Танымал актриса, музыкант, блогер Айжұлдыз Адайбекова анасы Жанар Айжановаға қымбат брендтен сыйлық алып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Соңғы кезде актриса отандық театр сахналарында бой көрсетіп жүр. 

“Адамның өміріне 2 періште беріледі екен. Ол – мама және папа. Режеп айын жақсы істен бастауды жөн көрдім. Ата-анаңды қуанту үшін саған мейрам да, туған күн немесе ерекше уақыт керек емес. Сенің ең қадірлі қолыңда тұрған дүниең – уақыт. Маңызды емес, қандай сыйлық түрі: уақыт өткізу, тамақ дайындап беру, гүл сыйлау, жәй ғана сөзбен махаббатыңды жеткізу, материалдық дүние алып беру. Бәрі де жақсы. Жақсылық жасауды ұмытпаңыз! Мам, мен сізді жақсы көремін”, – деп жазды блогер. 

 

  • Айжұлдыз Адайбекова жүкті екені көрінетін сурет жариялады

  • Бес қабатты торт, 5 миллион теңге шығын: Актриса Айжұлдыз Адайбекова туған күнін дүркіретіп атап өтті

Желі қолданушылары актрисаның ұлын анасы бағып отырғандықтан, жиі сыйлық беруің орынды десіп жатыр. Өз кезегінде Жанар Айжанова да немересін қызынан қызғанып қалатынын жасырмай айтып жүр. 

“Қазір қызымның баласын бағып жатырмын ғой. Қызым келе жатқанда "ақ мамаң келе жатыр" деп айтамын. Ал үйде немерем ұйқыға кеткенде қызым баланың қасына жатады да, мен аулақ кетемін. Сонда немерем анасының қойнына кіріп, иіскелеп, пысылдап жатады. Қызғанады екенсің. Жаман болып қаламын. Әжелерді енді түсініп жүрмін. Біздің халқымызда немересіне жанын беруге дайын тұратындай мейірім барын мақтанышпен айтуға болады", деген еді Adal adam youtube арнасына берген сұхбатында. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.