Заңгер Бағдат Амандосов ҚазҰУ студенттерінің аты-жөні мен жеке деректері жазылған тізімнің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kaznu.kz 

Заңгердің айтуынша, тізімде аты-жөні мен жеке деректері тарап кеткен студенттер университеттен моральдық шығын өтеуді талап ете алады. 

"Егер университет студенттердің жеке деректерін таратқаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тізімдегі студенттер мен жәбірленушілер сотқа моральдық шығынды ақшалай түрде өндіру туралы талап қоюға құқылы", – дейді заңгер.

Алайда бұл университет сот үкімімен кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда ғана мүмкін болмақ.

Сондай-ақ заңгер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерінің де ақпарат таратуға кінәлі екенін айтты.

"Әрине, қызметкердің кәсіби салғырттығы да бар. Себебі, ол өзіне келген құжатты қарап шығып, жалпы топқа тек студенттердің аты-жөнін жіберуі керек еді. Тергеу барысында бәрі белгілі болады", – деді Бағдат Амандосов.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасы жеке деректерді тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.