Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012



жүктеу 2.4 Mb.
бет5/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Шет елдердің саяси жүйелері.

Кезінде (1861-1865). Азамат соғысы жылдары және оның алдында республикалық партия солтүстік буржуазияның мақсат-мүддесіне қызмет етсе, ал демократиялық партия оңтүстіктегі құл иеленушілердің саяси ұйымы болған еді. Кейін, келе-келе араларындағы саяси айырмащылықтар солғын тартқанымен, әлі де олар бір таптың – буржуазияның мүддесін қорғайтындарына қарамай федеральдық штаттық, графтық және т.б. дәрежедегі сайлауда кескілескен күрестерін тоқтатпай-ақ келеді. Расында да, республикалық және демократиялық екі партия монополистік капитал иелерінің тұтасқан екі партиясын елестетеді. Олардың айырмашылығы –тек тактикалық мәселелер жөнінде ғана. Демократиялық партияның әлеуметтік негізін дәстүрлі түрде реакциялық кәсіподақтар, фермерлер, интеллигенция, аз ұлт өкілдері және т.б. әр түрлі топтар қолдаса, республикалық партияны орта дәрежелі, консервативті көңіл күйдегі интеллигенция, шенеуніктер, жұмысшы табының ауқатты тобы қолдап-қуаттайды.

Б) әлеуметтік әр текті саяси партиялардан тұратын екі партиялық жүйе. Бұған нақты мысал ретінде Англиядағы консервативті және лейбористік партиялардан құралған екі партиялық жүйені айтсақ та жеткілікті.

Консервативті партия таза буржуазиялық саяси ұйым болып табылады. Өйткені, ол жеке меншікті монархияны, дінді, британ империясының отаршылдық бастауларын қорғауды көздейді. Бұл партияның басшы рөлінде монополия мен ескілікті жер иелік аристократия өкілдері отыр. Консервативті партияның әлеуметтік негізін майда буржуазия, шенеуніктер, реакциялық интеллигенция құрайды.

Ал, лейбористік партия өзінің ресми идеологиясында демократиялық социализмді негізге алады. Өз құжаттары бағдарламаларында бұлар әлеуметтік теңдікті, демократиялық тәуелсіздікті жақтайды. Лейбористік партия жұмысшы табының мақсат-мүддесін білдіретін кәсіподаққа сүйенеді.

Бір партялық жүйе негізінен ресми түрде бір саяси партия монополиясы үстемдік еткенде жүзеге асады. Мысалы, Габонда билеуші әрі жалғыз партия-Габон демократиялық партиясы, Гамбия Республикасындағы төрт партияның ішіндегі билеушісі –Халықтық прогрессивтік партия, Панама Республикасында, шамамен он саяси партия мен ұйымдардың арасындағы, үстемдікке иесі-Панаманың нағыз партиясы.

Кейбір елдерде әлсіз партиялық жүйелер парламенттік көпшілікке жету әрі өкіметті құру үшін екінші бір партияға көмектеседі. Бұған айқын дәлел ретінде ФРГ-ның партиялық жүйені айтсақ та жетерлік.

3. Кәсіптік одақтар мен олардың міндеттері.

1957 жылдан бастап Бундестагта тұрақты болып төмендегі саяси партиялар саналады: ХДС, ХСС (Бавариядан), СДПГ және Св.Д.П. (ХДС-Христиандық-демократиялық Одақ, ХСС-Христиандық-Социалистік Одақ, СДПГ-Германияның Социал-Демократиялық Партиясы және Св.Д.П.-Азат Демократиялық Партия).

Саяси партиялардан қысым жасайтын топтарды ажырата білу қажет. Өйткені шетелдердегі саяси жүйелерде олар ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерге ие. Алғаш олар АҚШ-та пайда болып, оларды “Лоббистік ұйымдар”, “мүдделі топтар” деп атаған.

Ұлыбританияда оларды “парламент тыңшылары” дейді. Мысалы, америка лоббистері заң шығарушы органдарға тек қана сайлау кампанияларында ақша жинау жолдарымен ғана емес, сол сияқты АҚШ конгресі комитеттерінде қаралатын заң жобалары бойынша да қарсы шығамыз деп және с.с. қорқытады.

Сөйтіп, қысым жасайтын топтардың саяси партиялардан басты айырмашылығы, олар сайлауларда өз аттарынан қатыспайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Шет елдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізгі түрлері.

2. Шет елдердің саяси жүйелері.

3. Кәсіптік одақтар ұғымы.

4. Кәсіптік одақтардың міндеттері.

9 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйесі.

Жоспары:

1. Сайлау құқығының түсінігі.

2. Сайлау құқығының қағидалары.
Лекцияның мақсаты: Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі - оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып табылады.
Лекцияның мәтіні:

1. Сайлау құқығының түсінігі.

Ресей Федерациясы Конституциясының 3-бабына сәйкес референдум мен еркін сайлаулар халық билігінің жоғары көрінісі болып саналады. Эстония Республикасы Конституциясының 56-бабында бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс беруге құқылы азаматтары арқылы:



  1. Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;

  2. Референдум жолымен (жалпы халықтық дауыс беру) жүзеге асыратыны жазылған.

Өзбекстан Республикасы Конституциясының 10-бабында: “Өзбекстан халқы атынан тек Ұлы Мәжіліс пен Республика Президенті ғана сөйлей алады”, -деп жазылған.

Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі тағы белгілі.

Мысалы, жалпыұлттық (жалпы федеральдық), аймақтық, жергілікті сайлаулар өткізіледі.

Сайлаудың төте және төте емес (жанамалы) түрлері болады.

Төте сайлауда сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, тікелей дауыс беруге қатысады.

Төте емес сайлауда (жанама сайлау деп те аталады) сайлаушылар белгілі бір кандидаттарға дауыс бермейді, тек оны іріктеушілерге дауыс береді, мысалы, АҚШ президентіне, Финляндия президентіне, Эстония президентіне (бұл жағдайда президентті іріктеушілер коллегиясы мемлекеттік жиналыс мүшелерінен, яғни, Парламент және барлық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің өкілдерінен тұрады. Бұлардың бәрі де Эстония Республикасының азаматтары болуы тиіс).

Төте емес сайлаулар көп дәрежелі болуы ықтимал. Мысалы, үш дәрежелі Француз Республикасы парламентінің жоғарғы палатасын (сенатты) сайланғанда өткізіледі. Сенаторларды ұлттық жиналыстың депутаттары (төменгі палата), департаменттердің бас кеңесі депутаттары, сондай-ақ муниципалитет депутаттары сайлайды.

ФРГ-ның Негізгі заңында мемлекеттік биліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны жазылған. Португалия парламенті (Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құрылады.

Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық референдумдар еркін, тең, жасырын, бірсатылы, жалпыға бірдей болады. Дауыстарды есептеу мен есепке алу ашық түрде әрі басшылар мен сот бақылауында өткізіледі. 21 жасқа толған әрбір түрік азаматы сайлауға және жалпы халықтық референдумдарға қатысуға құқылы.

Литва Республикасы Конституциясының 34-бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Республикасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.



2. Сайлау құқығының қағидалары.

Конституциялық ережелер өзі тән мемлекеттердің ағымдағы заңдарымен дамып отырады. Мысалы, соғыстан кейінгі Германияның тарихында жалпыға бірдей тікелей жасырын сайлау жүргізу туралы заң әуелі (1867 жылғы 17 сәуір) Солтүстік Германдық Одақтық сайлау заңында, кейін (1869 жылғы 31 мамыр) Рейхстагқа сайлау туралы Заңы мен (1871 жылғы 16 сәуір) Германия империясының сайлау туралы заңында қарастырылған. ФРГ-ның қазіргі күшіндегі Негізгі заңында елдің сайлау жүйесін анықтайтын қандай да бір болмасын жеке ережелер жоқ. Оны 1956 жылдың 7 мамырындағы сайлау туралы федеральдық заңдар реттейді. Германия Бундестагына депутаттар тікелей, тең, еркін және жасырын сайлаулар арқылы сайланады.

Жоғарғы Кеңес депутаттары-Қырғыз Республикасының парламенті депутаттары-Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлау туралы заңға сәйкес еркін, жалпыға бірдей, тең сайлау құқығын пайдалана отырып, тікелей сайлаулар жүргізу барысында, жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, сайлаулар, әдетте, тек жалпыға бірдей, тең, төте және еркінқұқықтар негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізілетінін көреміз.



Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады. Әлбетте, сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар, сол секілді еркінен айырылып, түрмеде отырғандар қатыспайды. Сондай-ақ, кейбір елдердің конституцияларымен заңдары мұнан басқа да шектеулер беруі ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының Конституциясының 67-бабында “жалпыға бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса алмайды” деп көрсетілген.

Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады.

Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды.

Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға алуға тыйым салынады.

Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді.

Сол секілді сайлау құығы белсенді (активті) сайлау құқығына және белсенді емес (пассивті) сайлау құқығына бөлінеді. Біріншісінде- сайлаушылар дауыс берсе, екіншісінде-сайланып қойылатын лауазымға үміткерлік құқығы беріледі.



Бақылау сұрақтары:

1. Тең сайлау құқығы.

2. Төте дауыс беру.

3. Жасырын дауыс беру.

4. Сайлау еркіндігі.
10 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйесі.
Жоспары:

1. Сайлау үрдісінің сатылары.

2. Сайлау үрдісінің сатылары мазмұны.

3. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртіптері.


Лекцияның мақсаты: Қашан да, қай елде сайлау заңмен белгіленіп көрсетілген мерзімде өткізіледі. Мысалы, Президенттік республикаларда парламент сайлауы белгілі бір уақыт кесімінде, қатаң белгіленген мерзімде өткізіледі. Мысалы, Ақш-та жұп жылдарының қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбісінде өкілдік палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан өтеді.

Лекцияның мәтіні:

1. Сайлау үрдісінің сатылары.

Парламенттік республикалар мен парламенттік монархияларда сайлаулар, әдетте, жалпыұлттық өкілетті органдардың өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі. Мұндай сайлаулар кезекті сайлаулар деп аталады. Ал, кезектен тыс сайлаулар парламентті мерзімінен бұрын таратқанда, лауазымнан айырғанда, ел басшысының және т.б. сайланушы тұлғалардың отставкаға кетуіне не өлуіне байланысты өткізіледі.

Жайшылықта сайлау мемлекеттік-құқықтық актілерге сай жарияланады. Әрі осы мемлекеттік-құқықтық актілерде қарастырылғандай мерзім ішінде сайлау кампаниялары басталып, дауыс беру басталардың алдында аяқталады.

Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Ресейде, Пакистанда, Түркияда, ФРГ-да, Испанияда, Қырғыз Республикасында, Молдава Республикасында). Бірақ, мұндай басқару қызметтері елдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, яғни, сайлау өткізуге арнайы органдар құрмай-ақ, жүктелуі мүмкін.

Сайлаулар (заңмен белгіленген) сайлау округтері бойынша өткізіледі. Округтар бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни, округтар бірнеше депутаттар сайланады) болады.

Әдетте, округтар сайлаушылардың (немесе тұрғындардың) тең санына орай құрылады. Мысалы, Ұлыбританияда қауымдастық палатасына сайлау өткізу мақсатында ел 650 сайлау округтарына бөлінген. Осы қауымдастық палатасының 650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72-сі Шотландиядан, 38-і Уэльстен, 17-сі Солтүстік Ирландиядан сайланады.

ФРГ-да қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222 мың сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федеральдық заңға сәйкес округтегі сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша көрсеткіштің 33,35 процентінен аспауы тиіс. Заң шығарушы органның осы көрсетілген заңына сай ФРГ-да сайлау округтары оқтын-оқтын өзгертіліп отырады.

Кейбір жағдайларда бүкіл ел біртұтас сайлау округіне айналып кетеді. Ол тек бір-ақ кандидатура сайланғанда (мысалы, республика президенті) бірмандатты, сол сияқты парламенттің бірнеше мүшелері, болмаса түгел құрамы сайланғанда көпмандатты болуы мүмкін. Мұндай тәртіп, мысалы, Израильдегі бір палаталы парламент сайлау кзінде (кнессетті) қолданылады.

Сайлау округтері, әдетте, сайлау бөлімшелеріне бөлінеді. Бұл сайлау бөлімшелерінің негізгі қызметі: сайлаушылар тізімін жасау; сайлаушылады тркеу; сайлау күні дауысберуді өткізу болып табылады. Бұл арада белгілі бір мемлекеттердің қандай өзіне тән тәжірибелік ерекшеліктері болмақ? Мысалы, сайлаушыларды тіркеудің екі жолы пайдаланылуы мүмкін. Өстіп, АҚШ-та сайлаушы бір тіркелгенннен соң қайта тіркелуге келмеуі мүмкін. Тіркелудің мұндай түрін тұрақты тіркеу дейді. Ал, енді айталық, Ресейде, Түркменстанда, Латвияда, Канадада, Францияда, Болгарияда, тағы да көптегенбасқа елдерде, әдетте кезекті сайлауды (немесе белгілі мерзімнің өтуіне байланысты) өткізуде сайлаушылардың тізімі жаңадан жасалады, нәтижеде сайлаушылар жаңадан тіркеуден өтеді. Мұндай тіркелу түрін оқтын-оқтын тіркеу деп атайды.

2. Сайлау үрдісінің сатылары мазмұны.

Дауыс беру мәселесін сөз ететін болсақ, әдетте оны әркім жеке өзі жүзеге асырады. Сол секілді, көптеген елдердің заңдары (мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, ФРГ) кейбір жағдайларда дауыс беруді почта , сенімхат арқылы ұйымдастыруды сондай-ақ өкілінің дауыс беруін (сауатсыздар, аурулар үшін) қамтамасыз етеді. Ал, көптеген елдерде міндетті дауыс ережесі қарастырылған. Осыған орай Италия Конституциясында дауыс беруге әркімнің жеке қатысуы азаматтық борыш саналса, Лукцембургте дауыс беруден бас тартушыларға қаржылық айып жазасы (штраф) кесілетінін айта кеткеніміз жөн. Дәл осындай жағдайда Австрия онституциясы төрт апталық түрмеге отырғызу не мың шиллинге дейін айп салуды көрсеткен.

Сайлаудың нәтижесі сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың дауысын есептеп шығарғаннан кейін анықталады.

Әрине, сайлау кампаниясының ең маңызды кезеңі депутаттыққа кандидаттар ұсыну болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда сайлау округтеріне ұсынылатын кандидаттардың саны шектелмейді. Кандидаттарды ұсыну (номинация) сатысы өте қарапйым. Кандидат сайлау жөніндегі шенеунікке номинация туралы құжаттарын өткізуі тиіс. Бұл құжатты кандидаттың өзі толтырып адам қол қойса болғаны. Сол секілді сайлау жөніндегі шенеунікке номинацияға келісім жайлы арызын беріп сайлау кепілдігін (150 фунт стерлинг мөлшеріндегі сайлау кепілдігі, егер оған дауыс берушілер саны 12,5 проценттен аз болса кандидатқа қайтарылмайды) төлеуі тиіс.

Швейцарияда депутаттыққа кандидатты тіркеу үшін тиісті ресми органға 15 адамнан аз емес сайлаушылар қол қойған петиция (арыз) тапсыруы қажет. Мұндай ұсыныстар саяси партиялардың (мысалы, Ресейде, Литвада) атынан енгізілуі мүмкін.

Шетел заңдары сайлау компанияларын жүргізу тәртібімен шарттарын әр түрлі көлемде анықтайды. Бұл жөнінде Англия заңдарына көңіл қоюға болады. Олар кандидаттардың мінез-құлқын және олардың сайлаудағы тараптастарын жан-жақты реттейді. Заң сайлау кезінде теңдей мүмкідіктер қамтамасыз ету үшін кандидаттарға белгілі құқықтар береді. Әрі онда кандидатқа берілген арнайы құқықтар ерекше көрсетіледі. (мысалы, әрбір сайлаушыға сайлау алдындағы үндеуін тегін таратуға сайлау алдында жиналыстар өткізу үшін муниципальдық мектептер үйін жалдауға т.б.). мұнымен бірге заңда кездесіп қалатын әртүрлі құқық бұзушылықтар да қарастырылған. Ондай құқық бұзушылықтар негізіне сайлау кампанияларын жүргізуде және сайлау кезіндегі әділетсіздік пен заңсыздықтарға байланысты өрбитіні жасырын емес. Әділетсіздік әдістері: параға сатып алу, сайлаушыларға түскі ас есебінде қабылдаулар жасап сый көрсету, көңілдерін көтеру, күш көрсету, қорқыту, мәжбүрлеу арқылы әсер ету сайлаушыларды сапырылыстыру сайлау шығындарын өтірік бекіту, кандидат не оның өкілі (агент) рұқсатынсыз сайлау шығындарын төлеу т.б. сияқты болады. Сол секілді заң кандидаттың немесе сайлау жөніндегі оның агенттігінің рұқсатынсыз, жұрт алдында ашық жиналыста өткізуге, жарнамалық хабарландырулар бастыруға немесе сайлаушыларалдында пікір ойларды білдіруге басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға кандидаттың шығын шығаруға тыйым салады. Сонымен қатар өздігінен жазалауға жатпайтын бірақ сайлау жөніндегі заң ұйымдарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер де заңсыз деп саналады. Оған заң бойынша көрсетілген сайлау шығындары мөлшерін әдейі шамадан тыс көтеру дауыс беретін жерге сайлаушыларды әкелгені үшін сый көрсету сайлаушыға плакаттарды көтеріп жүріп көрсеткені үшін төлем төлеу үшін сайлау барысында әсер ету мақсатында елден тыс жерлерде хабарлағыш, таратқыштарды пайдалану сияқты іс-әрекеттермен тәсілдер жатады. Сот кандидатты сайлауды әділетсіз және заңсыз іс-әрекеттермен тәсілдерді пайдаланған деп тапса, онда ол сайлауды жарамсыз деп жариялауға құқылы.

Демократияның тікелей әрі маңызды түрі референдум болып саналады. Осыған орай Өзбекстан Республикасының Конституциясының 9-бабында “Қоғамдық және мемлекеттік тұрғыдағы ең маңызды да көкейкесті мәселелер халықтың талқылауына шығарылып жалпы дауыс беруге ұсынылады (референдум) делінген.

3. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртіптері.

Референдумды өткізу тәртібі заңмен белгіленеді. Қырғыз Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша “ халықтың еркін анықтап алу үшін заңдар мен соған ұқсас мемлекет өміріне қатысты мәселелер референдумға қойылуы мүмкін. Референдум өткізу негіздері мен тәртібі заңдар мен белгіленеді”

Референдум басты мақсаты жалпы мемлекеттік тұрғыдағы ең маңызды мәселелерді (мысалы, мемлекет басшысының не парламенттің елге үндеуі не болмаса жергілікті маңызды мәселелерді жергілікті басқару органдарының жергілікті сайлау корпусына таратып шешуді білдіреді. Мысалы, Эстония Республикасы Конституциясының 105-бабына сәйкес мемлекеттік жиналыс мемлекет өміріне қатысты заң жобаларын не соған ұқсас мәселелерді референдумға қоюға құқылы. Осы көрсетілген Констиуцияның 106-бабында: референдумға бюджет, салық, мемлекеттің қаржылық міндеттемелері мәселелерін, шетел мемлекеттерімен болған келісім-шарттарды бекіту не оны бекерге шығару, төтенше жағдайларды енгізумен және оны жою, сондай-ақ мемлекеттік қорғанысқа тиісті мәселелрді қоюға болмайтыны айтылған.

Ресей Федерациясы Конституциясының 84-бабына сәйкес референдумды бұл елде Ресей Федерациясының Президенті тағайындайды.

Референдумда қойылатын мәселерді өз мәніне қарай төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

Конституциялық (өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсынылатын жаңа конституция жобасы);

Заң шығарушы (жаңа заңның жобасы немесе күші бар заң.);

Консультациялық (мысалы, нақты бір елдің халықаралық қатынасына тікелей тиісті маңызды бір мәселе бойынша жұртшылық пікірін білуді ұйымдастыру. Осындай референдум Швейцарияда оның БҰҰ-ға мүше болып кіруі алдында өткізілді);

Міндетті (референдум өткізуді конституция бекіткен. Мысалы, Жапония Конституциясының 96-бабында парламенттің екі палатасы қуаттаған елдің Негізгі заңына жасалған өзгертулер жобасын референдумға қою міндеттелген; сол секілді Өзбекстан Республикасы Конституциясының 74-бабына сәйкес Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамынан қарақалпақ халқының жалпыға бірдей референдумы негізінде шыға алады).

Факультативтік (кейбір мәселерді референдумға өткізу, әдетте өкіметтің немесе сайлау корпусының еркіне беріледі. Кейде, мысалы, Литва Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес референдум сайлау құқығына ие 300 мыңнан кем емес азаматтардың талабымен де өткізіледі.).

Осы арада сайлаудың да, референдумның да бір-біріне ұқсас жақтары көп екенін айта кеткеніміз жөн: олардың екеуіне бірдей дәл сол сайлау корпусының өзі қатысады; оны әдетте дәл сол органдар өткізіп, дауыс беру нәтижелерін де солар жүзеге асырады. Алайда, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар. Ол жайлы айтар болсақ, әуелі сайлауда еркін білдірудің негізгі объектісі болып әрдайым адам саналса, (депутаттыққа, президентке және т.б.), ал референдумда қандай да бір нақты мәселе (конституция жобасы немесе аса маңызды ішкі саяси немесе халықаралық мәселелерді қамтитын және т.б. заңдар) қаралады. Екіншіден, сайлауларда дауыс беру нәтижелері мажоритарлық, тепе-теңдік, араласжүйелермен анықталатын болса, ал дауыс берудің нәтижелері референдумда тек мажоритарлық жүйемен жүзеге асады. Сонымен қатар, референдум өткізгенде әдетте, сайлау округтері құрылмайды. Шетелдердің мемлекеттік тәжірибелерінде одан да басқа өзгешеліктердің болуы ықтимал.

Сайлау жүйесі деп сайлауға қатысқан сайлаушылардың дауыс беруін есептейтін заң тарапынан белгіленген есептеу тетігін айтады.

Дүние жүзінде сайлау жүйесінің негізгі үш түрі бар.

Ресей Федерациясы субъектісінің мәртебесі Ресей Федерациясы мен оның субектісінің өзара келісімдері бойынша федеральдық конституциялық заңдарға сай өзгертілуі мүмкін.

Можаритарлық (мажор-көтеріңкі көңілді деген француз сөзі) деп дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады. Өз кезегінде мажоритарлық жүйе төменгі екі түрге: берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына және берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына бөлінеді.

Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50%+1) басымы даусы бергенде кандидат сайланды деп есептелінеді. 1958 жылы мұндай жүйе Францияда бар.

Ал салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады. Мысал, ретінде АҚШ, Ресей, Индия; Ұлыбритания, Өзбекстан т.б. көптеген елдерді атауға болады.

Тепе-теңдік (пропорциалық) сайлау жүйесінің мажоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады.

Тепе-теңдік жүйе толық (яғни, сайлау округі болып бүкіл ел саналса) және шектеулі (яғни елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т.б. елдер сайлау өткізеді.

Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға сайланатын өз кандидаттарына тізімін ұсынады, ал сайлаушылар әдетте бұл тізімге тұтастай дауыс береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлау метрі (квот) бір депутатты сайлау үшін ең аз дауыс саны айқындалады. Мұндай кезде әр түрлі әдістер қолданылады. Мысалы, оның бірін-бірін мұнан жүз жыл бұрын ағылшын ғалымы Т. Хэр ұсынған. Бұл әдіс бойынша квота (0) әрбір округ бойынша берілген дауыстардың жалпы санын (Х) мандаттардың бөлінуге тиісті санына (У) бөлу арқылы яғни 0 =х:у формуласымен анықталады.

Мандаттарды үлестіру сөйтіп алынған дауыстарды әрбір округтердегі квоттарға бөлумен жүргізіледі.

Біз енді төменде неміс математигі Ни Маердің формуласы бойынша ФРГ –да жүргізуге ұсынылған кестені түсіндірейік. Кесте бойынша саяси партиялардың алған сандары бөлінетін орындардың жалпы санының сайлауға қатынасқан барлық партиялардың екінші дауысының жалпы санынына екінші орын көбейтіндісіне тең. Нәтижелер ондық бөлшекпен білдіріледі. Оның бүтін бөлігі алынып қалған орындар қайырмадан кейінгі ондық қатарлар үлкендігіне қарай алынады.

Сонда орынның бүтін жиынтығы партиялар бойынша =28 орынның бүтін жиынтығы (28) мен жалпы берілген орын санының (31) айырмашылығы 3-ке (31-28 =3) тең бұл 3 орын А,В және Д партияларына беріліп отыр. Ал, С партиясы қалған 3орыннан да құр қалып отыр. Өйткені ондық қатардағы сандық қатынаста қайырмадан кейінгі оның көрсеткіші ең төменгі көрсеткіш. Тұжырымдап айтсақ партиялар бойынша орын саны (31) партияларға шаққанда берілген дауыстар көбейтіндісіне әрі оның партияларға шаққандағы дауыс санының (36.900) бөлінісіне және қатардағы сандар қатынасының қайырмадан кейінгі көрсеткішіне тең болады.

Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажоритарлық жүйе мен бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады. Аралас жүйе мысалы, Герман Бундестагына сайлауда ФРГ-де қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың келесі сайлауында депутаттардың жартысы (барлық депутаттар –656) бір мандатты округтер бойынша көпшілікке бағынышты мажоритарлық жүйемен ал екінші жартысы тепе-теңдік жүйемен (саяси партиялардың тізімі бойынша) сайланады.

Осы жерде мынаны әрбір сайлаушының қолында екі сайлау бюллетендері болатынын ескертеніміз жөн. Бірінде нақты бір сайлау округі бойынша өзін кандидаттыққа ұсынғандардың тізімі ал екіншісінде саяси партиялардың тізімі жазылады. Гермаияда осы бюллетендерді өзіне сай бірінші дауыс және екінші дауыс деп атайды. Округте депутаттыққа бірінші дауысты ең көп мөлшерде жинаған депутат өтеді.ал енді екінші дауысқа келсек (ол кандидаттар үшін емес, нақты саяси партиялар үшін беріледі), онда Бундестагқа әр бір партиялардың нақты жер ұиымдарынан құралған тізімдегі кандидаттар өтеді. Екінші дауыс неғұрлым көп алынса соғұрлым Бундестагтың көп адам өтеді бұл жерде тізімге енгізілген кандидаттардың қайсысы депутат боларна сайлаушылар ешқандай әсер ете алмайды. Екінші дауыс үшін берілген бюллетеньдердің есебін және сайлауға қатысушы әр бір партияға тиесілі Бундестагтағы орындарда бөлу ісін федералдық сайлау комитеті жүргізеді. Орындарды бөлгенде бүкіл Германия аумағынан бес проценттен кем емес екінші дауыс алған немесе жеке мандаттар бойынша Бундестагта үштен кем емес орын иеленген саяси партиялар есептеледі

Әлемдік тәжірбиеде Жапонияның сайлау жүйесі қарапайымға жатпайды, ең күрделі сайлау жүйелерінің бірі болып табылады. Ол мажоритарлық жүйеге және көп мандатты сайлау округтерне негізделген. Мұның үстіне кеңестер палатасы мен өкілеттік палатаға өкілдер сайлау ушін сайлаушылар округтерін құру әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Мысалы төменгі палатаға сайлау үшін сайлаушылар бір округтік дауыс берсе ал жоғары палатаға екі округтен дауыс береді. Өкілеттік палатаға сайлау өткізуде көпмандатты (2-6 депутаттар) округтер құрылады. Онда ресми тіркелген саяси партиялардың белгілі өкілі ретінде өкілеттік палатаға депутаттығына барлық депутаттар тіркеліп сайлауға түседі. Кеңестер палатасы сайлауында әрбір префектура көпмандатты (2-8 депуттар) округ болып табылады. Бұл округтен парламентке сайланған жүз депутат бұрын әрбір партия өз тізіміне енгізген кандидаттар арасынан ресми асйлаулар қарсаңында алдын ала өткізілген дауыс беру нәтижесінде әрбір партиялардан таңдап алынған кандидаттар санына тепе-тең түрде таңдап алынады.

Жалпы ұлттық округтерге мұндай тепе-теңдік жүйесі 1982 жылы бастап енгізілген. Ал, 1983 жылы 1-бірінші рет парламенттік сайлауда қолданыла бастады.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет