Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012


Мемлекеттік құрылым және ұлттық белгі



жүктеу 2.4 Mb.
бет4/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4. Мемлекеттік құрылым және ұлттық белгі.

Федерацияның мемлекеттік билік органдарымен субъектілерінің мемлекеттік билік органдары арасындағы істерді жүргізумен өкілеттіктерді шектеу ресей федерациясы конституциясы федеративні және т.б. да істерді жүргізумен өкілеттіктерді шектеу және келісімдер арқылы жүзеге асырады.

Литва Республикасы Конституциясы бойынша халық өзінің жоғарғы тәуелсіздік ер кін немесе демократиялық жолмен сайланған өз өкілдіктері арқылы жүзеге асырады. Литва да мемлекеттік билік Сейм, Президент, Үкімет сот арқылы жүзеге асырылады. Конституция арқылы билік өкілеттілігі шектеледі. Билік мекемелері тек халық үшін қызмет етеді. Ал, мемлекеттік би лікті күшпен басып алу немесе оның итстиуттарын күштеп тартып алу конституцияға қарсы әрекет деп саналып әрі заңсыз жарамсыз деп табылады. Мемлекет пен халықтың ең көкейкесті мәселелері референдум жолымен шешіледі (4,5,8,9-баптар).

Жапония Конституциясы бойынша халыққа тәуелсіз билік тиесілі, бірақ халық қандай да бір болмасын қиянат жасаушылыққа бостандықтарымен құқықтарын асыра пайдаланудан өздерін тежеулері тиіс және олардың қоғамның ізгілікті мақсатына сай қолдануы үшін тұрақты түрде жауапкершілік артады (12-бап) Конституцияның 41-бабына сай парламент мемлекеттің заң шығарушы органы 65-бабына сай атқарушы би лікті кабінет жүзеге асырады; 76-бабына сәйкес соттық биліктің барша билігі жоғарғы сотқа және заңмен белгіленген одан төменгі инстанциялық соттарға; 92-бабына сай көпшілік билігі органдармен жергілікті істері мен ұйымдастырылуына қатысты ережелер жергілікті автономія принципреіне сәйкес заңмен белгіленеді.

Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың конституция белгілеп берген негізгі принциптері әдістері және жүзеге асару жиынтығы сол белгілі бір елдегі саяси режимді нақтылап береді.

5. Унитарлық мемлекет, түсінігі мен белгілері.

Саяси режим деп - демократиялық және автономиялық болып екі түрге бөлінеді.

Демократиялық режимде мемлекеттік билік қоғам мүшелерінің көпшілік бөлігінің қатысуы және өз еріктері бойынша жүзеге асырылады.

Әсіресе құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның жұмыс істеуі жағдайында немесе оны құру барысында құқықтық билік түрін дамытудың еркше маңызы бар “демократия” деген ұғым пайдаланылған кезде халық пен билік бірлігін танып дәлірек айтқанда мемлекетке және мемлекеттік билікке халық деп есептеу дұрыс. Міне осыдан келіп халықтық биліктің нысаны мен маңызын оның озық жақтары мен бағыныс тәртібін анықтауға болады.

Халықтық билік нысандары арасында әдетте тікелей турадан тура және өкілдік немесе халық өкілдігі түрлері көзге түседі. Әлбетте бірінші орынға тікелей демократияны қойғанымыз дұрыс болар еді. Өйткені ол халыққа тікелей сарапшысыз әрі өкілдіксіз өз мақсат мүддесімен еркін өздері білдіруге мүмкіндік береді. Міне осы ғана нағыз табиғи ақылға қонымды халықтық билік. Сондықтан да ең күрделісі де. Қазіргі кездегі халықтық билік мәселесі жаңаша мағынаға ие болып бара жатқанын мойындауымыз керек. Алайда, бүгінгі күні оның бастапқы шынайы түсінігін бұрмаламай оған дұрыс қарағанымыз абзал.

Авторитарлық режимде мемлекеттік билік жеке адамның не болмаса билеуші алигархия тарапынан жүзеге асырылады. Мұндай режимде қабылданатын кез келген шешім күштеу аппараты тарапынан өмірге енгізіледі. Авториьарлық режим сонымен қатар мемлекеттік билікте әскери диктатура келгенде де орнығуы мүмкін.

Авторитапрлық режим қоғамды тірі роботтар қаліне жеткізетін тоталитарлық (фашизм) режимге де ұсынылуы мүмкін.

Фашизм қаржы капиталының нағыз барып тұрған және шовинистік элементтерінен тұратын теористік диктатура. Қоғамда зорлық зомбылық пен заңсыздықтар орнайды.

Саяси режимді фашистендіру дегеніміз құқық пен бостандықтың аяққа тапталуы саяси және т.б. өкілдіктердің атқарушы органдар қолына өтуі. Т.с.с. дегенді білідреді. Мысалы Германиядағы фашизм тұсында жалғыз ашық саяси партия немістің ұлттық социолистік жұмысшы партиясы Италиядағы фашистік партия Испанияда Испан традиционистері фалангасы мен ұлттық синдикалистік бағыттағы хуандтар болды. Фашистік партия басшысының қолына мемлекеттік биліктің бәрі де топталды. Германия империясының жоғарғы басшысы заңына былай жазылғанын еске түсіре кетейік: империяның президенті лауазымы рейхстанцлер лауазымымен бірігеді. Осыған орай осы кезге дейін қалыптасқан империя президентінің заң күші ендігі жерде көсем әрі рейхканцлер Адольф Гитлерге өтеді. Ол өзінің із басарын тағайындайды. Осындай оқиғаларды біз тарихтан жақсы білеміз. Солардың бірі ретінде 1948/ жылы ОАР –да билік басына ұлтшылдар партиясы келгеннен кейін орнатылған геноцидтік жендеттік режимді атап өтсек те болады. Осындай зорлық зомбылықты жендеттік әскери фашистік диктатура түрі Чилиде 1973 жылы орнағаны да ұмыт болған жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Шет елдердегі саяси режимдер түсінігі

2. Шет елдердегі саяси режимдер түрлері.

3. Демократиялық (либералдық) режим, оның түсінігі

4. Демократиялық (либералдық) режим, оның түрлері.

5. Авторитарлық режим (диктаторлық), оның түсінігі

6. Авторитарлық режим (диктаторлық), оның белгілері.

7 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі саяси партиялар саяси жүйелер.
Жоспары:

1. Шет елдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функциялары.

2. Партия және мемлекеттік аппарат.

3. Көппартиялық және оның себептері.


Лекцияның мақсаты: Шет елдер мемлекеттеріндегі саяси партия-азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекше түрі саналады әрі өздерінің құрылуының және қызметінің басты мақсаты етіп мемлекеттік билікті жүзеге асыруды көздейді осыны зерттеу.
Лекцияның мәтіні:

1. Шет елдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функциялары.

Қазіргі кезде әлемдегі барлық елдерде екі мыңнан астам саяси партиялар бар. Мысалы, Францияда-10, Қытайда-9, Данияда-8, Италия мен Норвегияда -7, Литвада 30-дай, Ресейде-60-тан астам саяси мақсат-мүддені көздейтін партиялар мен басқа да азаматтық бірлестіктер бар.

Мемлекеттерді жеке-жеке алып қарағанымызда олардың қоғамдық өміріне қатысты саяси партиялардың рөлі мен орны әрқашан да біркелкі әрі бір мағыналы еместігіне көзіміз жетеді. Осыған қарамастан демократиялық елдердегі саяси партиялар мемлекеттік билікті жүзеге асырудың ажырамас элементтеріне айналып, айтарлықтай еңбек етуде.

Әрине, саяси партиялар, мысалы, Еуропада буржуазиялық революциямен тікелей байланыста пайда болып, жүзеге асты. Нәтижесінде өкілдіктерін сайлаумен жүзеге асыратын халықтық өкілдік, яғни, халық билігі жүйесі құрылды.

Бірте-бірте қоғамдық топтардың жіктеле түсуі, әлеуметтік қарама –қайшылықтың шиеленісі, қоғам өмірінің саяси жағдайына қалың көпшіліктің белсенді қатысулары себепті партиялардың рөлі күшейе түсті. Саяси қозғалыстарда жетекшілік орын иеленген олар, енді өз мақсаттарын, басты мүдделерін ашық қоя бастады, яғни, парламент пен үкімет қатарына өз өкілдіктерін өткізу жолында көп орынға ие болуға тырысып, мемлекттік органдар қызметіне белгілі бір саяси қысым жасауға ұмтылды. Міне, сондықтан да саяси партиялардың басты мақсаты кәсіподақтардан, басқа да қоғамдық бірлестіктерденосындай тұрғыда өзгешеленеді. Ал, кәсіподақтар саяси өмірге араласуды басты мақсат тұтпайды.

Сөйтіп, саяси партия-азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекше түрі саналады әрі өздерінің құрылуының және қызметінің басты мақсаты етіп мемлекеттік билікті жүзеге асыруды көздейді.

Өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру жолында саяси партиялар өздерінің билікке келуіне дауыс берумен сайлауда көмектесетін сайлаушыларының, яғни, өз тараптастарының мақсат-мүдделерін жүзеге асыруға бар көңілдерін бөледі. Сонымен бірге, соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отырғандай, көптеген саяси партиялар мен ұйымдардың, қоғам ішінде әлеуметтік шиеленістер мен қарама –қайшылықтарды болдырмау жолында, басқа әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің мүддесімен санасуларына тура келуде.

Дегенмен де, басты мақсаттарын берік ұстанған саяси партиялар өздерінің іс-әрекеттерінің бағдарламаларын нақтылап, оны жүзеге асыру жолында өз мақсаттары мен міндеттерін, стратегиясы мен тактикасын қоғамда жиі-жиі жариялап отырады. Сонымен бірге олар өз қатарын әлеуметтік шиеленістерді шешуге жәрдемдесетін жаңа мүшелермен толықтыра түсіп, қайткенмен де қоғамда азаматтық бейбітшілік пен өзара түсіністіктерге қол жеткізуге тырысады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты өркендетуге және т.б. күш салады.

Әлемдік тәжірибені талдау барысында саяси партиялардың құқықтық негіздері дәрежесі олардың қызметі сапасында өте маңызды орын алатынына көз жеткіздік.

Былайша айтқанда, әңгіме олардың заңды институттануы жайында. Конституциялық құқық теориясына сәйкес саяси партияларды бұлай институттандыру бір –бірімен өзара байланысты екі тәсілмен жүзеге асырылады:

-конституцияландыру (яғни, Конституцияда олардың негізгі принциптері мен мәртебесін жариялау);

-заң шығаруды институттандыру (яғни, арнайы заңда немесе басқа да заң шығарушылық актілерде саяси партиялардың құқықтық жағдайларын көрсету);

-Қазіргі дәуірде көптеген мемлекеттер өз конституцияларында өз шамалары келгенше саяси партиялардың мәртебесін институттандырады. Бұл қатардан тек қана АҚШ-ты шығарып тастауға болады. өйткені, бұл елде саяси партияларға қатысты ережелер тек штаттар конституциясында ғана бар. Ал, АҚШ Конституциясының өзіндегі ережелерден де, кейіннен қосылған 26 түзетулерден де бұл жайлы арнайы сөз жоқ.

Енді шетелдердегі саяси партиялардың мәртебесін конституцияландыру жайлы біраздаған нақты да айқын үлгілерді келтіре кетейік.

Болгария Республикасы Конституциясына сәйкес:

-партия азаматтардың саяси еркін қалыптастырып, ашық көрсетуге жәрдемдеседі.;

- бірде-бір жеке партия немесе идеология мемлекеттік тұрғыда жарияланып немесе бекітілмейді.

- саяси партиялардың ұйымдасу тәртібі мен тоқтатылуы және олардың қызмет шарттары заңмен реттеледі;

- нәсілдік, тектік немесе сенім-нанымдары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік билікті күшпен тартып алу мақсатын көздеген бірде-бір саяси партия –партия болып құрыла алмайды.

2. Партия және мемлекеттік аппарат.

ФРГ-ның Негізгі заңы партия халықтың саяси еркін қалыптастыруға қатысады деп жазады. Елдегі демократиялық құрылыстың негізіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі немесе оны жоюы мүмкін, яки болмаса, ФРГ-ның өмір сүруіне қауіп туғызатын партиялардың қызмет етуіне тыйым салынады.

Италия Конституциясы азаматтарға ұлттық (мемлекеттік) саясатты айқындауда демократиялық жолмен жәрдемдесетін партияға ерікті түрде бірігулеріне құқық береді.

Ал Франция Конституциясы бойынша саяси партиялар дауыс беру арқылы тұрғындардың өз еріктерімен көңіл ббілдірулеріне жәрдемдеседі., өз қызметін ұлттық тәуелсіздік пен демократияның принциптерін құрметтей отырып ерікті түрде құрады.

Испания Конституциясы партиялардың саяси плюрализм принциптерін сақтай отырып, халықтық пікірдің қалыптасуы мен әрі оны білдіруде бәсекеге түсулерін қарастырады.

Бұл партиялардың ұйымдастырылуымен қызметі конституция мен заңдар шегінде ерікті болып, ал ішкі құрылысы мен қызметі демократиялық принциптерге бағынуы тиіс.

Шетелдердің тәжірибесіне жіті көз салғанымызда, ондағы конституциялық принциптер (ережелер) осы күнгі заңдарда өз дамуын көрсетіп отыр. Олар: саяси партиялар мен ұйымдар жөнінде саяси партиялардың ұйымдастырылуы мен қызметі мәселелеріне арналған арнайы заңдар мен тағы да басқа мемлекеттік –құқықтық актілер.

Саяси партиялардың құқықтық жағдайларын заңды институттандыруда төмендегі ең маңызды мемлекеттік мәселелер реттеуге жатады:



  • саяси партияның атауын анықтау;

  • партия қызметінің ұйымдастырылуы мен тоқтатылуы және оның өзін-өзі таратуы шарттары мен тәртібі;

  • партияның идеологиялық және бағдарламалық құжаттарына, сондай-ақ оның ұйымдастыру құрылымы мен қызметінің тәсілдеріне қойылатын талаптар;

  • қаржыландыру көздері (партия қызметінің материалдық қамтамасыз етілуі;)

  • өкімет пен өзара қарым-қатынасы;

  • сайлауға, сондай-ақ өкілетті органдардың қызметіне қатысуы міндеттеледі.

Әрине, бұл келтірілген мәселелер тізімі кейбір елдерде онан да кеңірек анықталып, дәйектелген болуы мүмкін. Сондықтан да, олармен тереңірек таныстыру үшін кейбір шетелдердің нақты заңдық актілерімен таныстырып өтейік.

Мысалы, ФРГ-ның (1967ж) партиялар жайлы заңында партиялар азаматтардың бірлестігін көрсете отырып, бұл партиялар тұтас барлық ел көлеміндегі не болмаса бөлек бір аумақтағы халықтың саяси еркінің қалыптасуына әсер етіп әрі Бундестаг немесе Ландтагтағы халық өкілдігіне жәрдемдесу ниетінде болатыны айтылған.

Саяси партиялар мен ұйымдар жайлы басқа елдерде көптеген (мысалы, Австрия, Италия, Грузия, Испания, Молдова Республикасы, Португалия, Финляндия, т.б.) заңдар қабылдаған. Мәселен, Мексика Құрама Штаттары (1976ж) саяси ұйымдар мен сайлау жүйесі хақында федеральдық заң қабылдап, онда азаматтарға саяси партиялар мен саяси ассоциацияларға бірігу еріктілігіне кепілдік береді. Мұнда саяси партиялар саяси ұйымдардың негізгі түрі болып табылады. Мексиканың саяси партияларының заңға лайықты принциптер декларациясы, іс-әрекеттері бағдарламасы және жарғысы болуы міндетті.

Декларацияда мынандай басты міндеттемелері: конституцияны және соған сай қабылданған заңдар мен тағы да басқа қабылданған мемлекеттік –құқықтық актілерді сақтау; халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелердің немесе саяси партиялардың тәуелділігіне түспеу; өз бағдарламасын бейбіт құралдар арқылы және демократиялық жолдармен жүзеге асыру. Сондай-ақ, Декларацияда партияның идеологиялық бағыты жан-жақты ашылып көрсетілуі тиіс.

Іс-әрекет ету бағдарламасына партияның өз принциптері мен мақсаттарын жүзеге асыру шаралары, жалпы ұлттық мәселелерді шешудегі ұсыныстары, партия мүшелерімен жұмыс жүргізу, сонымен қатар саяси білім жүйесі және оларды сайлауға қатысуға тарту тәсілдері енгізілуі міндетті.

Жарғы партияның ұйымдастырушылық құрылымын, әсіресе федеральдық бірліктің немесе сайлау округтарының кемінде жартысында партия комитеттерінің болуы жағын жан-жақты қарастырады. Жарғыда сонымен бірге партияның ішкі тұрмысының әр түрлі қырларын көрсететін бірнеше ережелердің алдын ала қамтылуы, сондай-ақ сайлау науқаны кезінде партия кандидаттарын ұсыну тәртібі жайлы ережелер де болуы шарт.

Саяси партиялар федеральдық сайлау комиссиясы тарапынан тіркеледі. Мұндайда партия тіркеу тәртібінде орнатылған екі тіркеу түрінің бірін таңдай алады: 1) бекіту және соңғы тіркелу; 2) сайлау нәтижесіне дейін партияны шартты түрде тіркеу. Бұл екі жағдайдың кез келгенінде де партия тіркелгеннен соң заңдық тұлға мәртебесіне ие болады.

Бекіту мен соңғы тіркеу кезінде партия елдің федеральдық бірлігінің жартысы –үш мың мүшеден кем болмауы немесе парламенттің төменгі палатасына сайлануға 300 мүшеден 300 сайлау округтерінің жартысына тең болуы тиіс. Партияның жалпы мүшелері саны 65 мыңнан кем адам болмауы (Мексиканың тұрғындары 82 млн. жуық) керек. Сайлау округтерінің жиналыстарында партияның құжаттары қуатталуы тиіс (принциптер декларациясы, іс-әрекет ету бағдарламасы, жарғысы).

Ал, шартты түрде тіркелу үшін партия: 1) жарғысы, бағдарламасы, декларациясы бар екендігін; 2) саяси идеологияны білдіретінін; 3) 4 жыл мерзім бойы саяси қызметін жүзеге асырғаны немесе соңғы жыл бойы саяси ассоциация болғанын ресми түрде дәлелдеуі тиіс. Егер, сайлау барысында партия сайлаушылардан 1,5 проценттен кем емес дауыс алса, онда ол партия үзілді-кесілді тіркеледі, ал ала алмаса, онда шартты тіркелуін жоғалтады.

Мексикадағы саяси ассоциациялар сайлауға тек саяси партиялар (яғни, сайлаушылар арасында кімнің идеологиясын тарататын болса, соның,) блогі арқылы ғана қатысатын азаматтар бірлестігінен тұрады.

Саяси ассоциациялардың заңды тұлға ретінде құқықтық қабілеттілігі федеральдық сайлау комиссиясына тіркелген кезден пайда болады.

Ассоциацияның тіркелу үшін кемінде 5 мың мүшесі, өзінің басқару органы әрі 10-нан кем емес федеральдық бірлікті (Мексика 31 штат пен астаналық федеральдық округтен тұрады) құрылымдық бөлімшесі болуы әрі соңғы екі жыл ішінде саяси қызмет атқаруы, сол секілді заңда қарастрылған құжаттары болуы тиіс.

Шет елдерде (мысалы, Ресейде, Англияда, Индияда, Францияда, Литвада, Румынияда) саяси партиялардың заңдық институттануы нысаны олардың нормативтік құқықтық актілерді шығаруы болып табылады. Мұнда партия мәртебесінің ең маңызды жақтары айтылады.

Саяси партиялардың құқықтық белгісінің объектісі ретінде олардың қаржылық іс-әрекеттері маңызды орын алады. Оны реттеудің негізгі нысаны тек қана әр түрлі партия қызметін әрі онымен өзінің қоғамдық рөлін белсенді атқаруды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар саяси сыбайластықтардың алдын алып, саяси қызметін жандандыру жағы қарастырылады. Сол себепті де заң шығарушы органдар олардың қаржы көздерінің түрін анықтайды. Өйткені, осылардан саяси партиялардың қаржысы жинақталып, олардың қаржылық қызметі ашыла түседі (“мөлдірленеді”). Соның нәтижесінде олардың қаржы құқығын бұзушылық жақтары мен заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды бақылаудың құқықтық тетіктерін күшейтуге болады. Мұндай, тағы одан да басқа талаптарды, айқындауда Молдава Республикасы, Франция, Италия, Польша, Канада, Австрия, т.б. көптеген елдерде заң шығарушылық актілері жақсы жолға қойылған. Бұларды анықтау үшін шет елдердің заңдары негізінен қаржы көздерінің үш тобына назар аударады:



  1. партияның өз жеке меншігі;

  2. жеке дербес қаржыландыру;

  3. мемлекеттік қаржыландыру;

Алайда, әлі күнге көп елдерде саяси партиялардың қызметі заңды түрде айқындалмай отырғаны жасырын емес. Мысалы, Сауд Арабиясына тіпті саяси партия құруға тырысудың өзіне өлім жазасы беріледі. Ал, кейбір елдерде мемлекеттік төңкерістер нәтижесінде көптеген саяси партияларға тыйым салынған.

Мысалы, Мавритания Ислам Республикасындағы, 1978 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін, тек жалғыз әрі басты партия екендігіне қарамастан-Мавритан халқының партиясы таратылып жіберілген. Осындай жағдайға 1984 жылы басқарушы әрі жалғыз саяси партия- Гвинеяның демократиялық партиясы да (Гвиней Республикасы) душар болды. Ал, Гана Республикасында 1981 жылы болған әскери төңкерістің нәтижесінде саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды.



3. Көппартиялық және оның себептері.

Көптеген Африка елдерінде әлі күнге дейін бірде –бір ресми саяси партиялар жоқ. Сол секілді Біріккен Араб Эмиратында ешқашан саяси партия болған емес.

Әлбетте, саяси партиялардың құрылысын ұйымдастыруға көптеген фактілер әсер етеді, алдымен сол партияның өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ тарихи, ұлттық ерекшеліктері әсер етеді.

Саяси партияларды құруда екі негізгі әдіс орын алған. Оның бірі- ұйымдастыру құрылысына қарай –ұйымдаса дайындаған, ал екіншісі-ұйымдаса дайындалмаған партиялар болып табылады.

Бірінші топқа жататын партиялар өзінің нақты ұйымдасуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұларда әрбір партия мүшесі партиялық құжаттарын алады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді. Жарғыда қаралған партия талаптарына қатаң бағынады. Оның үстіне партия өзінің кәсіпкерлік аппаратын құрып алады. Партия көсемі басқарған орталық басқарма барлық партиялық істерде шешуші рөл атқарады. Мұндай партияларға мүшелікке ені жекелеп те, ұжымды түрде де жүзеге асады. Мысалы, Француз коммунистік партиясына Жалпы еңбек конфедерациясы кіреді. Ал, ағылшындық Лейбористер партиясына британдық тред-юнионның (кәсіподоқ) көпшілігі енген.

Осы қаралып отырған партиялар тобы қатарында Австрия халық партиясы, Индияның ұлттық конгресі, ФРГ-ның христиан-демократиялық одағы, Швеция орталығы партиясы, Жапонияның либеральдық- демократиялық партиясы, сондай-ақ Таяу Шығыс елдеріндегі әрекеттегі саяси партиялар бар.

Ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың ең алдымен көзге түсетін сипаттарының бірі-ресми мүшеліктерінің (жазып алынған) жоқтығы. Өздерін осындай партияның мүшесімін деп санайтындар ұйымдасқан түрде олармен байланыса алмайды: олар партиялық құжаттарын алмаған, сондықтан да партияға алу жарнасын, мүшелік жарналарын төлемеген, партиялық тәртіп оларға таралмаған болады. Партияның мұндай мүшелері көбінесе, сайлауда сол партия үшін дауыс беретін сайлаушылар болып саналады.

Әдетте, ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың тармақталған аппараттары болады. Ондағы қызметшілер сол партиялардың саясатын өмірге енгізетін негізгі тетігі болып табылады. Мұндай саяси партиялардың қызметі негізінен сайлаушылардың дауысы үшін сайлаулық күреске алып барады. Осы айтылған ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың үлгісі ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партияларды айтуға болады. Бұл екі партия да өте үлкен саяси ұйым ретінде көрінеді. Партия мүшелері деп алдыңғы сайлау кезінде сол партияның өкілді тізіміне дауыс берген барлық сайлаушылар жалпы айтыла береді. Сондықтан да партия мен оның мүшелері арасында ұйымдасқан байланыс болмайды.

Республикалық және демократиялық партиялардың ұйымдастыру құрылысының аппараты өте күрделі де ретсіз келеді. Дегенмен де ол сайлау өткізу, сайлау алдындағы күресті жүргізу істеріне мащықтанған. Міне, осыдан сайлау округтары мен партия құрылымдарының территориялық шеңбері тепе-тең келеді. Партия аппаратының ұйымдасу принциптері әдетте әр штаттың өзіндік заңдарына сәйкес мазмұнда болады. Ресми партиялық тетік әуесқой сипаттағы әр түрлі ұйымдармен толықтырылып отырады (мысалы, президенттік сайлау кампаниясы кезінде (“Никсон үшін тәуелсіздер”, “Хемфри үшін заңгерлер”, “Кеннеди үшін бизнесмендер” сияқты және т.б. ұйымдар құрылған болатын).

Қазіргі заманғы мемлекеттердің саяси жүйесінде партиялар рөлінің күшеюінің жалпы бағыты ұйымдаса-дайындалмаған партиялар санының үздіксіз қысқара түсуінен байқалады. Демек, ұйымдастырыла-дайындалған ұйымдардың мүшелік жарнасын міндетті түрде төлеп әрі партиялық тәртіпке сөзсіз бағынулары саяси партиялар құрылымдарының ұйымдасуының басты белгілеріне айналып отыр. Оны біз соңғы жылдары таяу және алыс шетелдерде құрылған партиялардан көріп отырмыз.

Шетелдерде, әдетте, саяси партиялар ауқымдылық принципіне негізделіп құрылады да, оның партиялық ұйымдарының құрылысы елдің сайлау округтары мен әкімшілік-аумақтық бөлінулеріне сәйкес келеді. Әсіресе, бұл коммунистік партияларға тән.

Бақылау сұрақтары:

1. Шет елдердегі саяси партиялар ұғымы

2. Саяси партиялардың міндеттері мен функциялары.

3. Партия және мемлекеттік апарат ұғымы.

4. Көппартиялықтың себептері.

8 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі саяси партиялар саяси жүйелер.
Жоспары:

1. Шет елдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізгі түрлері.

2. Шет елдердің саяси жүйелері.

3. Кәсіптік одақтар мен олардың міндеттері.



Лекцияның мақсаты: Партияларды жіктегенде олардың әлеуметтік-саяси белгілеріне, қандай әлеуметтік мүддені білдіретініне, өздерінің және қоғам алдына қандай мақсаттар қойып, оған қандай саяси жолдармен жететіндеріне баса көңіл қояды.

Лекцияның мәтіні:

1. Шет елдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізгі түрлері.

Шетелдердің партиялық жүйелері өздерінің шектен тыс әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл оларда әлеуметтік, ұлттық, тарихи, діни және басқа да белгілі бір мемлекетке тән ерекшелітерінен көрінеді.

Партиялық жүйелер: көп партиялық, екі партиялық, бір партиялық болып бөлінеді:


  1. Монополиялы биліксіз партиялардың көп партиялық жүйесі. Мұндай жағдайда бірде-бір пратия жеке дара парламентте көпшілікке ие бола алмайды. Сондықтан, әр түрлі саяси одақтар құруға мәжбүр болып, коалициялық өкімет орнатуды көздейді. Италияның партиялық жүйесі дәлме-дәл үлгі болады. Мұндай жүйелер Бельгия, Дания, Нидерланд елдерінде және басқа да елдерде бар.

  2. Монополиялы билікті көппартиялық жүйе. Жүйенің бұл түрінде парламенттік көпшілік бір партияға ғана тән болып, ол бір партиялық үкімет түзеді. Мұндай партиялық жүйе, мысалы, Жапонияда қалыптасқан. Онда екі палатада да бурзуазиялық либеральды-демократиялық партия үстемдік дәрежеге ие.

  3. Екі партиялық жүйелер. Екі партиялық жүйенің өзіне хас айрықша ерекшелігі болып саяси аренада басты екі партияның монополиялы үстемдік етуі саналады. Олар билікте бірін-бірі алма-кезек алмастырып отырады. Бұл партиялардың бірі сонда басқарушы рөлін атқарса, екінщісі оппозициялық рөл ұстанады. Олар оқтын-оқтын орын алмастырады. Мұндай жүйе басқа партиялардың құрылуына бөгеттік жасап, сайлаушыларды нағыз сайлау мүмкіндіктерінен мақұрым қылады.

Екі партиялық жүйенің мынадай негізгі түрлері бар:

А) әлеуметтік біртекті саяси партиялардан құралатын екі партиялық жүйе. Нақты мысал ретінде біз АҚШ –тағы екі партиялық жүйені айта аламыз. Міне, жүз жылдан астам болды, АҚШ-тың саяси аренасында монополиялы түрде, бір-бірінен әлеуметтік мәнімен ешбір айырмашылығы жоқ екі партия республикалық және демократиялық үстемдік етіп келеді.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет