Негізгі бөлім Банктер мен банктен тыс мекемелерд



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/5
Дата30.03.2018
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

  2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.

  3. Корпоративтік табыс салығы.

  4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.

  5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі

  6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

  7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі

  8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.

Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.

Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.

Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі етіп кеткен карыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен кауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жакты зерттеледі.

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша турінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесі оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, болса, кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін.

Әдетте, қарыз (ссуды) шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған жерінде ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілгенөтініш-міндеттемесін ұсынуы керек.


  1. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖУРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ


Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.

Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындардың құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы), сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешіін табуы мүмкін.

Алматы сауда қаржылық банкісіне несие алу тілегін білдіру

Алматы қ. «28» маусым 2002 ж.
Қарыз сұраушы: «АЛСИ» ЖШС .

Мекен жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2, үй 8 .

Реквизиті: Қазақстан Халық Банкісі, СН 600400063768, ИИК 3467726, Кбе 17, БИК 190501956

Несиенің мақсаты: ТМҚ алу .

Несие сомасы: 500000 (бес жүз) мың АҚШ доллары .

Несие мерзімі: 6 (алты) ай .

Несиенің игеру графигі .

Несиенің өтеу графигі .

Несиенің тұрі .

Қамтамасыз ету .

(кепілдік, гарантия, алынатын (алынуы тиіс) шоттары)

Қаржыландыру көзі .

(өз қаражаты, банкі несиесі)

Несиені өтеудің көзі .
Басшы:

Бас бухгалтер

М.О.





Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың.) өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.

Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.

Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады.қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған қндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «Кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандырі соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнына несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.

Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарызданушы банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі. Ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.

Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есепьтен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндег» ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.

Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануының және қамсыздандырылуын тексері нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.

Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.

Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.

Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 "Банк несиелері" шоты кредиттеледі. Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.

Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 "Банк несиесі" шотына: "Мерзіміңде өтелмеген ссудалар" немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және 3380 "Төленуге тиісті процснтгер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.


Жылдық қарыз Несиенің

пайыздың х қалдығы х берілген : 360 күн

мөлшерлемесі күнінің саны

Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік



Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы теңге

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

03.01.2002 ж есеп айырысу шотына несие аударылды

1105600

1040

3010

2

Келісімшарттың жағдайына сәйкес несие қаражатын пайдаланған мерзіміне есептелген пайызы:

-3 І тоқсан

8000х141,8х20%х90/360=56720 теңге

-4 ІІ тоқсан

8000х142,6х20%х90/360=57040 теңге

-5 ІІІ тоқсан

8000х142,75х20%х90/360=57100 теңге

-6 IV тоқсан

8000х142,75х20%х90/360=57800 теңге

Несиенің нақты сомасы 28.02.2001 ж. өтелді, 2001 жылдың екі айына есептелген пайыз сомасы – 38100 теңге (8000х145,3х20%х59/360). Алынған несие бойынша барлық есептелген пайызы 266760теңге. (56720+57040+57100+57800+38100)

266760

7310

7320

4160

3

Есептелген пайыз сомасы төленді

266760

4160

1040

4

Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді, яғни 8000 АҚШ долларының эквивалентінде

-7 алғашқы алынған несие сомасы

-8 бағамдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, айырма сомасы-56800 теңге (8000х145,3-8000х138,2)

1103600

3010

7450

7460

1040

1040

Шетелдік валютада алынган несиенің есебі. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға құкылы. Несие занды тұлға-резиденттерге қолма-қолсыз, яғни акшасыз тәртіпте ғана беріледі. Валюталық құңдылыктарды өкілетті банк-кепілдік ретінде занды тұлға-резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және ол шетел және ұлттык валютада беріледі.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес, егер олардын сомасы 100 мың доллардан және 120 күннен аспаса. Бұлардын, қатарына каржылық лизингі де жатады.

Несиені алған кезде 1010 немесе 1050 шоттары дебеттеліп, 4010 шоты кредиттеледі. Ал егерде алынған несие кайтарылса, онда 4010 шоты дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі, 4010 шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі жүргізіледі.

Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге үстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.

Ипотека жагдайында кепілге салынғаң мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші түлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.

Ипотека несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды камтамасыз етеді.

Егер де келісім-шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да кұқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, кондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да кол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұракты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім-шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының кұкығы ипотекалық куәлік берілуімен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады.

Ипотекалық куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бүл ипотекалық құқықтын баска тұлғаға берілгендігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқыкта берілген түлғанын толық аты-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық түрғыда (толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәләктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса. онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол кояды, ал егерде ол бірінші болмаса, онда осынын алдындағы жазып берген тұлға кол қояды.

Басқа да несие операцияларын есепке алу. Жоғарыда айтылғандай, несие берудің баскд түрлері 4030 "Басқа да несиелер" шотында есебі жүргізіледі. 4030-шы шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары, кызметтері) және берілген вексельдері есепке алынады.

Тауарларды (жумыстарды, қызметтерді) алу ушін берілетін вексельдердің есебі. Сатып алушы сенімхат арқылы жабдыктаушыдан жеткізілген тауармен (жұмыспен, кызметпен) есеп айырысу кезІнде жай немесе аудармалы вексельді пайдалануы мүмкін.

Вексель ұстаушы жабдыктаушылармен, мердігерлермен және баска да кредиторлармен есеп айырысуда берілген вексельмен қамтамасыз етілген карызын 4030 шотта есепке алады.

Пайыздық вексель бойынша 4030 шотка "Берілген вексель" деп аталатын субшотың ашуды ұсынады.

Пайыздык вексельдің пайызсыз вексельден айырмашылығы, олар өзінің номиналдык (аталуы) құнына пайызды қоспайды, ал пайыздыкта ол қосылып келеді.

Пайызсыз вексельде пайыз мөлшерлемесі көрсетілмейді, бірак, марапаттау сомасын анықтайды. Пайызсыз берілген вексельге 4030 "Берілген вексельдің сомасынан марапаттау сомасы шегерілген" және 4030 "Берілген вексель бойынша марапаттау сомасы" деген косымша екі субшоттар ашылуы мүмкін.

Пайыздық вексель бойынша

Пайыссыз вексель бойынша

Алғашқыда, марапаттау сомасы, толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді

2160 шоты дебеттеліп, 3380 шоты кредиттеледі

1620 шоты дебеттеліп, 4030 «берілген вексель бойынша марапаттау сомасы» субшоты кредиттеледі

Содан соң, есептік кезеңнің барысында тең үлесте есептелген пайыздық сомасы шығысқа жатқызылады

7310 шоты дебеттеліп, 1620 шоты кредиттеледі

7310 шоты дебеттеліп, 1620 шоты кредиттеледі


Индоссамент бойынша векселді беру операцияларының есебі. Кез-келген жай немесе аудармалы вексель индоссамент арқылы берілетін жазуы айналысқа түсуі мүмкін, яғни осы вексель бойынша бір түлға екінші бір тұлғаға өз құқығын, яғни қойылатын шарттардан басқаларын береді, демек вексель ұстаушы аударма вексельде, "бұйрығын емес", бірақ соған ұқсас мағынадағы сөзді көрсетеді.

Барлык субъектілер өзінің берген вексельдерін акцептесе де, индоссанттаса немесе оған аваль қойса яғни макұлдаса да вексель ұстаушының алдында бәрібір ортақ жауап береді, яғни міндетті болып табылады. Сондықтан вексельді беру индоссанттау жолымен жүргізілсе, онда индоссанттардың міндеттемесі вексель ұстаушылардың алдында сақталады, бірақ ол шартты түрде баланстан тыс шоттарда көрініс табады. Егер де белгіленген мерзімде вексельді алушылар немесе үшінші тұлғалар (трассаттар)төлемесе, онда олар өз қүқығын индоссанттарға карсы түрған регресстерге сатуына болады. Бұл кезде индоссант есепте көрсетілген өз міндеттемесін қалпына келтіреді.

Облигацияларды сату жолымен тартылган заемдық қаражаттар бойынша операциялар. Облигация — оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландыратын және көзделген мерзім ішінде осы облигацияның номиналдық. кұнын белгіленген процентімен (шығару шартында өзгеше көзделмесе) өз ұстаушысына (тұлғасына) өтеп беру міндеттемесін растайтын құнды кағаз. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның шығарылған шартымен сәйкес ол бойынша марапаттауды (мүддені) алуға құқығын береді. Облигация өзінің шығарылған мақсатына, пайызды төлеу процедурасына, қамтамасыз ету мен өтеу шартына байланысты, ол (облигация): — есеп айырысатын, қайта қаржыландыратын, жай, табысты, иесі жазулы, ұсынуға арналған, және арнайы арналымы қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Облигацияны шығару, әдетте, бірнеше кезеңнен тұрады:

- облигацияны шығару туралы шешім қабылдау;

- шығарудын жобасын әзірлеу және тіркеу;

- облигацияны инвесторлар ортасына орналастыру;

- шығару туралы есеп беруді тіркеу, екінші рет олардың нарығын ұйымдастыру. Нарық капиталында ол (облигация) бірнеше тәсілдердің көмегімен

орналастырылады. Батыс елдерінде облигацияны таратудың ең көп жайылған жолы айдеррайтинг болып табылады, Оның мәні: бүкіл шығарылған облигацияның көлемі банк пен компанияның келіскен бағасы бойынша инвестициялық банктерге сатылады. Бұл кезде банк өзіне коммерциялық тәуекелділікті алады және қор нарығында оны ең жоғары бағаға сатуды көздейді. Алынған және сатылған бағаның айырмасы банкінін айдеррайтинг операциясын жүзеге асырғаны үшіи алатын төлемін кұрайды. Облигацияны сатудың екінші тәсілі – инвестициямен шұғылданатын фирмалардың,жеке тұлғалардың тікелей сатумен жүзеге асырылады.

Көп жағдайда облигацияның баланстық құны нарықтық құнымен сәйкес келе бермейді, өйткені оның деигейіне біршама факторлар әсер етеді, атап айтқанда:

  1. номиналдық (аталы) құны - төлеу мерзімі жеткен кезде, карызданушының телейтін сомасы;

  2. өтеу мерзімі кредиторға номиналдық кұнын төлейтін күні;

  3. пайызды төлейтін күні;

  4. жарияланған пайыздық мөлшерлемесі — белгілі бір мерзім уақыты өткеннен кейін қарызданушы кредиторға төлейтін марапаттау сомасы.

Облигация шығарушы кәсіпорын жарияланған пайыз мөлшерлемесінің нарықтық пайыздық мөлшерлемеге жақын болып белгіленгенін калайды және ол өзінің белгіленуінде облигацияның номиналдық құнын негізге алады. Нарықтық пайыздың мелшерлемесі - облигация бойынша инвестициялык нарықта төленетін сомасын негізге алады, демек ол карыз бен тәуекелділік жағдайына ұқсас келеді. Нарықтық пайыздың мөлшерлемесі күннен күнге, әр күн сайын тербеліске үшырайтын болғандықтан, номиналдық пайыздық мөлшерлемесі, әдетте, нарықтық пайыздық мөлшерлемесімен сәйкес келе бермейді.

Егер де нарықтық пайыздың мөлшерлемесі номиналдықтан жоғары болса, онда шығарылатын облигацияның құны номиналдық құнынан төмен болады және шығарылатын облигациясы жеңілдіктермен шығарылады. Егер де нарықтық пайыздың мөлшерлемесі номинальдықтан төмен болса, онда шығарылатын облигацияның құны номиналдықтан жоғары болады және шығарылатын облигацияның пайдасы қоса есептелініп шығарылады.

Облигацины шығару туралы айтқанда, оны (яғни, облигацияны) кез келген

кәсіпорын шығара алмайтындығын есте ұстаған жөн. Егер оған деген инвесторлардың кызығушылығы болмаса, нақты бір инвестициондық бағдарламамен жасалмаса, онда оны шығарудың мәні де жоқ болады. Сондықтан ол негізінен үлкен кәсіпорындар үшін тиімді болуы мүмкін. Сол үшін облигацияны шығармастан бүрын,оның барлық болашақ параметрлерін мұқият зерттеу керек.

Кәсіпорын қызметкерлері үшін берілетін банк несиелерін есепке алу. Кәсіпорын өз кызметкерлеріне банктен жеке түрғын-үй құрылысына, саябақ үйлерінің қүрылысына және т.б. мақсаттарға алған қарыздары бойынша делдал ролін атқара алады. Несиелеу, несиені рәсімдеу және оларды өтеу тәртібі банкі ережелерімен және несиелік келісім-шартымен реттеледі, онда олардың мерзімі, пайыздың мөлшерлемесі, өтеу тәртібі, берілетін несиенің қамтамасыз етілуі (козғалмайтын мүлік, автомобиль, занды тұлғаның төлем қабілеттілігі) көрсетіледі.

Несиені алу үшін келесі құжаттарды банкіге ұсынуы керек:

  1. төлқүжаты, яғни несие рәсімделетін тұлғаның жеке куәлігі;

  2. жұбайының (ерінің, әйелінің) құжаты;

  3. салық төлеушінің тіркелген нөмірі (СТН немесе РНН);

  4. неке туралы куәлік;

  5. балалардың тууы туралы куәлігі;

  6. жүмыс ісгейтін орнынан алған анықтамасы, яғни соңғы 12 айдың ішіндегі орташа жалақысы, оңда бас бухгалтердің қолы және кәсіпорынның мөрі болуы тиіс;

  7. қарыз алушының. орташа табысы туралы анықтама;

  8. кепілдік бойынша қүжаты. Жоғарыда аталған максаттарға алынған несиелер бойынша банктермен есеп айырысуды есепке алу үшін 4030 шотгың «Қьізметкерлер үшін банк несиелері» деп аталатын аралық шоты (субшоты) колданады. Қәсіпорынның алынған қарыздары бойынша қызметкерлермен есеп айырысу үшін 1251 "Жүмыскерлердің жәңе басқа тұлғалардаң карыздары" деген щотында есепке алынады.

Алған қарыздарды өтеу кезінде 1040, 1010 шоты кредиттеліп. 4030 шоты дебеттеледі. Банк үшін төленетін пайызын есептегенде 1251 шоты дсбеттеліп, 4030 шоты кредиттеліп; содан соң сол есептелінген пайызды төлеген кезде 4030 дебеттеліп жөне 1040 немесе 1010 шоттары кредиттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет