Некоторые итоги



жүктеу 22.7 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі22.7 Kb.

Алматы облысының 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

ӨНЕРКӘСІП


Өнеркәсіпте 95,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 104,9% құрады.

Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1,4% құрайды, есепті кезеңде 1,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 78,7% құрап, 74,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 18,8% құрайды (17,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 1,1% құрады (1,1 млрд. теңге).

Өнеркәсіпте жаңа 3 нысан іске қосылып, екі өндірісті кеңейту есебінен қосымша 56 жұмыс орны құрылды.



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Ауыл шаруашылығында жалпы 33,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 101,4% құрады.

33,8 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді (2016 жылдың сәйкес кезеңіне 97,5%), тиісінше сүт – 89,1 мың тонна (106,0%), жұмыртқа – 168,5 млн. дана (105,2%).

Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара – 978,1 мың бас (2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,6%), қой мен ешкі – 3449,9 (101,1), жылқы – 281,7 (104,7) және құс – 9176,6 мың бас (106,8%).

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 938,2 мың гектар жерге егілуі жоспарланған немесе өткен жылдың деңгейінен 6,0 мың гектарға артық.

43,4 мың тонна (94,2%) сапаға тексерілді, барлық тұқым кондициялы. Тексерілген тұқымнан 1 классқа – 34,3%, 2-ге – 59,3% жатқызылды.

Егін науқанына тракторлардың дайындығы 87%, тұқым сепкіштер және соқалардың – 92%, қопсытқыштардың – 91%.

Жылдың басынан 1,2 млрд. теңгеге 52 дана ауылшаруашылық техника сатып алынды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 24,5 мың тонна дизельдік отын бөлінді (наурызға – 8,0 мың тонна, сәуір – 8,0, мамыр – 8,5).
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 70,9% құрады.

Инвестицияның негізгі көлемі – 16,9 млрд. теңге немесе 66,3% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен – 2,8 млрд.теңге немесе 11,0%, жергілікті бюджеттен – 1,6 млрд. теңге немесе 6,3%, банк несиелері – 0,7 млрд.теңге немесе 2,7% және басқа да несие қаражаттары – 3,5 млрд.теңге немесе 13,7%.



БЮДЖЕТ

2017 жылдың 1 наурызына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 57,5 млрд. теңгені құрап, болжам 114,4% орындалды.

Республикалық бюджетке – 24,8 млрд. теңге түсті немесе болжам 108,8% орындалды, жергілікті бюджетке – 32,7 млрд. теңге (119,1%).

Бюджет кірістерінің негізгі көздері: акциздер – 54,5%, қосымша құн салығы – 17,5%, жеке табыс салығы – 7,4%, корпоротивтік табыс салығы – 6,3%, әлеуметтік салық – 5,2%.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыста 1805 жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 7075 адамның 2408-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 1020 адам жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмек 68,3 мың алушыға 398,0 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: аз қамтылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға – (26,1 мың адамға) 140,0 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – (1,9 мың алушыға) 25,0 млн. теңге.



Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (2016 ж. 4 тоқсанына).

2016 жылдың ІV тоқсанында бір қызметкердің орташа нақты еңбекақысы 16,7% артып, 110,8 мың теңгені құрады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет