Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталды. Отырысының басында қорғаушы тарап судьядан БАҚ-қа қылмыстық іс материалдарын жариялауға тыйым салуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот

Бишімбаевтың адвокаттары судьядан БАҚ-қа қылмыстық іс материалдарын жариялауға тыйым салуды сұрады. Оларға журналистердің Бишімбаев пен Байжановтың хат алмасуын жариялағаны ұнамаған көрінеді.

Алайда жәбірленуші тарап соттың ашық әрі БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуді Бишімбаевтың өзі сұрағанын атап өтіп, бұған қарсы шықты. Сот қорғаушы тараптың өтінішін кері қайтарды.

Осыдан кейін қорғаушы тараптың Бишімбаевқа басқа сұрақтары жоқ екені анықталды. Сот жауап алуды жәбірленуші тарапқа беріп еді алайда олар экс-министр барлық оқиғаны баяндап болғаннан кейін сұрақ қоятындарын айтты.

“Біз Бишімбаев азаптап өлтіру мен адам өлтіруге қатысты барлық оқиғаны айтып берген соң сұрақ қойғымыз келеді”, – деді жәбірленуші тараптың адвокаты.

  • Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сот отырысындағы сөзін жоққа шығарды (фото)
  • Бишімбаев Салтанат Нүкенованың әкесі психикалық дертке шалдыққанын айтып сотта кикілжің шығарды

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов — қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.