Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені пән : kpzs 2206 «Шетел мемлекеттерінің конституциялық құқығы» Мамандығы: 050301 Құқықтану Көкшетау 2012



жүктеу 2.4 Mb.
бет7/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

А. Конституция мен заңдарды сақтау. Конституция – азақстан мемлекетінің негізгі заңы, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құықтық жағдайын белгілейді. Конституция халықтың мемлекетті билеу тәсілдерін белгілейді. Конституция – мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін бекітетін ең маңызды мемлекеттік акт. Басқаша айтанда, Конституция – Қазақөстан мемлекетінің басқа елдердің мемлееттеріме өзара байланысының негізгі қырларын белгілейтін акт.

Ә. Азаматтардың тағы бр конституциялық міндеті - басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар- намысы мен қадір – қасиетін құрметтеу. Азаматтарға осындай міндет жүктей отырып, Конституция ең жоғарғы құндылық ретінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, ар- намысына, қадір-қасиетіне айрықша мән береді.

Б. Салықтар мен алымдар төлеу міндеті. Мемлекеттің, барлық адамдардың, мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруінің маңызды құралы салықтар мен алымдар болып табылады. Рыноктік қатынастарға көшу, жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайында салықтар мен алымдардың ең негізгі бөлгі жеке адамдардан, азаматтардан түседі.

Салықтар мен алымдар республикалық және жергілікті салықтар мен алымдарға бөлінеді. Республикалық салытар мен алымдарды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және өзгертеді. Салықтар, алымдар, баж салықтары – салық төлеушілерден міндетті түрде түсетін ақшалай қаржы.

Салықты төлемегені үшін кінәлі жауаптылыққа тартылады.

В. Меншікті дұрыс пайдалану. Қазақстан қоғамының экономикалық негізін меншіктің екі түрі: мемлекеттік және жеке меншік құрайды. Мүліктік меншік – ол материалдық құндылық және пайдалану үшін, яғни пайдалы қасиеттерін алу үшін құрылады. Меншік иесі өз мүлкін пайдалануға құқылы. Бірақ меншікті пайдалану қоғам шеңберінде, адамдар арасында жүргізілуі және оларға, олардың заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.

Г. Мемлекетті қорғауРеспублика азаматының конституциялық қасиетті борышы. Барлық азаматтар өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті.

Әскери қызмет – республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында өздерінің әскери борышын өтеуіне қатысты мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны.



Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары.

2. Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы.

3. Конституциялық құқық, бостандық, міндеттер түсінігі.

4. Конституциялық міндеттер түсінігі.

13 ЛЕКЦИЯ. Тақырыбы: Шет елдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі.

Жоспары:

1. Мемлекет басшысы институты: ұғымы мен мәні.

2. Мемлекет басшысының міндеттері.

3. Шет мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жіктелуі.

4. Шет мемлекеттің органдарының түрлері.

5. “Биліктің бөліну” теориясы.
Лекцияның мақсаты: Көптеген шетелдердің Конституциясында мемлекет басшысы институты бекітілген. Мемлекет басшысы деп, басқарудың ешбір нысанына қарамастан, белгілі бір елдің мемлекеттік билік жүйесіндегі заңды түрдегі жоғары лауазымды тұлғаны айтады.

Лекцияның мәтіні:

1. Мемлекет басшысы институты: ұғымы мен мәні.

Монархия нысанында басқарылатын елдің мемлекет басында монарх (имератор, король, т.б. ) отырады.

Монарх билігі мирасқорлықты: тақ мирасқорлығы тәртібі конституциямен не басқа да бір заңдармен бекітіледі. Айталық, Жапония Конституциясы бойынша императорлық тақ әулеттік болып саналып, Парламент бекіткен “Императорлық әулет” заңына лайықты регенттік (шетелдерде монарх билігі жеке регент не регенттер кеңесі арқылы жүзеге асырлады) басқару белгіленсе, онда регент император атына регент император атынан елдің конституциясында қ арастырылған іс-әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады.

Маракко Карольдігінің конституциясы бойынша тәж бен тақ және олардың конституциялық құқығы мирастыққа жатады әрі атадан балаға “билікке тікелей еркек кіндіктен таралатын желімен және ұлы мәртебелі Кароль Хасан П-ден бастап, тұңғыштық тәртібімен белгіленеді”. Ал, тікелей еркек кіндіктен таралатын желімен мирасқор болмаған жағдайда, ер жағынан ең жақын (бүйір) еркек кіндік туыстарына мирасқа ие болу құқығы беріледі. Ал, егерде карольдің жасы әлі кәмелетке толмаса (18 жас),тәж бен тақтың констиуциялық құқығын (конституцияны қайта құруға байланысты өкілдіктен басқа) регент кеңесі жүзеге асырлады. Бұл орган кароль 22 жасқа жеткенгше дейін кароль қасындағы кеңес оргын іспетінде қызмет ете береді. Регент кеңес құрамы корольдің ең жақын туыстары, соттың төреағасы және карольдің жеке өз ұйғарымы бойынша кароль тарапынан тағайындалған 7 адамнан тұрады.

Сонымен бірге Конституцияда мемлекет басшысы лауазымды аға мирасқор монархты алып тастау жағы заң жолымен қарастырылмағанын айта кеткен жөн. Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты мысалы, монархта тақтан бас тартуға мәжбүрлеу мемлекеттік төңкеріліс лайықсыз монархтың күштеп жоқ ету сияқты т.б. реттердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар көп елдердің басынан өткеніде белгілі (Албания, Болгария, Ауғанстан, Венгрия, Италия, Египет, Ирак, Румыня, Эфиопия, Югаславия т.б.)

Басқарудың республикалық нысаны елдерінде мемлекет басшысы болып президент болып табылады. Оны әдетте әрдайым сайлайды. Әлемдік тәжірибеде президент сайлаудың үш жүйесі бар:

Президентті тікелей сайлау президенттік республикада жүргізіледі. Президенттік республикаларда мемлекет басшысы бұл орынға (президент) парламент қатысуынсыз отырады. (мысалы, Ресей, Мексика, Бразилия, Өзбекстан, Венесуэлла Республикасы, Молдова Респуликасы, Панама, Парагвай Республикасы, Тунис Республикасы, Колумбия Республикасы, Костарика Республикасы т.б.) президенттік сайлауға заң бойынша дауыс беруге арналған тізімге енгізілген барлық сайлаушылар қатысады: дауыс беру нәтижесі мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша анықталады.

2. Мемлекет басшысының міндеттері.

Президентті жанама сайлау президенттік республикаларда жүргізіледі. Бұл сайлау түріндегі сайлаушылар әдетте дауыс берушілер коллегисын сайлайды. Олар кейін президентті сайлайды. Мысалы, АҚШ президенті дауыс берушілер коллегиясы арқылы сайланады. Осы елдің конституциясының 11-бабына сай әрбір штат осы штаттың заң шығарушысы жиналысы белгілеген тәртіп бойынша дауыс берушілерді тағайындайды. Олар АҚШ конгресіне штат жіберуге құқықты. Сонда сенаторлар мен өкілдік палатасы мүшелігіне берілген орындарға тепе-тең болуы тиіс. Тек мұнан бір округ ғана босатылады. Өйткені бұл АҚШ өкіметі тұратын жер болғандықтан үш дауыс берушілерді тағайындайды. Мұндай құқық бұл округте 1961 жылы Конгресс қабылдап, Конституцияға енгізген. ХХІІІ түзету бойынша берілген.

Көп дәрежелі сайлаулар президент сайлаудың мұндай жүйесі парламенттік республикалар (тек Австрия Республикасы, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы басқаларында яғни бұл елдерде президент тікелей сайлау жүйесі жүргізіледі.) қолданылады. Мұндай сайлаулар үш түрлі болады:


  1. Президентті тек парламент сайлайды (Израйль Туркия мемлекеті Ливан Республикасы) мысалы Туркия Республикасында президенті ұлы ұлттық жиналыс өз мүшелері арасынан жеті жылға сайлайды. Израйль мемлекетінің парламенті (кнессет) бес жылға сайлайды.

  2. Президентті сайлау үшін коллегиясы құрылады. Ол әдетте елдің ірі әкімшілік аумақтық бірлестігінен тұратын парламент депутаттарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан тұрады. Міне осылайша Италия Республикасы Президенті парламент екі палатасынан және әрбір облыс делегаттарының тұратын жиналыста сайлайды. Республика президентін жасырын дауыс беру арқылы жиналыстың көпшілікті үштен екі бөлігі даусымен сайлап өткізеді.

  3. Кейбір Федеративтік мемлекеттерде президент коллегия арқылы сайланады. Бірақ мұндай жағдайда коллегия мүшелері федерация парламенті депутаттарымен оның субъектілері өкілдерінен құралады. Мысалы Пакистан, Ислам Республикасы Конституциясына (1956 жылы) сәйкес президент дауыс берушілер коллегиясы тарапынан бес жылға сайланады. Дауыс берушілер коллегиясы ұлттық жиналысы барлық мүшелері (парламент президенттен үш жүз мүшелік бір палатадан тұрады) мен провинциалдық жиналыс мүшелерінен құралады. ФРГ –да федералдық президент Бундестаг мүшелері (парламенттің төменгі палатасы) тепе-тең түрде (ландаттар өкілдігінен) сайланған жер өкілдерінің федералдық жиналысына сайланады.

Осы қарастырылған парламенттік үш республиканы сайлауында мемлекет басшысының парламентте мандат алатынына көзіміз жетті, яғни президент билігі туынды сипатта. Ал, керісінше парламент (президенттік Республикада) президентті сайлаудан шектетілсе онда мемлекет басшысы көп өкілетті билікке ие болады.

3. Шет мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жіктелуі.

Шетел заңдарын зерттеу барысында мемлекет басшысының басқару түріне қарамастан, ерекше құқықтық мәртебеге статустерге ие болатын көреміз. Мысалы, Испания Конституциясына сәйкес Король Дон Хуань Карлос 1 Мемлекеттік институттардың дұрыс жұмыс істеуінің кепілі болады әрі Испанияның халықаралық қатынастарында жоғары өкілеттікті жүзеге асырады. Оның міндетіне заңдарды бекіту және бұзу бас көртестерді (парламент) шақыру мен тарату сондай-ақ сайлауды тағайындау референдум өткізуді жариялау өкімет басшылығына кандидатураларды ұсыну және қажет жағдайда егер конституцияда қарастырылған болса оны тағайындап немесе қызметін тоқтату өкімет басшысының ұсынысымен өкімет мүшелерін тағайындау не босату министрлер кеңесі қабылдаған деректерге қол қою әскери және азаматтық қызметкерлер тағайындау құрметті титулдар мен ерекшелік белгілерін беру кешірім құқығын жүзеге асыру корольдік академияларға жоғары қамқорлық жасауды жүзеге асыру кіреді. Король сонымен қатар елшілер мен басқа дипломатиялық өкілдерді белгілейді. Баскортестер корольге соғыс жариялау мен бітім жасасу өкілеттігін де берген.



4. Шет мемлекеттің органдарының түрлері.

Марокко корольдігінің конституциялық мәртебесі бұдан аз емес ол мысалы өкіметті құрады. Министрлер кеңесіне төрағалық етеді, заңдарды бұзады. Келісім шарттарды бекітіп, қолын қояды. Соттарды азаматтық әскери лауазымды адамдарын тағайындайды парламентті таратып жібере алады. Бірақ бұл арада біз жайды айтып кетпесек болмайды. Конституцияның 29-бабына сәйкес король елдің негізгі заңына көрсетілген өкілеттікті дәлме-дәл орындайды. Дәл осы іспетті ережелер Жапония Конституциясының 4-бабында айтылған.

Енді мемлекеттік тәжірибеге сүйене отырып басқарудың республикалық нысанына өтейік мысалы Ресей Федерациясы Конституциясының 4-тарауының мазмұнына қарасақ төмендегідей тәртіптерді көреміз. Президент конституцияның адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі бола отырып, мемлекеттік билік органдарының түсіністікпен әрі өзара байланыста қызмет етулерін қамтамасыз етеді. Президент конституцияға және федералдық заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын белгілейді. Президент мемлекетт басшысы ретінде ресей Федерациясы ішкі және халықаралық қарым-қатынастарды реттейді. Президенттік қызметіне кіріскенде президент төменгі антты қабылдапхалыққа жариялайды. Президент Президент өкілеттігін жүзеге асырудан адам мен азаматтың құқық пен бостандығын құрметтеуге Ресей Федерациясының конституциясымен сақтап оны қорғауға тәуелсіздік пен азаматтықты қорғауға мемлекеттің қауіпсідігі мен тұтастығын сақтауға халыққа адал қызмет етуге ант беремін. Ант салтанатты жағдайда федерация кеңесі мүшелерімен мемлекеттік дума депутаттары Ресей федерациясын конституциялық сотының соттар қатысуы мен айтылады. Ресей президенті өте кең өкілеттіке ие. Ол мемлекеттік дума келісімімен Ресей федерациясының өкіметті төрағасы федерация кеңесіне конституциялық соттардың лауазымына жоғары Сотқа Ресеи федерациясының Жоғарғы арбитраж сотына ресеи федерациясының бас прокурорна кандидатурасын ұсынады сондай ақ Федкрация кеңесіне Ресеи Федерациясының Бас прокурорын қызметтен босатуға ұсыныс енгізеді басқа федералдық соттардың судьяларын тағайындайды Ресеи Федерациясының әскери доктринасын бекіте Ресей федерациясы президенті өкілетті өкілдері тағайындап әрі қызметтен босатады. Ресей федерациясына қорғаныс күшінің жоғарғы қолбасшыларын тағайындап қызметтен босатады т.б. қызметтерді атқарады. Сонымен қатар президент Ресей федерациясына мемлекеттік билік органдарымен Ресей федерациясын субъектілерін мемлекеттік билік органдары арасындағы түсініспеушіліктерді де келісімдік реттерді пайдалана отырып шеше алады. Президент осындай түсініспеушіліктерді келісімдік реттер арқылы шеше алмаған жағдайда ондай таластарды соттардың шешуіне береді.

Сондай-ақ Президент егер Ресей федерациясының атқарушы билік органдарының шығаратын актілері Ресей федерациясының Конституциясына және федералдық заңдарға, Ресей федерациясының халықаралық міндеттемелеріне немесе адам мен азаматтар құқықтары мен бостандығына қайшы келеді деп тапса онда ондай заңдарда тиіс соттардың бұл мәселерді шешкендеріне дейін тоқтатта тұруға құқылы.

Сонымен көптеген шетел конституцияларының құқықтық салыстыру әдісімен талдаудың негізінде мемлекет басшысының өкілетті негізіне біртекті екендігіне (әлбетте әрелдің өзіне тәе ерекшеліктері мен сипаттары ескерлуі тиіс, сөйтіп түбінде нақты бір мемлекеттің заңдарымен ерекшеліктерін өз алдына зерттеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі екенін ескерілуге тиіс) көзіміз жетті.

5. “Биліктің бөліну” теориясы.

Сөйтіп конституциялар барлық парламент аралық органдарға Мемлекет басшысының үкіметті құруға қатысуға құқығы барлығын көрсетеді. Мысалы Италия Конституциясына сай Республика Президенті министрлер кеңесінің төрағасын тағайындайды және оның ұсынысы бойынша министрлерді де бекітеді ал Дания конституциясында король премьер министрлер тағайындап әрі қызметтен босатады олардың санымен міндеттерін белгілейді. Нидерландия корольдінің конституциясы бойынша премьер министрмен басқа да министрлер король жарлығымен тағайындалып қызметінен босатылады.

Сайып келгенде дүние жүзіндегі барлық елдерде мемлекет басшысы заңды тұрғыда өте кеңде ауқымды өкілеттіктерге ие. Мемлекет басшысы парламенттің кезекті және төтенше сессияларын шақыра алады. Сондай-ақ белгілі бір жағдайларға байланысты парламент сессиясының тоқтата алады. Парламентті таратқан жағдайда болмаса олардың өкілетті мерзімі аяқталғанына қарай жаңа сайлауды тағайындайды. Парламенттің жаңа сайлауын сайлайтын тағайындау тәртібі жайлы президент әрекетін біз төменгі нормативтік ережелерден көре аламыз.

Мысалы, Литва Республикасы Конституциясының 58-бабына сәйкес (1992 ж) мына жағдайларда сейінге кезектен тыс сайлауды Президент жариялай алады:

1. егер үкіметтің ұсынған жаңа бағдарламасын сеим тапсырырылғанын кейін 30 күн ішінде қарап шешім шығармаса немесе үкіметтің бағдарламасы бірінші тапсырылғанын кейін 60 күн ішінде қатарынан екі рет қабылданса;

2. Үкіметке сейм тікелеи сенімсіздік білдірсе, онда үкімет ұсынысы бойынша Президент сеймге кезектен тыс сайлау өткізу жайлы шешім қабылдаса, онда оның актісінде жаңа сейм сайлауы болатын күн нақты көрсетіледі. Жаңа сейм сайлауы кезектен тыс сайлау өткізу жайлы шешім қабылданған күнен бастап 3- айдан кешіктірмеи өткізілуі тиіс.

Қырғыз Республикасы Конституцисының (1993ж) 46-бабында Президент жоғары кеңестің жалпы халықтық референдум нәтижесінде кезектен тыс таратуға және жоғары кеңеске жаңа сайлауды тағайындауға құқылы деп жазылған.

Туркменстан Конституциясының (1992ж) 64-бабына сәйкес Президент егер Мәжіліс 6-ай бойына Мәжілістің басқарушы органдарын құра алмаған жағдайда не болмаса 18-ай бойына Министірлер Кабйнетіне 2 рет сенімсіздік білдірсе Мәжілісті кезектен тыс тарата алатыны айтылған.

Өзбекстан Республикасы конституцциясының (1992 ж) 95-бабына сай егер Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілісі құрамында шешілмейтін келіспеушіліктер болып әрі ол дұрыс жұмыс істеуде қатер туғызса, не болмаса конституцияғак қайшылық келтіретін шешімдерді бірнеше рет қабылдаған жағдайда Президент Ұлы мәжілісті таратуға конституциялық сотпен келісе отырып шешім шығара алады. Ұлы мәжілісті таратуға конституциялық сот пен келісе отырып шешім шығара алады. Ұлы мәжіліс таратылған жағдайда оған жаңа шағым 3 ай ішінде өткізілуі тиіс.

Мемлекет басшысына заң шығару ынтасы құқығы берілген. Ол көбінесе жолдау түрінде ( Монархты- тах сөзі ) жүзеге асыруға Парламенттік республика басшылары жолдау түрінде өз құқықтарын өте сирек пайдаланады. Ал президенттік республикаларда жолдау парламент үшін заңдық бағдарлама спетті болып табылады.

Заң шығару тәжірибесінде, айталық АҚШ-та президенттік жолдаудың 3 түрі қолданылады: Одақ жайлы жолдау; экономикалық баяндама бюджет бойынша жолдау. Бұлардың әрқайсысы да конгрес үшін заңдық бағдарлаама іспетті. Көптеген елдердің конституцияларында (Индия, Пәкістан, Кения т.б.) мемлекет басшысы парламент құрамына табиғи тұрғыдан енеді. Бұл конмтитуцияның заң тұжырымы заң жобасын тек қана мемлекет басшысы санкциялағанда ғана (бекіткенде ғана) өз күшіне ие болады. Ал санкция бермеу ( бекітпеу) жағдайында (Вето) көптеген құқықтық салдарлыр туындайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет басшысы институты: ұғымы мен мәні.

2. Мемлекет басшысының міндеттері.

3. Шет мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жіктелуі.

4. Шет мемлекеттің органдарының түрлері.

5. “Биліктің бөліну” теориясы.



14 ЛЕКЦИЯ.Тақырыбы: Шет елдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі.

Жоспары:

1. Мемлекет басшысы түсінігі.

2. Мемлекет басшысының мемлекет механизміндегі орны.

3. Президент түсінігі.

4. Президенттің құқықтық тәртібі.

5. Президентті сайлау тәртібі.


Лекцияның мақсаты: Көптеген елдердің мемлекет басшысына әдетте жоғары палата мүшелерін тағайындау өкілдігі берілген (мысалы, Италия, Индия, Венесуела) кейде мұндай құқық президентке парламенттің төменгі палатасын тағайындауға да беріледі. Міне осыны ұғыну.
Лекцияның мәтіні:

1. Мемлекет басшысы түсінігі.

Шетелдердің конституцияның (мемлекеттік) құқығы Ветолық 3 түрге бөледі:

Абсолюттік немесе резолютивті вето- мемлекет басшысы парламент қабылдаған заңды текітпей бастартқанда ол үзілді кесілді шешімді білдіреді әрі оны өзгертуге болмайды. Қазіргі кезде мұндай абсолюттік құқықты Ұлыбритания когролевасы мен Белбгия корльі иеленеді.

Салыстырмалы немесе кейінге қалдырушылық ветосы – парламент тарапынан жеңіп шығатын н.емесе уақытша сипатқа ие болатын түрі. Оның мәні мынаны білдіреді. Мемлекет басшысы қол қоймаған заң парламентке жолдаумен бірге қайтарылады. Ол екі түрлі болуы ықтимал: а) мемлекет басшысының қарсылығын қабылдап соған орай заңға қажетті өзгертулер енгізіп оны қайтадан қол қоюға жіберу: б) мемлекет басшысының қарсылығын қабылдамай заң жобасын қайтадан қабылдау.

Іріктелген Вето -өте сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайда қарсылық тек кейбір баптарға лайықты айтылады. Кәзіргі кезде мұндай құқық АҚШ штаттарының Губернаторларына берілген. Ал президент мұндай құқыққа ие емес. АҚШ-та президентке іріктелген Вето құқығын беру жайлы бірнеше мәрте ұсыныс жасалды. Әрине мұндай қосымша мәртебе заң шығару процесінде президенттің ролін күшейте түскен болар еді.

Көптеген елдердің мемлекет басшысына әдетте жоғары палата мүшелерін тағайындау өкілдігі берілген (мысалы, Италия, Индия, Венесуела) кейде мұндай құқық президентке парламенттің төменгі палатасын тағайындауға да беріледі.

Ал сыртқы саяси өкілеттік барлық елдердің конститутцияларында бір келкі беріледі. Әрине мемлекет басшысы әдетте халықаралық қарым-қатынаста елдің жоғары өкілі болып табылады. Мысалы, ФРГ-ның федералдық президенті елді халықаралық құқық негізінде танытады. Ол федерация атынан басқа мемлекеттермен келісім шарттар жасап елшілерді аккредивтев оларды қабылдайды.

Көптеген елдердің конститутциялардың мемлекет басшысына соғыс жариялап бітім жасауға құқық береді.



2. Мемлекет басшысының мемлекет механизміндегі орны.

Сондай-ақ елдің барлық аумағында немесе бір бөлігінде төтенше жағдайды мемлекет басшысының ең бір маңызды құқығымен өкілеттігі саналады. (мысалы Фаранция конститутциясының 16-бабы: Индия конститутциясының 352-бабы)

Мемлекет басшысы әдетте кешірім жасау жазаны жеңілдету немесе айырбастау сот шешімін өзгерту құқықтарына да ие болыды. Сонымен қатар құрметті атақтармен дәрежелер беруге құқылы. Міне осы тұрғыдан алғанда ФРГ-ның президенті федералдық соттармен шенеуліктерді офицерлер мен унтер-офицерлерді қызметке тағайындап орнынан алуға құқығы бар. Ол сондай-ақ қылмыскерлерге кешірім беру құқығына ие.

Көптеген елдерде мемлекет басшысының актісі тек Премьер-министр не болмаса тиісті министр қол қойғанда ғана өзінің заңды күшіне ие болады. Мұндайда мемлекет басшысы актіге соған қол қойған министр жауапкершілікте болады. осы орайда сөзіміз дәлелді болу үшін Австрия конститутциясының мысалға алғанымыз жөн. Бұл конституция бойынша Президенттің барлық актісіне канцлердің немесе тиісті министрдің қол қойып контрассигевтеуі талап етіледі.

Белгия конститутциясында Корольдің бірде бір актісі егер соны ұсынған министрдің қол қойылып осы акті үшін жауап беретіні айқындалмаса заңды күшке ие бола алмайды деп көрсетілген. әр қашанды заң күші бар актіге министрлер кеңесінің төрағасыда қол қойып растауы қажет.

Дегенмен көптеген елдерде мемлекет басшысының қызметіне нұқсан келтіріп шектейтін заңдар кездеспейтінде айта кеткеніміз орынды.

Импичмент институты көптеген Таяу шетел елдерінде де енгізілген оған мысал ретінде Ресей федерациясы конститутциясының 93- бабын алайық. Осы бапқа сәйкес федерация кеңесі мемлекеттік думаның ұсынысы негізінде президентке өз қызметінің бас тартқызуға болады. ол үшін мемлекеттік дума мемлекет басшысының мемлекетке опасыздық немесе онан өзге ауыр қылмыстар жасаған жайлы Ресей федерациясының жоғарғы сотының растаған қортындысымен Ресей федерацисының конститутциялық сотының айып қоюы белгілі тәртіп бойынша жүргізілгені жайлы қорытындысы болуы шарт.

3. Президент түсінігі.Сонымен, мемлекеттік думаның шешімі және федерация Кеңесі шешімі бойынша Президентке қызметінен бас тартқызуға процесі үшін әрбір палатаның жалпы санының үштен екісінің даусы керек.

Оның үстіне мемлекеттік дума құрған арнайы комиссияның қортындысы мен мемлекеттік дума депутаттарының үштен бірінің ынтасымен қойылуы тиіс. Мемлекеттік Думаның Президентке қарсы қойылған айыптауы ұсынылған күннен бастап үш ай мерзімінен кешіктірмей Федерация Кеңесінің Президентті өз қызметінен бас тартқызу туралы шешімі қабылдануы шарт. Егер осы мерзім ішінде федерация кеңесі шешім шығырмаса онда Президентке қойылған айып қабыл алынбады деп саналады.

Беларусь Республикасының Контитуциясының 104-бабы бойынша президент конститутциясыны бұзған немесе қылмыс жасаған жағдайда өз қызметінен алынуы мүмкін. Сондай-ақ ол өз міндеттерін денсаулығына байланысты атқара алмаса да қызметінен мезгілінен бұрын босатылады. Денсаулығына байлынысты Жоғарғы Кеңестің кемінде 70 депутаттың ұсынысымен президентті қызметінен босату туралы сайланған депутаттардың үштен екі көпшілік даусымен жоғарғы кеңес қаулы шығаруы қажет.

4. Президенттің құқықтық тәртібі.

Президент тарапынан Конституцияның бұзылғаны жайлы қортындыны Конституциялық сот береді. Ал, қылмыс жасағаны жайлы Жоғарғы Кеңестің арнайы комиссиясы қортынды шығарады. Арнайы комиссия қылмыс жасағаны жайлы қортынды шығарғаннан бастап, Президент Жоғарғы Кеңес лайықты шешім шығарғанға дейін өз қызметінен жалғастырып, міндеттерін атқара алмайды. Ал, президенттің қылмыс жасағаны анықталып, орнынан кетірілсе, оның айыптау ісін тек Республиканың Жоғарғы Соты қарайды.

“Қырғыз Республикасының Конституциялық соты жоғарғы Кеңес депутаттарының жалпы санының үштен екісі тарапынан дауыс беру негізіне сүйене отырып берген қортындысымен Қырғыз Республикасының Президентін өз қызметінен мемлекетке жасаған және т.б. қылмыстары үшін шеттетеді”-деп көрсетеді, Қырғыз Республикасының Конститутциясының 52-бабы.

5. Президентті сайлау тәртібі.

Литва Республикасының Конституциялық қарастырған заң бойынша Республика Президенті, Конститутиялық сот төрағасы мен судьялары, Жоғарғы Сот төрағасы мен судьялары, аппелляциялық соттық төрағасы мен судьялары, сейм мүшелері Конституцияны дөрекі түрде бұзғаны үшін болмаса антты бұзғаны үшін сондай-ақ жалпы сейм мүшелерінің бестен үш бөлігінің қылмыс жасағандықтары жайлы факті анықтағанда олар айналысатын қызметтерінен кетеді немесе сейм мүшесі мандатынан айырылады. Бұл импичмент процесі арқылы жүзеге асырылады. Оны сейм тәртібі (74-бап) белгілейді. Ал, Түрікменстан Конституциясының 60-бабына сәйкес президент Конституция мен заңдарды бұзса, Халық мәслихаты Президентке сенімсіздік көрсетіп, оны қызметінен алу жайлы мәселені халқтың даусына салуы мүмкін. Президентке сенімсіздік білдіру жайлы мәселені халық мәслихаты мүшелерінің үштен бірі талап еткен жағдайда қоюға болады. ал президентке сенімсіздік білдіру жайлы шешім халық мәслихаты мүшелерінің үштен екіден кем емесі дауыс бергенде қабылданады.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет