Некоторые итоги



жүктеу 20.95 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі20.95 Kb.

Алматы облысының 2018 жылдың қаңтар айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

ӨНЕРКӘСІП


Өнеркәсіпте 52,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 100,5% құрады.

Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1% құрайды, есепті кезеңде 0,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 78,8% құрап, 41,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 19,1% құрайды (10,1 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 1,1% құрады (0,6 млрд. теңге).

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Ауыл шаруашылығында жалпы 18,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 101,0% құрады.

19,2 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді (2017 жылдың сәйкес кезеңіне 102,8%), тиісінше сүт – 47,5 мың тонна (100,7%), жұмыртқа – 85,4 млн. дана (97,9%).

Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара – 965,7 мың бас (2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 104,1%), қой мен ешкі – 3399,1 (102,9), жылқы – 293,6 (104,2) және құс – 9183,2 мың бас (109,0%).

Қазіргі кезде облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері тұқымдарды тазалау, олардың сапасын тексеру және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

2018 жылдың 13 ақпанына берілген жедел мәліметтер бойынша жаздық дәнді дақылдардың 28579 мың тонна тұқымының сапасы тексерілді, бұл құйылған тұқым көлемінің 100%-і, тексерілген тұқымның барлығы кондициалы болып табылады және олардың 41,3%-і 1-ші, 54,2%-і 2-ші, 4,5%-і 3-ші класқа жатқызылды.

Жалпы облыс бойынша тракторлардың дайындығы – 79%, тұқым сепкіштердің – 82%, соқалардың – 85%, қопсытқыштардың – 82% құрады.


НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылдың қаңтар айында 14,6 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 100,3% құрады.

Инвестицияның негізгі көлемі – 773,3 млн. теңге немесе 87,3% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен – 72,9 млн. теңге немесе 0,5%, банк несиелері – 525 млн. теңге немесе 3,6% және басқа да несие қаражаттары – 1263 млн. теңге немесе 8,6%.


БЮДЖЕТ

2017 жылдың 1 ақпанына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 33,3 млрд. теңгені құрап, болжам 137,7% орындалды.

Республикалық бюджетке – 11,2 млрд. теңге түсті немесе болжам 141,2% орындалды, жергілікті бюджетке – 22,1 млрд. теңге (136,1%).

Бюджет кірістерінің негізгі көздері: акциздер – 62,6%, қосымша құн салығы – 8,2%, жеке табыс салығы – 7%, корпоротивтік табыс салығы – 6%, әлеуметтік салық – 4,7%.

Есепті кезеңге берешек 8,1 млрд. теңгені құрады (2017 жылдың 1 ақпанына 6,6 млрд. теңге).
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2018 жылдың қаңтар айында облыста 631 жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 4855 адамның 612-сі жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 10120 адам жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмекті 0,3 млн. теңге көлемінде 25 адам алды.



Жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады (2017 ж. 3 тоқсанына).

2017 жылы орташа айлық еңбекақы 4,8%-ке артып, 109,7 мың теңгені құрады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет