Некоторые итоги



жүктеу 24.89 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі24.89 Kb.

Алматы облысының 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

ӨНЕРКӘСІП


Өнеркәсіпте 400,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 100,9% құрады.

Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 2,2% құрайды, есепті кезеңде 8,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 82% құрап, 328,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 14,8% құрайды (59,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 1,0% құрады (3,9 млрд. теңге).

Тамақ өнеркәсібінде 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда етті қайта өңдеу және консервілеу – 12,5%-ке, балық – 36%, өсімдік және мал майы мен тоң май өндіру – 29,4%, сүт өнімдерін өндіру – 5,2% артып, сусындар өндірісі – 8,7%, темекі өнімдері – 6,3% төмендеді.

Өнеркәсіпте жаңа 34 нысан іске қосылып, 15 өндірісті кеңейту есебінен қосымша 1032 жұмыс орны құрылды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Ауыл шаруашылығында жалпы 250,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 101,1% құрады.

183,1 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ке өсті, тиісінше сүт – 476,8 мың тонна (100,9%), жұмыртқа – 691,5 млн. дана (100,5%), қырқылған жүн – 8,2 мың тонна (101,5%).

Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара – 1084,0 мың бас (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,1%), қой мен ешкі – 4078,4 (101,5%), шошқа – 110,7 мың бас (102,4%), жылқы – 315,1 (103,6%) және құс – 8911,6 мың бас (101,8%).

2016 жылдың 13 қыркүйегіне 335,3 мың гектар дәнді дақылдар жиналып, орташа өнімділігі бір гектардан 20,3 центнерді құрады (2015ж. – 19,5 ц/га), жалпы түсімі 680,8 мың тонна.

39,1 мың гектар картоптың 22,4 мың гектары жиналып, әр гектардан өнімділігі 184 центнерді құрады (2015ж. – 172,7 ц/га), жалпы түсімі 411,4 мың тонна.

31,7 мың гектар көкөністің 26,3 мың гектары жиналып, өнімділігі бір гектардан 279,2 центнерді құрады (2015ж. – 270,9 ц/га), жалпы түсімі 735 мың тонна.

Жем-шөп дайындау науқаны жалғасуда, 1908,2 мың тонна шөп дайындалды немесе белгіленген жоспардың 94,7%, 106,6 мың тонна пішендеме немесе 112%, сабан – 175,9 мың тонна немесе 80,8%.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында 321,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 100,2% құрады.

Инвестицияның негізгі көлемі – 190,4 млрд. теңге немесе 59,2% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен – 28,2 млрд. теңге немесе 8,8%, жергілікті бюджеттен – 34,0 млрд. теңге немесе 10,6%, банк несиелері – 10,2 млрд. теңге немесе 3,2% және басқа да несие қаражаттары – 58,7 млрд. теңге немесе 18,2%.



БЮДЖЕТ

2016 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 168,4 млрд. теңгені құрап, болжам 109,0% орындалды.

Республикалық бюджетке – 79,6 млрд. теңге түсті немесе болжам 112,2% орындалды, жергілікті бюджетке – 88,8 млрд. теңге (106,2%).

Бюджет кірістерінің негізгі көздері: қосымша құн салығы – 24,1%, корпоротивтік табыс салығы – 8,3%, акциздер – 32,2%, жеке табыс салығы – 11,1%, әлеуметтік салық – 7,6%, мүлік салығы – 4,9%.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыста 17229 жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 32830 адамның 24800-і жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 6422 адам, мамандыққа даярлауға – 1389 адам жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасындағы 104,8 мың алушыға 1529,8 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: 18 жасқа дейінгі балаларға – (38,9 мың адамға) 525,8 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – (2,8 мың алушыға) 72,2 млн. теңге.



Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады (2016 жылдың 2 тоқсанына).

2016 жылдың ІІ тоқсанында орташа нақты еңбекақы 16,5% артып, 107634 теңгені құрады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет