Негізгі функционалдық міндеттері



жүктеу 81.65 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі81.65 Kb.
түріКонкурс









Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, 160000, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 97, электронды адресі 7252380@prokuror.kz, анықтама телефоны: (8-7252) 53-47-42, факс: (8-7252) 53-47-42, төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лазымдар бойынша жалпы конкурс жариялайды:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Аппаратының бас маманы (БАҚ жұмыс жасау бойынша) (С-О-5 санаты, 1 бірлік)
Негізгі функционалдық міндеттері: Прокуратура органдарының қызметі жайлы қоғамды ақпараттандыру мақсатында БАҚ прокуратура органдарын өзара әрекеттестіруді үйлестіреді және ұйымдастырады; Имидждік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша прокуратураның қызметін жоспарлайды, медиа жоспарларды дайындайды және жүзеге асырады, ПР-акциялар өткізеді (пресс-конференция, брифингтар және т.б.) БАҚ талдау және мониторинг; Облыс прокуратурасының және төмен тұрған прокуратуралардың ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастырады, құқық түсіндіру қызметінің жағдайын талдайды, оның аймақтағы заңдылықтың жағдайына әсер етуін талдайды, жұмыстың тиімділігін жоғарылату бойынша әдістерді іздестіреді; Имидждік бағдарламаны жүзеге асыру сұрағы бойынша статистикалық есепті жүргізеді. Қызметкерлердің БАҚ сөз сөйлеулерін ұйымдастырады (баспа-, теле-, радио-, электрондық). БАҚ үшін баспасөз хабарламаларын және ақпараттық хаттар дайындайды және оларды интернет ведомстволық сайтқа орналастырады; Нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрықтарын мемлекеттік және орыс тілдерінде бақылаудағы даналарын ұстау жолымен заңнаманы жүйелендіруді жүргізеді; Басшының жұмысын жасау және қамтамасыз ету бойынша техникалық қызметтер атқарады, оның тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.

Жоғары білімі: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика).
2. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Аппаратының

бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік)
Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде құжаттандыру және құжаттарды басқару Ережелеріне сәйкес (әрі қарай – Ереже), барлық кіріс және шығыс хат хабарларын, сонымен қатар «ҚБПҮ» белгісі бар хат-хабарларды бағыты бойынша іріктеуді, бастапқы өңдеуді, тіркеуді, жүйелендіруді, есебін, қабылдауды және әрі қарай жолдауды жүргізеді; Бекітілген құрылымдық бөлімшеде іс жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді; Тиісті тізімдер жүргізу арқылы құрылымдық бөлімшелермен жоғары тұрған прокуратуралардың тапсырмаларын орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, электрондық құжаттарды лайықты рәсімдеу және өтініштер бойынша қағаз түріндегі қадағалау өндірістерін жүргізеді; Орындалған құжаттарды бекітілген номенклатураға сәйкес істерге топтастырады, азаматтардың өтініштері бойынша қадағалау өндірістерін қалыптастырады; Іс жүргізумен аяқталған барлық құжаттардың ведомстволық мұрағатта үнемі, сонымен қатар уақытша сақталуына іріктеу, есебін және сақталуын жүзеге асырады; Ведомстволық ақпараттық жүйелерде және мәліметтер базасында бекітілген формаға сәйкес тиісті бөліктерді қалыптастырады және толтырады; Басшының жұмысын жасау және қамтамасыз ету бойынша техникалық қызметтер атқарады, оның тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.

Жоғары білімі: құқық.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік)
Негізгі функционалдық міндеттері: Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындайды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жоспарына өзгерістер енгізеді, мемлекеттік сатып алу порталында өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы хабарламалар мен қорытындыларын жариялайды, мемлекеттік сатып алу бойынша айлық есебін мерзімінде дайындайды, келіп түскен сұранымдарға талдау жасайды, материалдық-техникалық жабдықтау бойынша, бюджеттік сұранымға есептерді дайындайды, мемлекеттік сатып алу веб порталында қазынашылық органдарында тіркеу мен төлем жасалғаннан кейін орындалған келісім-шарттардың тізілімін жүргізеді, жеткізушілермен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың келісім шарттарын мерзімінде орындауын бақылауға алады, конкурстық рәсімдерін өткізеді, жабықтаушы ұйымдар мен кәсіпорындармен коммуналдық қызметтердің келіп түсуіне тауарлардың, жұмыстардың және басқадай қызметтерді көрсету бойынша шарттарды жасайды(хаттаманың негізінде конкурстың нәтижелері бойынша), өз міндеттерін орындамаған жеке және заңды тұлғалары жайында сот органдарына қауылым арыздарды дайындайды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу саласында Қазақстан Республикасының Заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.

Жоғары білімі: құқық.
Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» конституциялық заңын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын білуі.



Қажетті құзыреттер бойынша: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына» (ары қарай –Қағида) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн осы мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте акредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс үшін - жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты:



www. kyzmet.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет