелдердің Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. “ҚР қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады” ( мысалы, ҚР Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).

Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі брдей оның бастаулары болып табылмайды. ҚР Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттер мен мақсаттары да қызмет етеді.



3. Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері.

Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алына бастаған бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.

Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және қайнар көзі болып табылады.

Конституциялық құқықтың негіздеріне:


  • Құқықтық нормативтік актілер;

  • Соттық прецеденттер;

  • Құқықтық дағдылар;

  • Халықаралық және мемлекет ішінаралық келісімдер жатады.

Құқықтық нормативтік актілер өз кезегінде: заңдарға, атқарушы өкіметтің нормативтік актілеріне, сот огандарымен конституциялық бақылау органдарының нормативтік актілеріне, парламент регламенттеріне, жергілікті өзін-өзі басқарушы актілерге бөлінеді.

Заңдар өз алдына: негізгі, конституциялық, органикалық және әдеттегі болып бөлінеді.

Конституция, яғни, мемлекеттің негізгі заңы өз кезегінде:



  • адамдар мен азматтардың құқық мәртебесін;

  • басқару нысаны мен мемлекеттің құрылым түрін;

  • саяси жүйесін;

  • конституциялық органдарды ұйымдастыру мен қызметі принциптерін;

  • қоғамдық қарым-қатынастардың ең маңыздыларын реттейді.

4. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Аталған ғылым мәртебесі конститцциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді.



5. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі ретінде.

Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік- аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптерін зерттеу жатады.

Шетелдік заң әдебиеттері сонымен қатар атақты заңгер ғалымдардың еңбектерінде Конституциялық құқық негізінде (мысалы, Англия, т.б. елдер) жатқызады. Ал, Ресейдің заң ғылымдарының доктринасы бұл елде Конституциялық құқықтық негізі ретінде емес, қайта дәлелдемеге қосымша толықтырғыш ретінде қарастырылады. Енді өз елімізді алсақ, біздер атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билердің доктринасын конституциялық құқықтың негізіне жатқызамыз.

Сол сияқты кейбір елдер (мысалы: Алжир, Ватикан, Сауд Арабиясы, Иран, т.б.) конституциялық құқық негізіне діни қағидалар жинағын да кіргізеді.

Шетелдердің мемлекеттік тәжірибесінде онан да өзге заңдардың конституциялық құқықтар негізі алынатыны жасырын емес.

Бақылау сұрақтары:

1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым ретінде.

2. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу пәні ретінде.

3. Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі.

4. Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде.

5. Шет елдердің конституциялық құқығы саласының мамандары үшін маңыздылығы.


3 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердің Конституциялары.

Жоспары:

1. Конституция ұғымы.

2. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болуы және оның негізгі сипаттары.

3. Конституция – шет елдердің конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде.

4. Олардың түрлері: жазылған және жазылмаған, тұрақты және уақытша.
Лекцияның мақсаты:

Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердің негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады. Сондай-ақ, бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды, саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарын институттандыру принциптерін көздейді.


Лекцияның мәтіні:

1. Конституция ұғымы.

Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қоғамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдің қоғамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, құрылымын, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді.

Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен көптеген коституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:

а) конституциялық халықтық өкімет принциптерін жариялайды. Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясынң 25-бабында: “Барлық билік халықтан келіп шығады...” делінсе, Италия Республикасының Конституциясының 1-бабында: “Италия - демократиялық республика... Тәуелсіздік тек халыққа тиісті” – дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады.

Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992 ж.) 7-бабында: “Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық болып табылады”, деп жазылған. Тунис Республикасының Конституциясының (1959 ж.) 3-бабында: “Тәуелсіздік құқық тек тунисхалқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады” – деп жазылған.

б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді. Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол “Құқық Деклорациясы” деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953 ж.) “Жеке және қоғамдық құқықтар мен міндеттер” деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында: “Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері” атты тарау бар.

в) Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді. Мұндай қағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т.б. елдердің конституцияларында бар.

г) Конституция басқару түрлерін орнықтырады (республика немесе монархия). Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967ж.): “Боливия унитарлық республика болып табылады” деп көрсетілсе, Испания конституциясы (1978ж.): “Испан мемлекетінің саяси нысаны – парламенттік монархия болып саналады” – деп жазылған.

д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін (унитарлық немесе федерациялық) орнықтырады. Мысалы, ФРГ, АҚШ, Индия, Мексика федерациялық мемлекеттер болып жарияланған.

е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.

Сонымен көп мәселелерді , әртүрлілігіне қарамастан, конституциялар реттейтіні анықталды.

2. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болуы және оның негізгі сипаттары.

Конституцияны: 1) нысанына; 2) қолдану тәртібіне; 3) өзгерілу әдісіне қарай осындай түрлерге, бөлу қабылданған.

Нысанына қарай Констиуцияның екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар. Жазбалы Конституция – бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт ( мысалы, Финляндияда, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында), бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған. Әдетте, жазбалы конституциялар кіріспеден ( преамбулдан), негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелерінен тұрады.

3. Конституция – шет елдердің конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде.

Конституцияға жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді тану (толық не жартылай) өзіне лайықты заң зардаптарына апарып соғады:



  1. Конституция бойынша конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылған елдерде (Ресей, Канада, Индия, Өзбекстан, т.б.) конституциялық емес деп танылған заңдар жойылуға жатады.

  2. Конституция бойынша тікелей конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылмаған елдерде конституциялық емес заңдар автоматты түрде жойылуға жатпайды. Мұны тек парламент, не болмаса нормативтік актіні қабылдаған орган (әлбетте, тек нормативтік акт болса) жүзеге асырады. Алайда, әрдайым конституциялық қадағалау (бақылау) органы наразылық білдірген акт соттар тарапынан қабылданбайды.

Конституциялық қадағалау (бақылау) органдары әртүрлі жолдармен құрылады.

Сөйтіп, Австрияның федеральдық конституциялық сотының мүшелері үкіметтің ұсынысымен президент тарапынан тағайындалады.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет