Ресей президенті Владимир Путин 20 сағат үнсіздіктен соң Мәскеу облысындағы шабуылдан кейінгі күні бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vstu.ru

"Украинадағы соғысқа қатысушыларды қылмыстық жауапкершіліктен босату механизмін нақтылайтын заң болады. Заң жобасына сәйкес Ресей Федерациясының қарулы күштерімен келісімшарт жасасу кезінде қылмыстық істер тоқтатылып, жаза шартты мерзімге ауыстырылады", – деді Владимир Путин.

Сонымен қатар ол жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру мекемесін Ресей Федерациясының мемлекеттік Туын өз ғимараттары мен аумақтарына орналастыруға міндеттейтін заң қабылданатынын жеткізді.

"Көршілердің құқықтарын сақтай отырып, көпқабатты үйде пәтер жалдау тәртібі туралы заң енгізіледі. Есептегіштері жоқ пәтерлерді жалға алуға тыйым салынады", – деді Ресей президенті.

Бұдан бөлек Владимир Путин 23 наурызда Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін "Цапков" бандасының екі мүшесіне кешірім бергені белгілі болды. Бұған дейін олар Кущевская станциясында жаппай кісі өлтіргені үшін 20 жыл түрмеге қамалған еді.

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.

Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.