Негізгі бөлім Банктер мен банктен тыс мекемелерд


Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі



жүктеу 0.79 Mb.
бет2/5
Дата30.03.2018
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5
2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
Салық міндеттемесі мемлеқет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады жөне ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі кабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалык және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды,

алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салыктың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен баска да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сөйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және баска да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құкьіғы Қазакстан Республикасының зан органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек ғана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінІң міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердін мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқада міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен баска да міндетті төлемдері есептелінеді.

Казакстан Республикасындағы салыкқ заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

Корпоративтік табыс салығы.

Корпоративтік салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, онын деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұракты мекемелер арқылы кызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы аркылы анықтайды:

Салық жылдық табыс шегерімдер

салынатын табыс жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығыиа: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және баска да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа каражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнынын өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың кұндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; баска да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивидентгер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау керек:

  1. дивиденттер, ҚР занды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;

  2. кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

  3. мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;

  4. әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің қүны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

  5. мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың

  6. зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сөйкес алынған инвестициондық табыстары.

Занды түлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шыгындар кемітіледі, оның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ак Қазақстан Республикасының зандарымен реттелетін Мемлекеттік әлсуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.

Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет бабымен іс-сапарга кетікен шығындары және өкілеттік шыгыстары Қазакстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:

- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ оронға жасалған шығындары жатады;

- шетелдік іс-сапарда жүрген кезіңдегі тәулік щығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынган сыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйакы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылык лизинг бойынша да, депозиттер,сондай-ақ мүліктер де теңгемен алынса (немесе орналастырылса),онда Қазақстан Реслубликасының Үлттык банкісі бекіткен қайта каржыландырудын 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салык төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейіңде шегерім жасауға рұксат етіледі.

Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы – негізінен Қазакстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.

Резервтік (провизиялық) қорларга аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз кызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратың жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жәніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай қүқықтар банктерге де, үйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазакстан Республикасының Ұлттык банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аныктайды.

Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жасалган шыгындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.

Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шыгыстарға шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары-бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру кызметі Қаржы Министрлігінің кадғалауында болады. Банкі жүйесі де осы процесскс қатысты болғандыктан, оларды календарлық қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жаткызуына құқысы бар.

Әлеуметтік төлемдерге арналган шыгыстар бойынша шегерімдер. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезенде шегере алады. Кызметкерлсрдің денсаулығының зақымдауына, байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-а асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да зандарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.

Табиги ресурстардыгеологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалган шыгыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар; бағалау, жасақтау жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, қоммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жұзеге асады, ол кезде олардың:

  1. пайдалы қазбалардіосату кезінде алынған табьістары;

  2. жылдык табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.

Теріс багамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамынын айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасынан шығады,

Ескерілмей калған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. Кұрылыска алынған кредиттер (заемдар) бойынша теріс бағамды қайырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына коса алынады.

Айыппұлдарда, өсімдерде, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.

Салықтарды шегеріс жасау. Бүл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдык жиынтық табыс аныкталғанға дейінгі салыктар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезендер үшін ағымдағы салык кезеңінде төленген салыктар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтык кезенде өткен кезендер үшін төленген салык кай кезенде төленсе,сол кезеңнің шегеріміне жаткызылады.

Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге-салык төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдык емес активтер жатады. Негізгі құрал-жабдыктардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульворлар, скверлер; аяқталмаган күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толыгымен шегеріске жатқызылган негізгі қүрал-жабдықтардың құны; инвестіциялық жобалардың шеңберінде пайдалануга берілген негізгі қүралдар. Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мелшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтірілді.

Салық төлеуші өз еркі бойынша баска да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құкылы, бірак ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған күрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық күрал-жабдыктардың құны; салык телеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.

Ғимараттар, қондырғылар, құрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке анықталады. Салыктык кезеңнін соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың қны анықталады:

Салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер мынадай құны бойынша алынған құны – бастапқы құнынан алуға байланысты шығыстар, өндіру, салу, монтаждау және орнату шығындары кіреді; жарық капиталынасалым ретінде алынған – құны бойынша, алыс-еріс актісі бойынша анықталады, бірақ нарықтық құнынан жоғары болмауы тиіс

Салықтық кезеңнің басына топ ішіндегілердің баланстық құны(өткен салық кезеңінің соңындағы топ ішіндегілерінің баланстық құны,амортизациялық аударым сомасының азайғаны, жөндеу жұмыстары жүргізілшендері және есептен шыққандары ескеріліп, жасалған түзетулері)

Салықтық кезеңде есептен шыққан тіркелген активтер мынадай құны бойынша сату және қаржылық лизингіге берген кезінде – сату құны бойынша; жарлық капиталына салым ретінде берген кезде – бастапқы құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады; есетен шығарған, жоғалтқан, бүлінген кезінде (егер де сақтандыру қоры бар болса) – құны төленген сақтандыру сомасынан алынады, яғни сақтандыру келісімшартына, сақтандыру ұйымдарының төлеген сомасы бойынша анықталады; есептен шығарылған жоғалтқан, бүлінген кезінде (егерде сақтандыру қоры жоқ болса) баланстық құны бойынша; тегін берген кезде – баланстың құны бойынша

Жарлық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі кұралдардын баланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық кұнын төмендетеді.

Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша) тіркелген активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.

Каржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген актив баланстық құнында көрсетілген болса, онда оны берген кезда лизингі беруші өз балансынан азайта алады.

Жөндетуге жумсалатын шыгыстар бойынша шегерімдер. Шегерім әрбір ішкі топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының аяғындағы құндык балансынын 15 пайызының шегінде шегеріледі. Аталған шектен асатын сома ішкі топтың баланстық құнын арттырады. Егер ол Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебінен жүргізілген жөндеу болса, онда олардың баланстық құны арттырылмайды және шығыстар шегерімге де жатпайды.

Салык салынатын табысты аныктаған кезде жылдык жиынтык табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:

- жылдык жиынтык табысты алумен байланысты емес шығыстар;

- күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;

- мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;

- жылдық жиынтык табысты алумен байланысты болса да, бірак Салык Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жаткызылмайды;

Қазакстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің баска да сомасы;

- кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;

- тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.

Кәсіпкерлік кызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ак салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, кондырғылардан тарткан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге калдырыладьг.

Бағалы кағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың кұнын есірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге калдырылуы мүмкін.
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 "Кейінге калдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салык есебінің талаптарындағы айырманын нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында каралған және есеп стандарттармен қарастырылған кағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық емепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен аныкталады.

Бүл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгіқұүрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі күнның, сондай-ақ акша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік кызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің тендігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ак уақытша айырмашылықтардан салықтык тиімділік туындайды.

Тұрақты айырмашылықтар — бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылыктар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұракты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:

- жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылык жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

  1. бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

  2. нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең, шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді.

  3. коршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезен, шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтык, табыстан шегеруге жатпайды;

  4. марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығыска жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;

  5. несие бойынша, соның ішінде қаржылык лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта каржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

  6. сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;

  7. кәсіпкерлік қызметіңде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.

  8. және баска да шығыстары;

Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде баска есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан біріңде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға:

  1. материалдык емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортнзациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебіндетек калдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ак екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.

  1. бухгалтерлік есепте негізгі кұралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;

  2. 15% асқан сомасы нсгізгі құралдың құндық балансына косылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

  3. бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салык есебінде аталған зиянды құнның есімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;

  4. салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын коспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық кана алынады;

  5. теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады.

Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезендердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;

Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюга болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уакытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.

Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сөйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.

Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шотында көрініс табады.

Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысыңда, өзіне мынаны енгізеді:

- салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша аныкталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет