Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012


Олардың түрлері: жазылған және жазылмаған, тұрақты және уақытша



жүктеу 2.4 Mb.
бет3/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4. Олардың түрлері: жазылған және жазылмаған, тұрақты және уақытша.

Жазбалы Констиуция бұл бірыңғай тұтас, американдар бейнелеп айтқанндай, “ қалтаға салуға болатын құжат” . Кейбір жағдайларда Конституция белгілі бір жүиеге келтіріліген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін. Осындай жазбалы Конституцияда – бұл актілер жиынтығынан (Израиль, Сауд Арабиясында) немесе констиуциялық әдет ғұрыпттардың жиынтығынан да құрылуы мүмкін.

Жазбалы емес Констиуция – сирек қолданылатын әр түрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет- ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар. Жазбалы емес Констиуция жазбалы Конституция сияқты басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын, мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрлымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және т.б. белгілейді, бірақ сол елдердің негізгі актілері деп формальді түрде болса да жариаланбаған. Өйткені қазіргі кезде тұтастай жазбалы емес Констиуция ешбір елде жоқ. Тіпті жазбалы емес Констиуцияның классикалық елі деп аталатын Ұлыбританияның өзінде деп бірқатар жазбалы актілер бар. Британия Констиуциясының негізі бөлімдері мынадай жазба құжаттардан тұрады:

1) мәртебелік (статтутық) құқық (ежелгі актілер және аса маңызды Констиуциялық сипаттағы Парламент заңдары- 1215 ж. еркіндіктің ұлы хартиясы; 1989ж құқықтар туралы Билль; 1911ж. Парламент туралы, 1972ж. Жергілікті басқару жөніндегі актілер т.б.); 2) жалпы құқық (сот құқығы, үрдістік (прецеденттік) құқық); 3) Констиуциялық келісімдер; 4) доктриналық қайнар көздер (ертедегі белгілі ғалымдардың ғылыми монографиялық туындылары немесе пікірлері- мысалы Брэктонның 1250ж. Англия заңдары туралы трактаты, 1565ж. Брэкстон, Англия заңдарының комментариясы.



Бақылау сұрақтары:

1. Әрбір конституцияның өзіндік ерекшеліктері.

2. Конституция ұғымы және оның жалпы сипаттамасы.

3. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болуы және оның негізгі сипаттары.

4. Конституция – шет елдердің конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде тану.

5. Конституцияның түрлері: жазылған және жазылмаған.

6. Конституцияның түрлері: тұрақты және уақытша.
4 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердің Конституциялары.
Жоспары:

1. Шет елдердегі конституцияларды қабылдау тәртіптері.

2. Конституцияның қабылдануы.

3. Конституцияның күшіне енуі және оның өзгертілуі.

4. Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі.

5. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары.


Лекцияның мақсаты: Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әртүрлі жол-жоралары бары бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-жораларға тоқталу.

Лекцияның мәтіні:

1. Шет елдердегі конституцияларды қабылдау тәртіптері.

Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) қабылдау.

1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда короь тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардың үшінші тобы (сословия) ұйымдастырылған құрылтай жиналысында бекітілген- ді. Құрылтай жиналысы мақұлдаған конититуция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді.

Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның обсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парламент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы референдумда бекітілуі қажет.

Төтенше жағдайларда, айталық Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т.б. елдерде, конституцияны қайта қарауға салынатынын ескерте кеткіміз келеді.

Сонымен қатар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізуі жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасын даярлау үшін конституциялық комиссия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда).

2. Конституцияның қабылдануы.

Сонымен қатар кейбір елдерде негізгі заңдарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай қарау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ, халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия Республикасының Негізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жазба Конституция елдегі басқа барлық нормативтік құқықтық актілерге қарағанда жоғары заң күшіне ие болады. Сондықтан да жарияланатын кез келген нормативтік құқықтық актілер конституцияға сәйкес келетін түрде ғана жүзеге аса алады.

3. Конституцияның күшіне енуі және оның өзгертілуі.

Мұндай істі тәжірибеде нақтылап отыру міндеті конституциялық қадағалау (бақылау) органына жүктеледі, яғни бұл орган нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкес екендігін тексеруді жүзеге асырып отырады.

Осы қызметті алғаш рет АҚШ-тың Жоғарғы Соты 1803 жылғы сот құрылысы жайлы заңның 13-бөлімін АҚШ-тың конституциясына қарама –қайшы деп тауып, оны қолдануға болмайтынын өз шешімінде бекітті. Осылайша, АҚШ-тың Жоғарғы Соты конституциялық қадағалау (бақылау) органының қажеттілігін көрсетіп берді. Сайып келгенде, АҚШ-тың Жоғарғы Соты осы күнге дейін конституциялық қадағалау (бақылау) органы қызметін де атқарып келеді.

Қазіргі кезде жазба конституциясы бар әлемнің барлық елдерінде конституциялық қадағалау (бақылау) органы енгізілген. Олар төмендегі екі түрде қолданылады:



  1. Конституциялық қадағалау (бақылау) қызметін жалпы сот юридикциясына жататын соттардың бәрі атқарады (Аргентина, Дания, Норвегия, Канада, Жапония, т.б. елдерде). Мұндай конституциялық қадағалау (бақылау) жүйесін американдық (орталықтанбаған) деп атайды.

  2. Жалпы сот юрисдикциясы жүйесіне енбейтін арнайы квази-соттық органдар құрылып, олардың негізгі қызметіне конституциялық қадағалау (бақылау) жатады (мысалы, Ресей, ФРГ, Франция, Италия). Конституциялық қадағалау (бақылаудың) мұндай түрін еуропалық (орталықтанған) деп атайды.

Конституцияға жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді тану (толық не жартылай) өзіне лайықты заң зардаптарына апарып соғады:

  1. Конституция бойынша конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылған елдерде (Ресей, Канада, Индия, Өзбекстан, т.б.) конституциялық емес деп танылған заңдар жойылуға жатады.

  2. Конституция бойынша тікелей конституциялық қадағалау (бақылау) қарастырылмаған елдерде конституциялық емес заңдар автоматты түрде жойылуға жатпайды. Мұны тек парламент, не болмаса нормативтік актіні қабылдаған орган (әлбетте, тек нормативтік акт болса) жүзеге асырады. Алайда, әрдайым конституциялық қадағалау (бақылау) органы наразылық білдірген акт соттар тарапынан қабылданбайды.

4. Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі.

Конституциялық қадағалау (бақылау) органдары әртүрлі жолдармен құрылады.

Сөйтіп, Австрияның федеральдық конституциялық сотының мүшелері үкіметтің ұсынысымен президент тарапынан тағайындалады.

Италияның конституциялық сотының мүшелері президент, парламент және магистратура тарапынан, ал Францияның конституциялық кеңесінің мүшелері президент, ұлттық жиналыс төрағасы және сенат төрағасы тарапынан теңдей үлеспен тағайындалады. Бұл елдің бұрынғы президенті болған адам өмір бойы Францияның конституциялық кеңесінің мүшесі болып саналады.

Көптеген елдерде конституциялық қадағалау (бақылау) органы мен конституциялық сот ісін жүргізу үшін арнайы заңдар қабылданады.

5. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары.

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Аталған ғылым мәртебесі конститцциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді.



Бақылау сұрақтары:

1. Жазылған Конституцияны қабылдау тәртібі.

2. Конституцияның күшіне енуі және оның өзгертілуі.

3. Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі.

4. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары.

5 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі басқару нысандары.
Жоспары:

1. Шет елдердегі мемлекеттердің нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.

2. Мемлекет нысандарының түсінігі.

3. Шет мемлекеттердің формаларының көптілігі және оның себептері.

4. Басқару нысанының түсінігі, оның шет елдердегі конституциялық регламенті.

5. Басқарудың республикалық нысаны.


Лекцияның мақсаты: Шетелдердегі мемлекет нысандары негізінен Қазақстан Республикасының мемлекет нысандары сияқты басқару нысанынан, құрылым нысанынан және саяси режимнен тұруын талқылау.
Лекцияның мәтіні:

1. Шет елдердегі мемлекеттердің нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.

Қазіргі кезде басқарудың монархиялық нысанындағы елдерде мемлекет басшысы қызметін әдетте, монарх жеке өзі жүзеге асырады. Дегенмен, мемлекеттер тәжірибесінде мемлекеттер тәжірибесінде монарх сайлауы да болатын аитып өткеніміз орынды. Мысалы, 1984 жылы Малазияда мемлекет басшысына (монарх болып ) Туанку Искандар әл-Хадшж Ибни әл-Мархум Султан Исмайл (Джохр штатының ) сұлтаны сайланды.

Конституция манархтың Иммунитетін анықтай отырып, оның жеке басына қол сұқпауды қарастырып қана қоймай, кейде (тіпті жиі) оны қасиетті санайды: сол үшін мемлекет басшысына көптеген құрметті құқықтар шексіз құдыреттіліктер, айрықша титул, сондай-ақ жауапершіліксіздік мәртебесі беріледі.

Енді осы жайларды анықтай түсу үшін конституцияларға жүгінейік. Мысалы, Испания Конституциясының 56-бабында: “Карольдің жеке басына қол сұғылмайды, ол ешқандай жауапкершілікке алынбайды.Оның актілері әрдаиым контрассигневтелген”. Осы елдің конституциясының 64 – бабында карольдің актісі тағы да контрассигневтелген (былайша айтқанда, қол қою арқылы бекіледі, яғни үкімет төреағасының қолы қойылады және қажетті жағдайда, ведомстік қатыстығына қарай, актіге тиісті министр қол қояды).

Корольдің сенатты және Үкімет басшысын тағайындайтын немесе оны отставкаға шығаратын Конституция бойынша қарастырылған актілерін конгресс төрағасы контрассигневтеуге тиіс король актілерін контрасигнивтеген адам ол үшін заңмен де саяси жағынан да жауап береді.

2. Мемлекет нысандарының түсінігі.

Контрассигневтеу институты көптеген елдерде оның ішінде басқарудың республика нысанындағы елдерде кең етек жайғанын айта кеткен жөн. Басқарудың республикалық түріндегі контрссигневтеу институты жайында осы тараудың соңына қарай арнайы айтылады.

Мароккода корольдің жеке басы цивильдік (ақшалай қаржы) қағазға ие болған (марокко корольдігі конституциясының 22-23 баптары) Испания королі мемлекеттік бюджеттен өзінің отбасымен сарайды ұстауы үшін қаржы алады және оны өз қалауынша еркін жұмсайды. Король сонымен қатар король сарайының әскери және азаматтық қызметкерлерін қызметке қабылдап әрі қызметтен босата алады. (Испания Конституциясы 65-бап) монархиялық биліктің ажырамас белгісіне тәж бен тақ, мантия (киім) аса таяқ (скиппетр) держава (құдіреті) жатады. Монарх әрдайым билеуші олигархияны өкілі болып табылады.

3. Шет мемлекеттердің формаларының көптілігі және оның себептері.

Формальды анықтылық-құқытың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты,оны құратын заңдарды, басқа данормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады,демек,мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң-ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер ереже емес,мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ерже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олырдың тағдырына әсер етеді. Құқықтың енді бір белгісі-мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына дұрыс қолдануын қамтамасыз етпесе,олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқытарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы: Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. Егер азаматтардың құқытары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет олырды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Басқару нысандарына анықтама берудің маңызы өте зор. Өйткені, ол мемлекеттің мәнін айқындайды. Сөйтіп, мемлекеттік биліктің жоғары оргондарының құқықтық жағдайлары мен құрылысын ашып береді, сондай-ақ кеінгілердің мемлекет басшысынан қаншалықты заңды және нақты тәуелділігін көрсетеді.

Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар: монархия және республика .

Монархия- елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мұрагерлік тәртіппен иеленгендігін білдіреді.

Республика - Бұл мемлекеттік би лікті жүзге асыратын негізінен залық болып табылатын басқаруц нысаны.



4. Басқару нысанының түсінігі, оның шет елдердегі конституциялық регламенті.

Республикалық басқару негізінен екі түрге бөлінеді: Президенттік және Парламенттік.

Президент тік республиканың басты сипаты - президент қолына мемлеке басшысымен атқару билігінің басшысы өкілеттіктер шоғырланады ( мысалы, Аргентина, Боливия АҚШ, Өзбекстан)

Тыйым салу мен қарам-қайшылық принципі төмендегідей алты негізгі ережелерден тұрады.



  1. Барлық штаттар тең құқыққа ие болады. Жалпы халықтық үкімет бұлардың бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды.

  2. Басқарудың үш органы жүзеге асады. Олардың бірі- заңдар шығару үшін, екіншісі оны орындау үшін, ал үшіншісі- құқықтық мәселелерді шешу үшін құрылады.

  3. Заң алдында барлық азаматтар тең, байда, кедейде, әлеуметтік дәредесәне қарамай, өз құқықтарының заңмен қорғалуын талап ете алады

  4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкімде ешнарсе де жоқ. Бірде бір өкімет қызметкерінің билікті конституция немесе зайда рұқсат етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына болмайды

  5. Халық конституцияны өзгерте отырып, үкімет билі гін өзгерте алады

  6. АҚШ аумағында АҚШ–тың конституциясы, конгрес заңдармен келісім шарттары ең жоғары заңдар болып табылады.

5. Басқарудың республикалық нысаны.

Парламенттік республикада ең алдымен мемлекеттік биліктің жоғары органдары жүйесінде парламенттің үстемдік ету сипати көрінуі шарт. Мұндай елдерде өкіметті парламент сайлауында жеңіп шыққан саяси партиялар жетекшілерінен тек парламент ғана құрылады. Қазіргі кезде, мысалы, Австрія, Индия, Израиль, Туркия, ФРГ, Швицария елдері парламнттік республіка балып табылады.

Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және парезиденттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы – Президент. Франция 1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ол тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамассыз етеді.

Сол секілді басқарудың басқа да аралас нысандары кездеседі. Мысалы, монархия және республика элементтерінің аралас түрі. Малайзия мемлекеті басшысы – монарх 9 штаттан, сұлтандар арасынан 5 жылға (Малайзия федерациясында 13 штат бар, оның 9-ын мұрагерлік жолмен сұлтандар басқарады. Бұл елдегі монархтың ресми аталуы Янг ди-Петруан Агонг) сайланады. Монарх Парламент алдында жауапты премьер-министр мен министрлерді тағайындайды. Парламент екі палатадан: өкілдік палатасы (177 депутат) және сенаттан (58 мүшеден) тұрады. Өкілдік палатасына депутаттар тұрғындар тарапынан, ал сенаторлардың 26-сы (әр штаттан 2 адамнан) сайлау жолымен сайланады, ал қалғандарын мемлекет басшысы тағайындайды. Монархтың парламентті таратуға, не өзі отставкаға кетуіне құқы бар.



Бақылау сұрақтары:

1. Шет елдердегі мемлекеттердің нысандарының сан түрлілігінің себептері.

2. Мемлекет нысандарының түсінігі.


  1. Шет мемлекеттердің формаларының көптілігі және оның себептері.

4. Басқару нысанының түсінігі, оның шет елдердегі конституциялық регламенті.

5. Басқарудың республикалық нысаны түсінігі.




6 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі басқару нысандары.
Жоспары:

1. Басқару нысандары: түсінігі және мәні.

2. Монархия, түсінігі және мәні.

3. Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі.

4. Мемлекеттік құрылым және ұлттық белгі.

5. Унитарлық мемлекет, түсінігі мен белгілері.


Лекцияның мақсаты: Конституцияның монархиялық басқару түрін қарастырып, талқыға салу және шет мемлекеттерінің монархиялық басқарудағы негіздері мен ерекшеліктерін қарастыру.

Лекцияның мәтіні:

1. Басқару нысандары: түсінігі және мәні.

Монархия абсалютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсалютті монархияға барлық мемлекеттік биліктің монарх қолына топтсуы тән. Қазіргі кезде абсалютті монархи, мысалы, Сауд Арабиясы корольдігінде ( мемлекет басшысы және рухани көсем – король) , Омансұлтандығында (мемлекет басшысы-сұлтан), Ватиканда (мемлекет - Қала Ватиканда заң шығарушылық және сот билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар коллегиясы өкілдікке сайлайды).

Конституциялық монархия - екі түрге бөлінеді: дуалисттік және Парламенттік.

Дуалисттік монархияда екі саяси ұғым- феодальдық монархия мен буржуазиялық парламеттің болуы тән. Монарх үкіметі тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген , өйткені жлғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды,әрә олтыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығында да және т.б. ие. Дуалисттік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басчшысы-король). Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы- өмір, ол билеуші сабахтар әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта ( Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы- король) және тағы басқа елдерде бар.

Парламенттік монархия. Парламенттік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процес інде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет Парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік вотумын көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс Парламенттік сайлау өткізуді белгілейді. Парламенттік монархияның Дуалисттік монархиямен салыстырғанда басқада өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып зерттеу барпысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корльдігі, мұндағы ресми мелекет басшысы – корольева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, меле кет басшысы- король), Данияда (Дания корльдігі мемлекет басшысы- монарх). 1972ж қаңтарда ғана Моргрета 2 мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде Парламенттік мұралық монархия мемлекет басшысы -король), Нарвегияда (Норвегія корольдігі, мемлекет басшысы –король), Канада да (мемлекет басшысы ұлыбритания королевасы деп нақты көрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі нышаны - імператор), Люксембургте (Люксембург ұлы герцогтыға мемлекет басшысы- ұлы герцог) орныққан.

2. Монархия, түсінігі және мәні.

Мемлекеттік құрылым нысандарын анықтауда мына жәйіттерді көздеген мақұл: белгілі бір елдің территориялық аумағы қалайша түзілген, ол қандай бөліктерден құрылған (әкімшілік-аумақтық бірліктен немесе федерация субъектілерінен), оның құқықтық жағдайы қандай және аумақтық басқару органдары мен мемлекеттің орталық органдары арсындағы қарым-қатынас, т.б. қалайша құрылған.



Мемлекеттік құрылым нысандары негізінен екі түрде: унитарлық (біртұтас) және федеративтік (құрама) болады.

Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғыстан Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: Конституция бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық огандарына бағындырылған) бөлінеді.

Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Дания, Финляндия ) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы Еліні кейбір аумақтарында автоноиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керекгінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік ирландия аумақтық жартылай автономиялық құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: қауымдық палата (Елу екі мүшесі бар, олар бес жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден) кабинеттен (Премьер министр бастаған сегіз министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы би лікті губернатор атқарады.

3. Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі.

Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына материалдық және қаржылық қорларды жүзеге асырулары үшін кейбір заңды мемлекеттік өкілеттіктер берілуі мүмкін.

Әлбетте, мұндай берілген өкілеттіктің өмірге ендірілуін мемлекет қадағалап отырады. Жергілікті өзін-өзі басқару орагндарына сот тарапынан қорғалуға,мемлекеттік өкімет органдары тарапынан қабылданған шешімдер нәтижесінде туыдаған шығындардың өтелуіне мемлекет тараптарынан қосымша кепілдік құқық беріледі. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Конситуциясы мен федеральдық заңдарда бекітілген жергілікті өзін -өзі басқару құқықтарын шектеуге де тыйым салынады.

Мұны нақтылай көрсетейік: облыстық (өлкелік) өкілетті және атқарушы органдар мемлекеттік өкімет болып табылады. Ал, жергілікті өзін -өзі басқарудың органдары болып (қаалрда, қыстақтық мекен-жайларда, т.б.) мысалы, дума, муниципальдық комитет,ал жергілікті өзін-өзі басқарудың басшысы болып - әкімшілік әкімі,мэр, староста және т.б. саналады.

Тұрғындардың санына байланысты жергілікті өзін-өзі басқарудың әкімін тұрғындардың өздері сайлауы, не болмаса, жоғары тұрған әкімшілік әкімі (мысалы, федеральдық маңызға ие қаларда, т.б.) тағайындауы мүмкін.

Әлемдік тәжірибеде бар мемлекет нысандарын зерделеп білген соң, енді мемлекеттік би лікті жүзеге асару нысандарын Жан-жақты қарастырып, білудің жөні келіп отыр. Былайша айтқанда, қоғамды басқару қандай жолдармен жүзеге асырылады және онда халықтың (заңды және дұрысы) рөлі қандай болады? Міне, ендігі сөз осы сұрақтар төңірегінде өрбиді. Осы орайда Қазақстан Республикасының Конституциясының беташары болған: “ Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жер інде мемлекеттілік құра отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді Сезоне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізгі ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- деген сөздермен яғни, халық атынан басталады. Енді Ресей Федерациясы Конституциясының “Конституциялық құрылыстың негіздері” атты тарауындағы: “Тәуелсіздік жаршысы және Ресейдегі биліктің бір ден-бір қайнар көзі де халық, ол өздері армандаған билі гін тікелей де мемлекеттік билік органдарымен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырып отырады. Конституция бойынша халықтың осы билігінің нақты көрінісі болып референдум және ер кін сайлау жүргізу болып табылады. әрі онда өздерінің ең жоғарғы армен ниеттерін көрсете алады. Ресейде мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот жүйелері яғни үш негізгі тармақ арқылы жүзеге асырылады. Әрине заң шығарушылық атқарушылық және сот биліктері өз алдына дербес, бір-біріне тәуелсіз. Федерацияда мемлекеттік би лікті жүзеге асыратындар: президент федеральдық құрылтай (федерация кеңесі және мемлекеттік дума) үкімет ресей федерациясы соттары. Ал, федерация субъектілеріндегі мемлекеттік билікті оларды құрылған мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет