Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012



жүктеу 2.4 Mb.
бет6/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бақылау сұрақтары:

1. Сайлау жүйелері түсінігі.

2. Сайлау жүйелері түрлері.

3. Сайлау үрдісінің сатылары.

4. Сайлау үрдісінің сатылары мазмұны.

5. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртіптері.



11 ЛЕКЦИЯ. Тақырыбы: Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
Жоспары:

1. Құқық, бостандық, міндеттер.

2. Азаматтық түсінігі.

3. Шет елдердегі тұлға, қоғам және мемлекет.

4. Азаматтылық пен бостандықты алу тәртіптері және тоқтату тәртіптері.
Лекцияның мақсаты: Жоғарыда атап өткеніміздей, конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі-адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесін жариялауы болып табылады.

Лекцияның мәтіні:

1. Құқық, бостандық, міндеттер.

Біз көптеген елдердің конституцияларының мазмұнын салыстырмалы-құқықтық талдау әдісімен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, ҚХР, ФРГ, Түрікменстан, Бельгия елдері, Украина, Қырғызстан Республикасы, т.б.) жазба конституциялардың бәрінде де, әдеттегідей, адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетінін көзімізді жеткіздік.

Мәселенің шындығын айтар болсақ, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25-бабында (1992 ж): «Әркімнің бостандыққа құқы бар және дербес құқыққа ие». – делінсе, 43-бабында: «Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті»-делнген. Пакистан Ислам Республикасы Конституциясының 11бөлімінің 9-тармағында (1956 ж): «Моральдық немесе көпшіліктік тәртіпті сақтау мақсатында заңда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сақтай отырып, барлық азамат бейбіт, қарусыз топтасуға құқығы бар»-делінген.

Испанияның 1978жылы қабылданған Конституциясының 15-бабында: «Әркімнің өмір сүруге, физикалық және моральдық тұрғыдан тұтасты болуына құқы бар және еш уақытта да қинап, қорлауға, адамдық қасиетін таптайтын жазалауға жол берілмейді. Тек соғыс кезіндегі ерекше жағдайда болмаса, әскери-қылмыстық заңдарда қарастырылған, өлім жазасына тыйым салынады.»

Конституция әрдайым теңдік, бостандық және міндеттер құқығы теңдігі принциптерін жариялайды. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 6-бабында: «Ресей Федерациясының әрбір азаматы оның аумағында барлық құқықтар мен бостандыққа ие болып әрі Ресей Федерациясы Конституциясында көрсетілгендей барлық міндеттер теңдей жүктеледі», -деп жазылған. Сондай-ақ, Конституцияда мемлекет тарапынан құқық пен бостандықты шектеу мүмкіндіктері де айтылады. Мысалы, Хорватия Конституциясының (1990ж). 16-бабында; «Құқық пен бостандық тек заң арқылы ғана, басқа адамдардың бостандығы мен құқын, құқық тәртібін, қоғамдық мораль мен денсаулықты қорғау мақсатында, шектелуі мүмкін», -деп нақты көрсетілген. Ресейдің, Болгарияның, Өзбекстанның және т.б. елдердің Конституцияларында төтенше жағдайларда (соғыс, стихиялы бақытсыздық, жаппай тәртіпсіздік, т.б.) құқық пен бостандықтың кейбір тұстарына шектеу енгізу жақтары айтылған.

Әлбетте, мұндай құқық пен бостандық шектеулері ақылға сыйымды да қисынды әрі жалпыға бірдей адам құқы декларациясы нормаларына сәйкес келеді. Осыған орай осы декларацияның 29-бабының 2-тармағында: «Әрбір адам өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруда демократиялық қоғамдағы жалпы әл-ауқат пен қоғамдық тәртіпті, моральдің әділетті талаптарын қанағаттандыру, басқалардың құқығы мен бостандығын танып, оны құрметтеуді қамтамасыз ету мақсатында ғана заңда көрсетілген шектеулерге тартылуы мүмкін»,-деп жазылған.

Жазба конституциялардың бәрінде де мемлекет құқық пен бостандықты жариялай отырып іс жүзінде кепілдік береді. Әрине, мұндай маңызды мәселе қазіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігінде (мысалы, АҚШ, Франция, Ресей, Англия, т.б.). соттарға жүктелген.

Әсіресе, адам құқығы жайлы парламенттің өкілетті институты (омбудсмен, комиссар, медиатор, төреші,т.б.) аса үлкен маңызға ие. Қазіргі кезде мұндай институттар әлемнің 40-тан астам елдерінде (соның арасында Ресейде бар) құрылып, жұмыс істеуде. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 103-бабына сәйкес, бұл адам құқығы жөніндегі өкілетті орган болып табылады. Оған арнайы, «Парламент» жайлы әңгіме еткенімізде, кеңірек тоқталамыз.



2. Азаматтық түсінігі.

Адам және азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығының тағы бір беретін кепілдігі –маманданған заң көмегін пайдалану құқығы.

Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілік тағайындайды. Біздің ойымызша құқық пен бостандық жайлы нағыз кепілдіктерді мемлекеттің қарастыруы адам мен азамат құқы мәртебесін институттандыру құрылымының (мемлекеттердің негізгі заңдары) негізгі мәні–тек қана мемлекеттің азаматтық қоғам алдындағы белгілі бір міндеттерін құжаттандыруды қарастыру ғана емес, сонымен қатар адам мен азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігін ең алдымен мемлекеттің озбырлығын шындап қорғаудың сенімді кепілдігін қалыптастыруы болып есептеледі. Міне, осы тұрғыда ерекше өзекті Заң - 1789 жылы Францияда қабылданған адам мен азамат құқығының Декларациясы. Бұл Декларация әлі күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас әрі табиғи адам құқын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, сонымен бірге көрсетілген құқықтың басты құрамдарын: бостандық, жекеменшік, қауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап берді.

Бұл Декларацияның сонымен қатар, американдық конституцияның мазмұнды да қуатты болып әрі жетіле түсуіне жағымды ықпал еткенін атап өтпеуге болмайды. Өйткені, 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясында алғашқыда адам құқығы сөз болмаған еді, тек кейін, біраз жылдар өткеннен соң, 1791 жылы (құқық жайлы Билль) АҚШ Конгресі Конституцияға он түзету енгізіп бекіткен болатын.

Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір адам құқық, бостандық және міндет шеңберінде бағынышты болады.

Сөйтіп, азаматтық-адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін білдіреді. Сондықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды. Азамат та өз кезегінде мемлекеттің барлық ережелерін сақтап, ондағы қаралған заңдарды мүлтіксіз орындайды.

Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес Қырғыз Республикасына адамдардың тиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен анықталады. Қырғыз Республикасының азаматтары Конституцияны, республика заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абыройы мен ожданын сақтауға міндетті.

Қырғыз Республикасы азаматы болып танылғандардың басқа мемлекеттің азаматтығына тиістілігі танылмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқығына тыйым салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға қамқорлық жасайды. Осы іспетті ережелер, басқаша түрде берілгенімен Эстония, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Польша және тағы басқа көптеген елдердің конституцияларында да бекітіліп берілген.

3. Шет елдердегі тұлға, қоғам және мемлекет.

Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен, бірақ ол елдің азаматтығын алмағандарды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге басқа елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.



Азаматтық мәселелерін реттеу әрбір мемлекеттің ішкі конституциясына жататынын ерекше айту қажет. Гага конвенциясының азаматтық жайлы заңдар коллизиясына жататын (1990ж) тұжырымының өзінде-ақ: «Кім өзінің азаматы боларын әрбір мемлекет өздерінің заңдарына сәйкес анықтайды» деп жазылған. Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық жайлы заңдарында әр түрлі қарама-қайшылықтар (коллизия) кездесіп қалады. Оны олар мемлекетаралық дәрежеде екі тарапты немесе көп тарапты келісімдер жасау арқылы шешіп отыруға тырысады. Мысалы, қос азаматтықты болдырмау және азаматтығы жоқ жайлы келісімдерді айтуға болады. Осы тұрғыдағы келісім ретінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық-құқықтық актілерді: «Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін Қазақстан Республикасы азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарына азаматтық алуды жеңілдету жайлы», сондай-ақ «Ресей Федерациясы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі жайлы» келісім-шарттарды атауға болады. Мұндай халықаралық-құқықтық актілер қос азаматтықтың пайда болмауын алдын алады, сөйтіп Ресей мен Қазақстан азаматтарына осы аталған екі аумақта тұрақты тұру жайларын нақты анықтап, құқықтық мәртебе береді, әрі тіркеу барысында азаматтық алу тәртібін жеңілдетеді. Ресей Федерациясымен жасалған бұл келісім Ресейге, т.б. елдерге орыс тілді тұрғындардың жаппай қоныс аударуын тежейді. Әлбетте, бұл саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда ТМД республикаларындағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуде қолайлы жағдай туғызады.

Мысалы, тек 1995 жылдың 9 ай мерзімі аралығында Қазақстаннан тысқары жаққа 251809 адам кетті. Мұның көпшілігі Қазақстанның Ресей Федерациясына эмиграция жасады.

4. Азаматтылық пен бостандықты алу тәртіптері және тоқтату тәртіптері.

Азаматтық алу. Болса да, азаматтық «қан құқы» немесе «тек құқы (негіз құқы)» принциптері негізінде алынады. Мұның алғашқысында туылған жеріне қарамай (мысалы, Эстония Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес әрбір бала, ата-анасының бірі Эстония азаматы болып табылса, туылғаннан соң Эстония азаматы құқығына ие болады) ата-анасының азаматтығын алады, ал екіншісінде –ата –анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет аумағында дүниге келсе (мысалы Мексика), сол елдің азаматы бола алады. Туылу жеріне орай азаматтық алуды шет елдерде –филиация, ал шетелдіктерді азаматтыққа алуды- натурализация дейді. Бірақ соңғы жағдайда бірнеше шарттар сақталуы тиіс. Кейбір елдерде натурализация жасалынатын азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, АҚШ Конституциясына сәйкес осы елдің Президенттігіне тек АҚШ –та туылған азамат сайланады, ал сенатор болу үшін 7 не 9 жыл АҚШ азаматы болу талап етіледі (яғни, Палата өкілдігіне мүшелікке немесе сенатор болып сайлану үшін АҚШ азаматтығы танылуы осы көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс).

Азаматтықты қалпына келтіру үшін азаматтар бұрын белгілі бір мемлекеттің азаматы болуы тиіс.

Азаматтықты таңдау (оттация). Бір мемлекеттің аумағынан екінші бір мемлекет аумағына өткенде ғана жүзеге асырылады.

Азаматтықтың тоқтатылуы мына кездерде жүзеге асырылады: азаматтықтан шыққанда, азаматтығын жоғалтқанда, азаматтықтан айырғанда, басқа елдің азаматтығын таңдағанда (оттация) және т.б. себептермен.

Азаматтығы жоқ және көп азаматтылық. Азаматтығы жоқ деп қандай бір мемлекетке тиісті азаматтығын көрсететін ресми құжаттарды ұсына алмауды айтады.

Көп азаматтылықтың жиі кездесетін түрі қос азаматтық (бипатризм). Бұл жағдайда адам екі мемлекеттің азаматы болып есептеледі. Қос азаматтық, мысалы Австрия, Мексика, Польша, Канада, Испанияда орын алған. Мысалы, Испания Конституциясының 11-бабында: «Мемлекет Испаниямен ерекше байланыста болған не болып отырған Латын Америкасы немесе тағы басқа да елдермен қос азаматтық беру жайлы келісім-шарт түзе алады. Бұл елдерде испандықтарды өздерінің алғашқы азаматтығын жоғалтпай-ақ, тіпті бұл елдер өз азаматтары деп санамағанның өзінде де, екі тарап келісілген негізде қол астына алуларына болады».

Литва Республикасы Конституциясының 12-бабында қарастырылған заң бойынша кейбір жағдайларда адамдарға бір мезетте Литва Республикасының және басқа да мемлекеттің азаматы болуға жол беріледі.

Қазіргі кезде көптеген елдер көп азаматтыққа әлі де теріс қарайды. Өйткені, бұл азаматтардың бұл жағдайда саяси құқықтары мен бостандығы шектеледі деп санайды. Қос азаматтық туралы пікір 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырлғаны белгілі. Алайда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қос азаматтық шығарылып тасталды.

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтықты қалпына келтіру түсінігі

2. Азаматтықты таңдау ұғымы

3. Азаматтықтың тоқтатылу негіздері

4. Азаматтығы жоқ және көп азаматтылық ұғымы

5. Көп азаматтылықтың түсінігі


12 ЛЕКЦИЯ. Тақырыбы: Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
Жоспары:

1. Шет елдердегі конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі, әлеуметтік-экономикалық құқықтар.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.

3. Азаматтардың міндеттері.

4. Шет елдердегі құқықтар мен бостандықтарды қорғауды қамтамассыз ету тәртібі.

5. Құқықтар мен бостандықтардың конституциялық және соттық кепілдіктері.


Лекцияның мақсаты: Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі құқығы арасында айырмашылық белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды. Өйткені әрбір заң шығарушы бұл үшін мәтінде конституция баптарына сәйкес тұжырымдарды пайдаланады. Осыны ұғыну.

Лекцияның мәтіні:

1. Шет елдердегі конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі, әлеуметтік-экономикалық құқықтар.

Ресей Федерациясы Конституциясының (1993 ж) 25-бабында: «Соттың шешімінсіз немесе федеральдық заңда қарастырылған жағдайлардан өзге кезде ешкім біреудің үйіне, еркіне қарсы, басып кіруге құқы жоқ»-деп жазылса, ал Словакия Конституциясында (1992 ж): «Міндеттерді тек құқық пен бостандықтың негізін сақтай отырып тек заң негізінде, тек соның шеңберінде бекітуге болады»-делінген.

Дегенмен де, мынадай жәйітті де ескерте кеткеніміз жөн. Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі құқығы арасында айырмашылық белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды. Өйткені әрбір заң шығарушы бұл үшін мәтінде конституция баптарына сәйкес тұжырымдарды пайдаланады. Мысалы, адам құқы мәртебесіне қатысты: «Әрбір адам», «бәрі», «бірде-бір адам», «ешкім», т.с.с., ал азамат мәртебесі құқығына қатысты: «азаматтың құқы бар», «азамат міндетті», азаматтарға кепілдік береді» сияқты т.б. тұжырым, түсініктер пайдаланылады. Осында тағы бір нәрсені айту маңызды. Мысалы, ФРГ, Испания, Мексика елдерінің негізгі заңдарында, «азамат», «азаматтар» түсінігі орнына ұлтқа қатыстылығы: «неміс», «испан», «мексикалық» деп көрсетіледі. Әлбетте, ұлтына сілтеме жасау, оның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін көрсетеді, яғни әңгіме оның азаматтығы жайлы болып отыр. Енді нақты мысалдарға жүгінейік. ФРГ-нің негізгі заңының (1949 ж.) 16-бабында: «... неміс азаматтығына ие болғандардың бәрі немесе 1937 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі Германия империясы аумағында тұрғандардың барлығының шетелдегі жұбайы не ұрпақтарының әрқайсысы, неміс ұлты ретінде басқа жерге күштеп жер аударылған әрі босқын болып баспана тапқан неміс ұлтындағылардың бәрі, неміс болып табылады», -деп жазылған. Испания (1978ж) . Конституциясының 12-бабында: «18 жасқа жеткен испандықтар кәмелетке толады»-десе, Марокко корольдігі Конституциясының 5-бабында (1972ж.): «барлық марокколықтар заң алдында тең»,-деп жазылған.

Саяси_құқықтар_мен_бостандықтар.'>2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.

Конституциялық құқық, бостандық, міндеттер әдетте төмендегі негізгі үш топқа бірігеді.


  1. Жеке (азаматтық) құқық, бостандық, міндеттер (мысалы, жеке адам құқығына қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиялылығы, өз еркімен көңіл білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті, т.б.)

  2. Саяси (мысалы, пассивті және активті сайлау құқы, жиналыс еркіндігі, отанды қорғау міндеті, т.б.).

  3. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, еңбек ету құқы, кәсіп таңдау еркіндігі, шығармашылық еркіндігі, салық төлеу міндеті, табиғатты қорғау, т.б.).

Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары.

Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.



3. Азаматтардың міндеттері.

Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан рыноктік экономика деп аталатынға өту процесін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:



  • жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құрудан;

  • кәсіпкерлікке, әсіресе материалдық игіліктер өндірісі, құрылыс, көлік, жеке сауда саласындлағы қоғам үшін пайдалы кез келген нысандғы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.

Рыноктық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм, ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі, айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншік те адамдарды қанаудан арашалай алмады. Мұндай меншіктің пайдасын, негізінен, партияның және мемлекеттің басындағылар көрді.

Жеке меншік әртүрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, сыйлық алу, бағалы қағазды өткізужәне т.б. нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.

Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Рыноктік қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықьы қамтамасыз ету болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік – азаматтардың әр түрлі тауарларға (қызмет, көмек көрсетулерге) қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Мұндай қызметті азаматтың өзі немесе оның атынан басқа адам атқарады. Кәсіпкерлікпен жеке адамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер белгіледі: мемлекеттің қорынан несие бөледі, қажетті жабдықтар мен және басқаларымен қамтамасыз етеді.

Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар”.

Азаматтардың ереуілге шығу құқығы – Кеңестік өкімет жылдарында “ереуіл” ұғымы жоғалтылды. Кеңес мемлекеті қалықтық мемлекет деп танылғандықтан, ол халықтың мүддесін көздеуі, оны қорғауы, оның сұранысын қанағаттандыруы тиіс болды. Сондықтан халықтың да, адамдардың жекелеген тобының да толқу, ереуіл ұйымдастыруға құқығы болмады. Ереуіл - жұмысшылар мен қызметкерлердің заңды талабын кәсіпорынның; мекемелердің әкімшіліктері қанағаттандырмаған кезде қолданылатын ең амалсыз шара. Оның үстіне мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері де ереуілді жариялай алады. Енді әркім өзінің еңбең ету құқығын қорғай алады, сондай-ақ азаматтар ереуілге шығуға да құқылы.

Азаматтардың демалыс құқығы – Қазақстан Республикасының Заңы қызметкерлердің демалыс құқығын жан-жақты реттейді, оның үстіне демалыс туралы заң мемлекеттік сияқты ұжымдық және жеке кәсіпорындарды да қамтиды. Демалыс уақыты – қызметкердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оны өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты.

Апталық демалыс уақыты – баршаға ортақ демалыс күні – жексенбі. Аптасына бес жұмыс күні белгіленген жерлерде сенбі – демалыс күні деп есептеледі. Жұмыс уақытының ұзақтығы – 40 сағаттан аспауы тиіс.

Жылдық демалыс уақыты – кем дегенде 18 жұмыс күндік демалыс. Әр түрлі салаларда тағы да қосымша демалыс беріледі. Мысалы, мұғалімдерге берілетін демалыстың ұзақтығы 48 жұмыс күні.

4. Шет елдердегі құқықтар мен бостандықтарды қорғауды қамтамассыз ету тәртібі.

Азаматтардың тұрғын үйге құқығы. Гуманды болғысы келетін мемлекет әр азаматына қолайлы жағдай жасауға, олардың әрқайсысының тұрғын үйі болуға ұмтылуы тиіс. Міне осыдан келіп, Қазақстан мемлекеті азаматтардың тұрғын үйге ұқына мынадай кепілдік береді:


  1. Азаматтар тұрғын үй салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік, кооперативтік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы.

  2. Азаматтар тұрғын үй немесе пәтер сатып алуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тнгін немесе жалға алуға құқылы.

  3. Мемелекет азаматтардың жеке немесе кооперативтік үй тұрғызуына көмек көрсетеді.

  4. Тұрғын үйден қуып шығуға кім-кімге болсын тыйым салынады. Қуып шығу заңда көзделген жағдайа ғанағ жүзеге асырылады.

  5. Азаматтар тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігінен айырылған немесе ол мүмкіндік шектелген жағдайда заңсыздықтың тоқтатылуы туралы ота жүгінуге құқылы.

Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекеттің қолында болды.

Денсаулыты сақтау құқы, сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдары (бұқаралық ақпарат құралдары, өтінш, хат, және т.б.) пйдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі- қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсаулығы да сондай.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: “Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы” (1948 ж.), “Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы”, “Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы” (1966), “Балалар құқы декларациясы” (1959 ж.), “Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция” (1954 ж.) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды.

Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы: ешкім де азапталмауы, қадір қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы: кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.



5. Құқықтар мен бостандықтардың конституциялық және соттық кепілдіктері.

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан ҚР Конституциясы, басқа да заңдары азаматтық жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударады. Егер өмірінде, денсаулығына, азаматтық қадір – қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде-бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.

Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.


    1. “.Әркімнің өмір сүру құқы бар.

    2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі”

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дербес мәні болмағанымен (оны азаматтар өз қалауларымен пайдаланулары мүмкін), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Әр адамның басқа аамдардың алында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар.

Азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көзделген міндеттерге және конституциялық заңдарда көзделген міндеттерге бөлуге болады. Конституциялық міндеттер басты міндеттер болып табылады. Оған мыналар жатады:



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет